Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Мектепте дирижерлық тәртіппен ән үйрену жолдары
Сарысай негізгі мектебі
Б а я н д а м а
Тақырыбы:
« Мектепте дирижерлық тәртіппен ән үйрену жолдары»
Баяндамашы: Сарманов Боранғали Аманғалиұлы
2008-2009 оқу жылы
Дирижерлық тәртіппен ән үйрену жолдары.
Дирижер – «Диригер» француз тілінен алынған. Ол басқару,
бағыттау деген мағынаны білдіреді. Дирижер оркестр мен хорды , опералық
музыканы басқарады . Оның міндеті музыкалық шығармалардың көркемдік
жағын , мазмұнын талдап көрсетіп , орындаушыларға түсіндіру және
шығарманың біркелкі жатық , үнінің таза болып шығуын талап ету .
Дирижердің міндеттері көп. Ол - әрі тәрбиеші , әрі оркестрді
ұйымдастырушы және басқарушы , музыкалық шығарманы музыканттарға
үйретіп түсіндіруші , сайып келгенде сол оркестрді концертте басқарып
шығарушы. Мұның бәрі дирижерлық қызметтің бір саласы ғана. Шығарманың
мазмұнын , сипатын , стилін және формасын жете танып , оны оркестр
мүшелеріне барынша ұғындыруды дирижер міндетінің ең бастысы деп білу
қажет. Дирижерлық аппарат деп оның негізгі міндеттерін атқаруға
бірден-бір көмекшісі болып , үздіксіз жұмыс жасайтын дене құрылысын
айтамыз. Дирижерлық аппаратқа жататын дене құрылысы мыналар.
Бас,кеуде,екі қол және екі аяқ . Дирижерлық өнер ең алдымен осы
мүшелердің қимылы дұрыс сақтап, оны дұрыс пайдаланудан басталады .
Дирижердың сырт тұлғасы сымбатты,көрікті болуға тиіс . ол оркестр
немесе хор алдында тұрғанда ,оған тек орындаушылар ғана емес ,сондай-ақ
тыңдаушылар да назар аударуға тиіс .
Дирижердың тұрғысы сыпайы, тұлғасы тік және сымбатты болуы
керек . мұндай жағдайда кеуде сәл көтеріңкі ,бас тік ұсталып,көз
қиығы бір жаққа аударылады,қол бос ұсталып,төмен түсірілуі керек ,
кеуденің қозғалысы да дирижердың еркін қимылдауына ешқандай кедергі
жасамауы тиіс . Аяқтың екі арсы тым алшақ болмай, шамамен 45 градустай
қашықтықта сол аяқ және оң аяқ жарты адымдай сәл ілгері тұруы қажет .
Кеуде құрылысын игеріп болғаннан кейін ,енді біз дирижерлық
аппараттың негізі-қол жайында сөз етуімізге болады . Дирижер екі
қолымен бет қимылдары арқылы ,оркестр мен хор мүшелерінің назарын
өзіне аударып,шығарманың мазмұны мен қуатын рындаушыларға ұғындырады
. Қол қимылы арқылы дирижер негізгі практикалық әдістерін жүзеге
асырады . Дирижердың екі қолы – музыкалық шығармалардың ішкі астарын,
мазмұнын кеңінен талдап , баяндап беретін құралы .
Ол-ойдың,сананың тілшісі,шығарма авторының музыкалық,шығармашылық
ой-қиялын орындаушы ұжым күшімен тыңдаушыларға жеткізетін
дирижердың басты аспабы .
Дирижерлық сызбаға кіріспестен бұрын ,ең алдымен музыка құрылысының
метрикалық өлшемдері жайында тоқталып өтеміз.Бір-біріне байланысты
,бірақ жеке сөздерден құралған өзіміздің әдеттегі сөйлеміміз сияқты
,музыка сөздері де әр түрлі дыбыстардан тұрады,бір-бірімен белгілі
байланысы бар дыбыстар музыкалық сөйлемдер құрайды . Өзара үйлесімі
жоқ, ұнамсыз және ретсіз дыбыстардан құралған әуендер,әрине ,музыкаға
жатпайды . Ол тек жағымсыз,түсініксіз дыбыстардың жинағы болып шығады .
Егер біз белгілі бір музыкалық шығарманы көңіл қоя тыңдасақ, оның жеке-
жеке сөйлемдерден құралып,белгілі бір музыкалық ой білдіретінін
байқаймыз . Біз алты буыннан құралған музыка сазын есептейміз. Олардың
ұзақтығы жағынан бірдей екенін ажырату қиын емес. Музыкалық
шығармалардың ұзақтығы жағынан біб-біріне тең музыкалық буындарын музыка
тілінде период деп атайды. Әсіресе марш , би сияқты тағы басқа музыка
саздарынан мұны айқын естуге болады. Бұл орынды да , өйткені марш , би
музыкалары адамның жүріс – тұрысына байланысты , демек , оның қимылы бір
өлшемде , бір екпінмен есептеледі.Метр. Музыкалық шығармаларды
тыңдағанда , біз мезгіл – мезгіл қайталанып отыратын дыбыстарды естиміз.
Олардың аралары уақыт жағынан бір-біріне тең , бірдей. Мысалы екі
ширектен немесе үш ширектен кейін музыкада ( акцентті ) дыбыстар
кездеседі делік. Мезгіл – мезгіл екпіннің ( акцент ) бұлай үйлесіп
келуін метр деп атайды. Ал , акценттің өзі метрикалық акценттер деп
атайды. Музыкалық шығарманы не аспаппен, не дауыспен орындағанда
өзгелерінен қаттырақ естілетінін де байқауға болады. Басқаша айтқанда ,
дыбыстың екпінді бірінші бөлігі Дирижерлық алғашқы қол қимылының
төмен түсіріп көрсететініне дәл келеді.Музыкалық екпіннің мәні зор. Ол
поэзияда жиі кездеседі. Егер музыкада екпіндер дұрыс пайдаланылмаса , ол
құлаққа жағымсыз болар еді. Такт. Белгілі бір мезгілде қайталанып
келетін екпін нота сызығында , әр уақытта акцентпен орындалып , нота
алдында тік сызықшамен белгіленеді. Екпінді ойналатын нотаны көрсететін
бұл сызықты такт сызығы дейміз.
[pic]
Дирижерлық көрсеткіштердің негізгі түрлері.
Екі өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш.
Екі өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіш . Әр өлшемдегі дирижерлық
көрсеткіш белгілерін жеңіл түсініп , тез игеру үшін , ең алдымен оның жай ,
қарапайым үлгісімен танысып алған жөн. Одан кейін барып музыкалық
шығарманың мазмұны мен сипатына байланысты түрлі өлшемде жүретін
пластикалық дирижерлық көрсеткіштерге көшуге болады.
Екі есебінде жазылған музыкалық шығарма қолды төмен және жоғары
көтеріп көрсету арқылы орындалады. Оның схемасын сызып көрсеткенде былай
болады.
2.
Сол қол
Бірақ такт үлесін айтарлықтай ыңғайлырақ және түсінікті етіп
көрсету үшін , және қол көзге көріктірек болып көріну үшін , қол үлесте
доға сияқтанып төмен түседі де , одан кейін тағы да доға сияқтанып екінші
үлесте жоғары қарай қимыл жасайды.
Үш өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш.
Үш есебіндегі дирижерлық көрсеткіші қолдың үш қимылынан құралады. Төмен
, оң жаққа қарай және жоғары қозғалу. Әрбір санның , үлестің алғашқы
басталуы қолдың қоспа буыны арқылы жеңіл және анық көрсетілуі тиіс. Үш
есебінде пластикалық ( фигуралық ) қимыл жасау жоғарыда көрсетілген
жай көрсеткіштен гөрі айтарлықтай өзгеше келеді. Мұнда тек бір есебіне (
үлесіне ) келетін тактының салмақты үлесі қолмен төмен және тура
көрсетіледі де , қалған екі үлестегі қимылдар доға сияқтанып иіліп ,
әуелі оңға не солға , содан соң барып жоғары көтеріледі.
3.
3.
Сол қол
Оң қол
2. 1.
1. 2.
Үш есебіне дирижерлық көрсеткіштерін игеріп алғаннан кейін
бұдан бұрын айтқанымыздай жеңіл , өзімізге таныс , аса тез ойналатын
шығармаларды алып жаттығуға болады. Жаттыққанда музыкалық шығарманы таңдап
, оның мазмұны мен характеріне мән бере отырып , оны түсінуге талаптану
керек. Оң қол мен сол қолдың қимылына , дирижерлық көрсеткіштердің такт
үлестеріне , дұрыс және тура келуіне ерекше назар аудару керек. Тек осындай
жауапты міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана айтарлықтай нәтижеге жетуге
болады.
Төрт өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш.
Төрт есебіндегі дирижерлық көрсеткіш төрт түрлі қимылдан
жасалады , яғни төмен , солға , оңға және жоғары қарай қозғау қимылдары
арқылы:
Мысалы:
4.
4.
Сол қол
Оң қол
Музыка пәні оқытуда әндерде кездесетін екі,үш және төрт ширектік
өлшемдерді санап айтуға және оның дирижерлық қимылдарын үйренуге
тапсырма беремін . Бұл-әннің бірқалыпты және мәнерлі шығуына әсер етеді
. Міне,мектепте айтылатын әндердің негізгі өлшемдері жөнінде түсініктердің
мән-мағынасы осы . Өнер-халық тарихының шежіресі . Өнерде
өмір,тіршілік құбылыстары,адамның күйініш-суйініші,қуанышы мен қайғысы
бейнеленеді . Сөз,музыка,қолөнер де адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан
алуан түрлі сыр шертеді . қзазақ халқының салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы ұлттық
өнер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасты . Соның ішінде музыканың алатын
орны ерекше .
Бабаларымыз көшпелі өмір салты кезінің өзінде-ақ , балалардың
музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген . Кешқұрым
киіз үйге жиналып, қосылып ән айтып,күй тарту үрдісін өнер мектебі
деуге болады . Музыкалық тәрбиені ақын-жыршы,сал-сері,күйшілер
жүргізген . Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер кқрсетуі балалардың
музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған .
Музыка пәні сабақтарының негізгі мақсаттары мынадай :
1.Оқушыларға әндер үйретіп,оларды дұрыс айта білуге үйрету .
2.Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай бідуге үйрету .
3.Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын
үйретіп,нотамен ән айтуға баулу.
4.Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеру,жаттықтыру.
Балаларға музыканы оқытудың тиімді жақтары баланың көркемдік
әлемге деген ынтасын ояту , қызықтыру,оқущыда әуен-сазынан көркем
ьейне таба ьбілу сияқты мақсаттардан көрінеді . Ұстаздың белгілі бір
ән-күй,шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі
сөзбен ,іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету
әдістемесі деп аталып , ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін
береді . Үлгі көрсету,жаттығулар көрсету ән-күй сабағына деген
қызығушылықты оятады .
Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын талаптар :
1)Әндердің жоғарғы көркемдігі,еркін орындалу мүмкіндігі қаралады .
2)Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу , қиындық
туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу.
3)Үйренетін әнге қызығушылық тудыратын әңгіме айту , оқушы қияынұщтау.
4)Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету.
5)Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес.Онда шығарманың
мінезін анықтау .
6)Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып,әнді үйрену
кезеңі .
Осы талаптарды мен сабақта үнемі орындауға тырысамын .Мысалы,5-
сыныпта сазгер Ә.Бейсеуовтың «Біз шадыман баламыз» әнін үйреткенде
орындалуы тез,ноталары қысқа 16-лық түрде жазылғаны және шығарма
мінезі ашық дауыста екендігі туралы,мажорлық тоналдылықта
жазылғандылығы жөнінде ақыл-кеңес,әңгіме жүргіземін .
Әнді жаңадан үйрену жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге
болады :
1)Ұстаздың өзі орындап көрсетуі;
2)Ноталық жазбаны қолдану;
3)Ән әуенін жай екпінде,жеке фраза ,шумақтармен үйрену ;
4)Ән интонациясы мен ырғағының өте дәл орындалуын қадағалау;
5)Әннің жеке кейбір қиындау жерлерін бөліп қарау;
6)Ән мәтінінің логикалық шыңын анықтау,дикциямен жұмыс істеу.
7)Ұстаз бен оқушының әнді орындау жоспарын ойластыруы;
8)Екі,үш дауысты әндерді үйренуді әр дауысты жеке көрсетуден бастау
керек . Дауыстарды қосуды біртіндеп сатылап жүргізу ;
9)Ән үйренуде дирижёрлық әдістерді қолдану.
4-сыныпта сазгер М.Сағатовтың «Туған ел» әнін дирижерлық әдіспен
үйрету барысында әннің шумағы 2/4 өлшемімен айтылып,ал қайырмасы 3/4
өлшеміне өзгереді . Міне ,осы тұста екпін де өзгереді.Осы әннің қиын
жерін жеке бөліп қарап, оқушылардың нотадан ауытқуын қадағалаймен .
Музыка әуені тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің
негізінде қалыптасқаны жөн . Ол үшін оқушыны ,ең алдымен,сезім
байлығын дамытуға,есту,есте сақтау ,қиялды ұштау және шығармашылық
еңбекке үйреткен тиімді . Оқушыларды музыканы қабылдауға қызықтырып
отыру – ұстаздың басты борышы. Мысалы,5-сыныпта «Дәстүрлі күйшілік өнер»
тақырыбын өткенде күй және күй түрлері туралы мәлімет беріліп және
күйші композиторлардың өмірі,шығармашылығымен таныстырып,тыңдатып
оқушыларды сезім әлеміне жетелеймін .
Музыканың түсінікті,әсерлі болып қабылдануы үшін мұғалімнің алдын
ала жоспарлаған дайындық жұмыстары,көркемдік ,педагогикалық ,музыкалық
талдаулары ,әсерлі әңгіме,суреттемелері оқушының музыка қабылдау
сезімін дамытып,оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі .Мұғалім оқушыларға
музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп
бергені жөн . Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады :
1. Мелодиялық есту.
2.Гармониялық есту.
Мелодиялық есту қабілеті естілге,әуен-сазды дәл қайталау арқылы
көрінеді . 3-сыныпта Ы.Алтынсариннің «кел,балалар,оқылық» атты өлеңіне
жазылған әнді үйретуде мұғалімге онша қиыншылық тумайды.себебі, әннің
сөзі оқушыларға таныс . Гармониялық есту түрі бірнеше дыбыстар
(аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады . Мысалы,6-сыныпта
сазгер А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнінің дыбыстарын ажыратуды ,әнді
тыңдауды және дұрыс орындауды үйретемін . себебі,ән екі дауысқа
жазылған .
Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын,көркем ойын
түсінуге,оны сезіммен қабылдауға,шығармалардың дыбыстық
құрамын,ырғақтық,тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын,формалық
стилін анықтауға негіз болады .
Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап,олардың
аттарын,формасын,дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді . Әуенді
мәнерлі ,таза айтып,оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың
музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді . Оқушылар әуеннің
(әннің) ырғағын дәл сезіне білу үшін олармен музыкалық-ырғақтық
ойындар,түрлі жауап-сұрақтар,ырғақтық диктанттар және т.б.өткізіп
отырамын . Сонымен қатар, оқушылардың музыкалық есту,ырғақ сезіну
қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, классик композиторлардың
қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын сабақ үрдісінде қолданып,
пәнге деген ынта-зейінін оятамын . Оқушылардың музыкалық-шығармашылық
қабілеттерін дамыту үшін халықтың қарапайым әуен-саздарын ,мақал-
мәтелдерін,балалар өлеңдерін т.б. қолданып,сөзжұмбақтар
құрастыруға,сөзтізбелер жасауға және т.б. баулимын,әуен жарысын
ұйымдастырамын.
Музыка сабағы негізгі үш бөлімнен тұрады:ән үйрену,музыка тыңдау
және музыкалқ сауатты ашу.Ал,сабақ арқауы оқушылар-ұстаз-музыка.ал
ұстаздың басты міндеті оқушыларға музыканың мағынасына ,көркем ойына
терең үңіліп,өмірдің музыка өнеріен байланыстыру,оны сезінуге,музыкалық
білімнің негізін қабылдауға,шығармашылық үрдіске баулуға үйрету екенін
айтып өтуге болады . Көрнекті музыка қайраткері Б.Ф.Асафьев «...Әрбір
музыкалық элемент,термин түсіндірілуі үшін оған оқушының алдын ала
алған өзіндік хабары болуы тиіс»,-деп жазған . мысалы,5-сыныпта
«Қозғау белгілері» , «Минорлық дыбыс қатарларының құрылысы» тақырыбын
меңгерту үшін мажорды және минорды көп тыңдаттырып, дыбыс бояуын
ажырата білуге жаттықтырамын .
Ән салу адам жанының сұлулығын,ой мен ақыл қабілетінің арта
түсінуіне,көркемдік,сезімталдық ,интеллектуалдық қасиеттерінің дамуына
септігін тигізері сөзсіз екендігін айта кетуге болады . Өз іс-
тәжірибемде жасөспірімдерді ән айту, ән өнеріне тәрбиелеуде қол
жеткен жетістіктерім осыны дәлелдейді .
Пайдаланылған әдебиеттер :
1. «Қазақтың 200 әні».Т.Бекқожин.Алматы,1972.
2. «Элементарная теория музыки»В.Вахролиев.Москва,1984.
3. «Бастауыш мектеп»журналы.№7,2001.
4. Музыка оқулықтары
5. Музыкалық әдістемелер
6. «Домбыра үйрену мектебі» А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов.
Алматы 1992.
7. «Домбыра үйрену мектебі» Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Алматы 1961.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz