Менің жұлдызды сәтім

Сабақтың тақырыбы: « Менің жұлдызды сәтім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық:
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Итнерактивті тақта, компьютер, презентация, конверттер
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Сөз тапқанға»
3. «Ойлан, тап!»
4. «Сен білесің бе?»
5. «Кім жылдам?»
6. «Өнерпаз болсаң»
7. Қорытынды
Барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
математика жайында
Сайысты біз бастаймыз
¬ Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!
¬ Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың
1-ші кезеңі «Таныстыруды»
Сөз кезегін «1 топ_» және «2 топ» топтарына береміз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен - дей отыра келесі кезеңді бастайық.
2-ші кезеңі «Сөз тапқанға»
Мұнда әр ойыншы бір-бірден мақал-мәтелдегі жасырын сөзді табу керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1. Жалқаудың өмірі босқа өтер
Іздеген …. . жетер. Мұрат
2. Елді қу бұзады, сүтті …. бұзады. Су
3. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі … біл. Білім
4. Жері байдың - … бай. Елі
5. Жамандық аяқ астында
Жақсылық …. . басында . Ағаш
6. Тұз астың дәмін келтірер
Мақал…. . мәнін келтірер Сөз
Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Сұрағыма жауап бер, қымсынбай- ақ.
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар. - дей келе сайысымызды бастаймыз.
3-ші кезеңі «Ойлан, тап!»
№ 1. Жұмбақ есеп
Көпті көрген қария немересін есепшілікке баулу мақсатымен жас баланың жадына тез жазылып кететін жұмбақ есептерді жиірек айтып жүреді.
- Алты аяғы бар, тал таяғы бар, арқасында құйырығы бар, адамнын бұйрығы бар. Ол не нәрсе? - дейді ата бір күні.
- Ол кәдімгі таразы, - деп немересі бірден жауап береді.
Шал немересінің тапқырлығына қуанып, тағы бір жұмбақ есеп айтады:
Он екі түйе, он жылқы,
Тоғыз сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бол күлкі.
Бала санын есептеп : « бәрі қырық бір екен», - дегенде, шалдың өзі күліп жібереді.
Қария немересінің нені білмегеніне күлді.
Жауабы: Атасы немересінен жануарлардың қанша айда туатынын сұрады.
№2. Жұмбақ есеп
Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгімені айтады. Әкесі жеті жасар Саятты базарға жұмсапты . Оған бір тиын беріп : «Үш нәрсе сатып әкел», - депті. Саят базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.
¬ Балам - ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, - депті әке.
¬ Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе, - депті сонда бала.
¬ Қалайша үшеу? - деп сұрапты әке таңданып.
Саят әкесінің сұрағына не деп жауап берді екен?
Жауабы: Баланың «үш нәрсе» дегені: қауынның қабығы, шырыны, дәні.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер- дей келесі сайысымызды бастаймыз.
4-ші кезеңі «Сен білесің бе?»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz