Менің мектебім: синоним, антоним және омонимдерді оқыту сабағы

Тақырыбы: Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним.
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың синоним, антоним, омонимге тән белгілері мен ұқсастықтарын игеруіне, тақырып аясында
сөздік қорларының арттырылуына ықпал ету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырып аясында ауызекі сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тіл өнеріне, сыйластыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түйінді идеялары: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр түрлі деңгейдегі балалардың диалогтік әңгіме, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы қол жеткізетін білім, білік, дағдыларының дамуын көздейді. Берілген жұмыс формалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына, өздерін бағалай білу, реттеу қабілеттерінің дамуына, оқуға деген ынталарының артуына ықпалын тигізеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, «Айналмалы шеңбер» ойыны, рөлдік ойын, өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта (Power Point презентациясы), магнитті тақта, түрлі-түсті стикерлер, ватман, маркерлер, үлестірме кеспелер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдас-тыру кезеңі:
Ауызекі сөйлесу
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Қане, балалар сабақты бір-бірімізге жақсы сөз айтудан бастайықшы!
- Өте жақсы, жарайсыңдар!
- Сыныпта бүгін кім кезекші?
- Сыныпта бүгін кім жоқ?
- Үй жұмысы қандай болды?
- Рақмет, отыра ғой. (2 минут)
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
(Диалог: мұғалім-оқушы,
оқушы-оқушы)
Өзін-өзі реттеу.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
(Диалог) )
(Тақтаға бүгінгі күнді жазу)
Оқушыларға түрлі-түсті қағаз тарату.
-Балалар, сендерге түрлі-түсті қағаз таратылды. Бірдей түстер бір топқа жиналыңдар.
- Мінеки, 4 топ пайда болды. Өте жақсы, бүгін сендер осылай жұмыс істейсіңдер.
- Балалар, бүгін сабақта сендер өздеріңді бағалай аласыңдар. Ол үшін әр топ қазір 1 минут ойланып, 2 бағалау критерийлерін тақтаға жазасыңдар.
- Алдарыңда бағалау парақтары жатыр, сол парақтарда көп нүктенің орнына өздерің ойлап тапқан критерийлерді жазып алыңдар. (2 минут)
- Сабақ барысында сендер, 4 тапсырма орындайсыңдар, оған қоса, үй жұмысына қатысу тағы бар, сол бойынша өздеріңе 5 баға қоясыңдар. Соңғы қорытынды бағаны мұғалім, яғни, мен қоямын.
1-тапсырма
- Алдарыңда флипчарт жатыр, сол флипчартта Венн диаграммасы сызулы, бір жақта «мектеп», екінші жағында «мектеп өмірі» деп жазулы тұр. Екі жақтың өзіне тән ерекше белгілерін жазып, ортасына ұқсастықтарын жазыңдар. (1 минут)
Тапсырма: Сабақтың лексикалық және грамматикалық тақырыбы қандай?
(Топтан спикер немесе бірнеше спикерлер шығып флипчарттарын қорғайды) (2 минут)
- Ендеше, сабақтың мақсаты қандай? (Осы сұрақтарға жауап іздеп, табу)
2-тапсырма
- Алдарыңдағы үлестірме кеспелерде жауаптар қатары берілген.
Тапсырма: жауапқа сай сұрақ құрастырыңдар, сол сұрақтарды оқып, басқа оқушылардың жауаптарымен салыстырыңдар. (4 минут)
Зат немесе құбылыс атауы.
(Сөз дегеніміз не?)
Бірнеше сөздің мағыналық байланысқа түскен тобы.
(Сөз тіркесі дегеніміз не?)
Түсіндірме сөздіктерде берілетін сөздің мағынасы.
(Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не?)
Сөздің түбірін, жұрнағын, жалғауын анықтайтын мағынасы.
(Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз не?)
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
(Формативті бағалау)
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.
( Венн диаграммасы. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтай білу)
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.
(Негізгі дерекөздерге сәйкес сұрақтар қою)
3-тапсырма
- Алдарыңдағы үлестірме кеспелерде «мектеп» тақырыбына негізгі сөздер қатары берілген. Сендер сол қатардан тыс сөзді таңдап, таңдауларыңды түсіндірулерің керек. (4 минут)