Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің педагогикалық ұстанымым

Эссе
<<Менің педагогикалық ұстанымым>>
<<Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында>> Н.Ә. Назарбаев.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың <<Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ>> атты Жолдауының еліміз үшін маңызы айрықша.Өйткені, елдік құжатта қоғамға, адамға деген мемлекеттің қамқорлығы сезіледі. Аталған стратегиялық жоспар - мәңгілік еліміздің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз-дегі білім беру жүйелері мен білім беру мазмұны жаңару жолында. Оның басты себептері әлемдік өркениетке ілесе отырып, елімізді бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу идеясы болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін оның әр азаматы өзіне <<қандай үлес қоса аламын?>> деген сауал қойып, үдесінен шыға алуы керек. Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз. (Абай.) Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. <<Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман>>,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: <<Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді>>. Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді. Оқу әдісі - білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірліктегі іс-әрекеті қимыл-тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді. Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап. Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына, оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалімдер-дің шеберлігін арттыр - жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеу,тиянақтылыққа, ұстамдылық-қа тәрбиелеу,жауапкершілігін артады Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбиелеп шығуымыз сөзсіз. Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не?( Психологтар <<ұстаным>> ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді.) Оқыту үдерісінде қалыптасқан көз-қарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі. Педагогикалық ұстаным - бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез - құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары - оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. Менің география пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым: <<Маған айтып берсең - ұмытып қалармын, көрсетсең - есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын>> (Конфуций.) Білім берудегі мен таңдаған педагогикалық ұстанымның негізгі мәні - оқушылардың ой - өрісін жан-жақты дамыту, оларға қәзіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу.Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз, баланың жан дүниесін, рухани өсуін, қабілеті мен дарынының анықталып кең өрістеуі, парасатты ой мен адамгершілік көзқарасының қалыптасуы болып табылады. Қазіргі таңда нәтижеге бағыттап білім беруге байланысты оқытудың әдісі, тәсілі және формалары тиімді және оқушының жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізілуі қажет. Бұл жағдайда оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану және құзыреттілікке бағыттау уақыт талабына айналып отыр. Мен таңдаған педагогикалық ұстанымның басымдықтары мен мазмұны оқытуда жеке тұлғаның қабілеттерін дамытуға көңіл бөледі. Ол оқыту кезінде тұлғаның ғылыми және қолданбалы білімді қабылдау, түсіну қабілеттерін есепке алуды талап етеді. Қазіргі кезде білім беру нәтижесі болып тек оның мөлшері ғана емес, сонымен қатар алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалану, алған білімдерін кез келген жағдайда өмірде пайдалану, жекебасының қабілеттерін дамыту мақсатында қолдана білу мүмкіндігі де есептеледі. Ал мен таңдаған педагогикалық ұстанымның негізгі құндылықтары, менің ойымша, гографиялық білімнің сапасын арттыудағы ең маңыздысы, ол дегеніміз оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуде оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру және алға қойған мақсаттарының шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеру. Мектептегі географияны оқыту үрдісі, жаратылыстану-ғылымы және әлеуметтік-экономикалық білімнің жалпы жүйесінен тұратын білім, білік, дағдыны қалыптастыратын үрдіс. Ондағы міндет - оқыту үрдісін ұйымдастыруды дамыта оқытумен қамтамасыз ету. Дамыта оқытудың ең басты жүйесі - оқыту үрдісін оқушының санасына бағыттау. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында сабақтарымда электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны, тірек сызбанұсқаларды, сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын пайдалана отырып, оқушыларды өздіктерінен шығармашылық ізденіске бағыттаймын. Еліміздегі өзгерістер мен білім беру жүйесінде болып жатқан жаңалықтар <<мектептің жүрегі>> боған мұғалімдер алдына жауапты да маңызды міндеттер қойып отыр. Білім мен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен жобаны іске асырып отырған елімізде білім жоғары деңгейде қарқынды дамитынына сенімім мол. <<Шәкіртсіз-ұстаз тұл>>- демекші, мен әрқашан оқушыларыммен бірге өмір сүремін. Ақтау қаласы. Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 3 жалпы білім беру орта мектебі М.М. География пәні мұғалімі: Матова Улбулсин Утегеновна.



Ұқсас жұмыстар
Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым
Менің ұстаздық ұстанымым
Бағалау өлшемдері
Менің педагогикалық ұстанымым жайлы ақпарат
Тәрбиеге менің көзқарасым
Эссе Мен мұғалім деген атқа лайықпын
Менің кәсіби ұстанымым
Тәрбиеші болу - бір бақыт
Менің тәрбиеге байланысты көзқарасым
Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі
Пәндер