7-сынып информатика: Paint графикалық редакторының құралдары бойынша сабақ жоспары

Күні: 10. 04. 2014

Сыныбы: 7 «а»

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Искаков М

І. Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редакторының құралдары.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) Әрбір оқушыны шығармашылыққа баулу.

ә) Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

б) Жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

ІҮ. Сабақтың әдісі: ИБО (интер белсенді оқыту)

Сабақтың

кезеңдері

Мазмұны

Қолданылған

тәсілдер

Үйренушілерге қойылатын сұрақтар
Оқушыларға берілетін тапсырмалар
Сабақтыңкезеңдері: І. Проблеманы айқындау
Мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут),

Оқушыларға сәттілік тілек айту.

Оқушылар тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды, «не білемін?», «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап іздейді. (8 минут),

Қолданылғантәсілдер:

Топқа бөлу,

Ой қозғау, ойлан, жұптас, пікірлес, топпен жұмыс жасау.

Үйренушілерге қойылатын сұрақтар:

Топтастыру

Суретті өңдейді сақтайды

Paint

Комп. бағдаралама граф. редактор

Оқушыларға берілетін тапсырмалар:

Өз ойларын ортаға салу.

Топпен жұмыс жасау.

Сабақтыңкезеңдері: ІІ. Проблеманы шешу
Мазмұны:

Екі топқа сегіз құралдан беріледі.

Кітаптан 5 минут оқып, әр оқушы құралдардың қызметін интерактивті тақтаға шығып жазады (10 минут) .

Қолданылғантәсілдер: Топтық тапсырмалар
Үйренушілерге қойылатын сұрақтар:

1 топ

Оқушыларға берілетін тапсырмалар:

2 топ

Пікір алмасу

Ой жарыстыру

Ойларын өз беттерінше қорытындылау.

Сабақтыңкезеңдері:
Мазмұны: Техникалық диктант (5 минут)
Қолданылғантәсілдер: Карточкалар таратылады
Үйренушілерге қойылатын сұрақтар: Графикалық редактор сурет салуға, графикалық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама. Бағдарлама мынадай терезе элеметтерінен тұрады . Негізгі түсті таңдау үшін тышқанның батырмасын, фонды таңдау үшін батырмасын шертеміз. Мәзір қатары мына әрекеттерден тұрады . . . Ақпарат сөзі латын тілінен аударғанда . . . мағына береді.
Оқушыларға берілетін тапсырмалар: Әр оқушы жеке орындайды
Сабақтыңкезеңдері: ІІІ. Проблема-ның шешімін қолдану
Мазмұны: Практикалық жұмыс (15 минут)
Қолданылғантәсілдер: Екі топқа деңгейлік тапсырмалар
Үйренушілерге қойылатын сұрақтар:
Оқушыларға берілетін тапсырмалар: Компьютермен жұмыс жасау

Үй тапсырмасы: Құралдарды және олардың қызметін жаттау (2 минут) ,

Оқушыларды бағалау: топ бойынша және жекелеп (3 минут) .

Жаңа тақырып бойынша бекіту. Практикум, деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар 1.

1. Рaint бағдарламасын жүкте.

2. Бүріккіш құралының көмегімен төмендегі суретті сал.

3. Суретке «Гүлдер» атын беріп сақта.

Тапсырма 2. Берілген жұмбақтың шешуінің бейнесін сал

1. Көк лағым көгенде жатып семіреді (Ұршық) .

2. Екі ұшы мен екі құлағы бар,

Біріккен екі пышағы бар (Қайшы) .

3. Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар (Тасбақа) .

4. Күнді бағып тұрады,

Күнге басын бұрады (Күнбағыс) .

5. Үй үстінде ұсақ тас (Жұлдыз) .

6. Шыр-шыр етеді, Құлағыңнан өтеді. Ұстай қалсаң, Сөйлеп кетеді.

7. Үш көзді тұр алып, үш көзі тұр анық.

8. Қыста көп оның керегі, даярлап отын береді (Балта) .

9. Ұшы үшкір абай бол,

Жүріп өтсе қалар жол (Ине) .

10. Доп емес допқа ұқсайды,

Үрлемесең ұшпайды.

11. Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.

12. Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу балпаңдап.

ІІІ. 1. Рaint бағдарламасын жүкте.

2. Жыл мезгілдеріне сурет салу

1. Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Білсеңдер айт балалар,

Бұл қай кезде болады? (Қыс)

2. Өрік алма,

Шие, алша,

Жидек жүзім піседі.

Білсеңдер, айт балалар,

Бұл қай кезде болады? (Жаз)


Ұқсас жұмыстар
PAINT графикалық редакторының құралдары бойынша сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Paint графикалық редакторының құралдары: сабақ жоспары
7 сыныпқа арналған сабақ жоспары: Paint графикалық редакторының құралдары
7-сынып: Paint графикалық редакторының құралдары мен түстер палитрасы - сабақ жоспары
Paint графикалық редакторының құралдары: теориялық-практикалық сабақ жоспары
7-сынып информатика сабағы: Paint графикалық редакторының негізгі құралдары мен сурет салу әдістері
7-сынып информатикасы: Paint графикалық редакторының құралдары мен қолдану әдістері
Информатика пәні: PAINT графикалық редакторының құралдары - қысқа мерзімді сабақ жоспары (7а сынып, 15.04.2014, 45 мин)
Paint графикалық редакторының құралдары мен қолдану алгоритмдері
Paint графикалық редакторының құралдары мен практикалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz