Файл қосу

Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі


Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы
Сейіт Салима

9 сынып
Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларғатақырып бойынша алған
білімдерін пысықтап,аса маңызды білім
элементтерін
берік қалыптастыру.
2. Дамытушылық. Өздігінен жұмыс істеуге
үйрету,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
3. Тәрбиелілік.Оқушылардың саяси көзқарасын

қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтан:
• Голощекиннің хаты үзінді.
• Цифрлар-фактілер
• Сталинге хат(үзінді)
• Суреттер
• Көтерілістің талаптары

Жазылған слайд – схема таблица.
Сабақтың әдісі: Оқушылардың өзіндік жұмыстарын зерттеу, сахналық қойылым.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақта пайдаланылған жаңа технология элементтері: 1. Дамыта оқыту

2.Деңгейлеп оқыту
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру - С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін
тыңдау арқылы тақырыпты ашу.
2) Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасының барысы.
1. Ұжымдастыру кезіндегі ауыл бейнесі

(оқушылар орындаған тапсырмалардың жауаптары)
1-тапсырмасы.
- Уа кімсің?
- Шаруамыз
- Қайдан келесіз?
- Ауылдан келеміз
- Ауылың қандай?
- Ұжымдастыру жүргелі жатыр
- Сонда не болады?
- Ауылшаруашылық артелдері, коммуналар құрылуда.
- Малдың жағдайы қандай?
- Мал бар. 40,5 млн.-ға жетті.
- Ия, жақсы екенсіңдер.

2-тапсырмасы. (телехабар)
- Тележурналист:
Құрметті телекөрермендер. Бүгін, бізде қонақта Партияның XV-съезд делегаты.
- Қош келдіңіз. Сізге съезд шешімдері туралы бірнеше сұрақтарым
бар еді.
- Қандай қандай ұстанымдары бар?
Біріншіден, Ауылшаруашылығын ұжымдастыру идеясы неден

туындады?
- ия, бұл КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас
бөлігі.
- Қандай қандай ұстанымдары бар?
- Қазақстандағы
- еріктілік, дербестік, материалдық мүдделік және ұжымдастыру кезең-
кезеңімен өту керек.
- Қазақстандағы ұжымдастыру қашан аяқталуға тиіс және қандай
формалары бар?
- 1932 жылдың көктемінде астықты аудандарда колхоз құрылысы
негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, малды аудандарда жерді
бірлесіп өңдеу және шөп шабу жөніндегі серіктестіктер болуға тиіс.

Жарайды сұхбатыңызға рахмет.

3-тапсырмасы.
Схема арқылы Голощекиннің Қазақстандағы саясатын түсіндіру

КОММУНА
ҚЫЗЫЛ ОТАУ
АРТЕЛЬ
МАЛ САНЫ – 40,5 МЛН.
ТОЗ

1925

4-тапсырма.Төмендегі дәуір құжатын пайдалана отырып, тәркілеу туралы өз
ойыңды айт.
Қазақ Орталық Атқару Комитетінің және Қазақ КСР Халық Комиссарлары
Кеңесінің «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулысы.
1928 жылы 27 тамызда Қаз ОАК мен Қаз ХКС-нің «Байлардың шаруашылығын
тәркілеу туралы» қаулысы шықты. Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа
қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша
иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың
принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай, байлардың шаруашылығын тәркілей
отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді.
Тәркілеу жөніндегі науқан, мақта шаруашылығы аудандарынан басқа,
республиканың барлық жерлерін қамтыды. Тәркілеу нәтижесінде 657 анағұрлым
ірі байлар қоныс аударылды, олардан 145 мың бас ірі қара тартып алынды,
ауыл шаруашылық құралдары 877 колхозға және 24491 жеке шаруашылыққа
берілді.
Астық өнімдерін, егіндік пен шабындық жерлерді және малды тәркілеу
науқаны барлық жерде де заң нормаларын бұзумен: халықты қорқыту және зорлау
арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды.
Тәркілеу жөніндегі шараларды жүргізу барысында тәркілеу шегіне жеткізу
үшін жеке шаруашылқтарды әдейі біріктіру де бой алды.
Тәркіленіп кетпес үшін кейбір байлар өзінің мүлкі мен малын орта
шаруалар мен кедейлерге бөліп берд, малының бір бөлігін базарда сатты.

5-тапсырма. Сталинге жазылған хаттар.
Нәубет шындығы
Ораз Исаевтан хат.
Тамыз 1932жыл
Сталин жолдас!
Қазақ ауылындағы қазіргі жағдай мені мына бір жәйітті тікелей өзіңізге
хабарлауыма мәжбүр етті.
Қазақстанның халық шаруашылығының осы бір маңызды саласы- мал
шаруашылығы, оны дамытуда түбірлі өзгерістер болғанмен, сан тұрғысынан
алғанда түп-тура қиямет жағдайға ұшырап отыр.
1929 жылғы есептің дерегі бойынша Қазақстан 40 млн. бас мал болса, ал
қазір не бары 6 млн. мал қалды, оның 2 млн. совхоздарда , ал колхозбен жеке
меншік сектордағы 4 млн. бас малдың көп бөлігі қазақтар аудандарында емес,
орыс аудандарында.
Мал шаруашылықтарының осы жағдайы қазақ жұртын күйзелтіп отыр. Орталық
Қазақстанның 10-12 ауылы қазірде аштыққа ұшырауда. Деректергше қарағанда 10-
15 мың адам аштан өлген. 1931 жылы етек алған жаппай қоныс аудару тоқталар
емес...
Малдың жаппай қырылуы себептерін айтайын.
1. Ет өткізу жоспардың шамадан тыс асыра белгіленуінде.
2. Егістік дұрыс шықпады. Егіншілікпен айналысатын көрші аудандарды
мемлекетке тегіс товарлы астық беруге міндеттеп, ал мал өткізушілер
астықпен қамтамасыз етілмей отыр. Мал шаруашылығын қазіргі күйге душар
еткен басты себеп Қазақстанда партия саясатының ұлт аудандардағы
коллективтендіру турасы, сіздің талай рет айтқан нұсқауларыңыздың
бұрмалануы деп білу керек.
Коммунистік сәлеммен Ораз Исаев.

6-тапсырма. Батыс Қазақстандағы ашаршылық – мәнжазба
(олимпиада жүлдегерлерімен жұмыс)

7-тапсырма. Тест тапсырмасы.
1. Ұжымдастыру бағыты қай съезде жарияланды?
А) XII съезде ә) XV съезде б) XVI съезде
2. Ұжымдастыруды аяқтау мерзімі белгіленді?
А) 1932 ж. көктемде ә) 1932 ж. күзде б) 1932 ж. Жазында
3. Шаруалар ұжымдастыру түрін таңдағанда нені таңдады?
А) ауыл шаруашылық артелі ә) камона б) тоз
4. Шаруашылықта ұжымдастыру 1931 ж. қаншаға жетті?
А) 70% ә) 55% б) 65 %
5. «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшулер саны артуда» -деп жазған кім?
А) Голощекин ә) Рысқұлов б) Дулатов
6. Ауыл шаруашылығында ұжымдастыруда негізгі ұстанымдар?
А) егіншілік пен дербестік ә) материалдық мүдделікпен ауыл шаруашылығын
ұжымдастыру кезең-кезеңмен өтуі б) екеуі де
7. 1933 ж. малдың саны қанша?
А) 40,5 млн. ә) 4,5 млн. б) 3,5 млн.
8. Аштық салдарынан 1932 ж. қанша адам өлді?
А) 313 ә) 769 б) 755
9. Аштық апаты мен себебі туралы Голощекинге хат жазды?
А) Мүсірепов, Дулатов ә) Сейфуллин, Жансүгіров б) Майлин, Жангелдин

8-тапсырма. Ұжымдастырудан кейінгі қазақ ауылы бейнесі.
-Уа кімсің?
- Шаруамыз
- Қайдан келесіз?
- Ауылдан келеміз
- Қайда барасың?
- Қалаға барамын
-Неге?
- Жағдай жоқ
- Не болды?
- Барлығын алды.Аштық
- Кім алды?
- Кеңес өкіметі алды
- Мал қайда?
-Жоқ
- Қанша қалды?
- 4,5 млн.
- Нең қалды?
- Ештеме
- Енді не істейсің?
- Көтеріліске шығамыз.

Жаңа сабақ
1. Қарсылық формалары (Слайд арқылы түсіндіру)
2. Қазақ ауылы жағдайы туралы Голощекин хаты
3. Ауыл шаруашылығының Сталиндік үлгісіне қарсы күрес. (Слайд
арқылы)

Барысы:
1 – мәселе.
Кінәлілерді өлтіру

Қалаға құрылысқа кету
Қазақ отрядын құру

Ашық көтеріліске шығу Басқа аймақтарға кету

2 - мәселе.(хат жазу ) Слайдпен көрсету
Қазақ БК (б) П комитетінің жауапты хатшысы ф.И. Голощекиннің
партияның орталық комитеті хатшыларына мағлұмат хаты.
21 сәуір 1930 жыл
Аса құпия БК (б) П
Орталық комитетіне
Сталин,Молтов,
Каганович, Смирнов
жолдастарға
Қазақ ауылының жағдайы туралы

Өлкелік барлық кедергілердің ішіндегі ең қиыны – қазақ ауылындағы
кедергілер болып отыр. Бірсыпыра жерлерде көтерілістер бой көтерді.
Ең алдымен осының себептерін айтайын.
А) Мұның негізгі себебі аса шиеленіскен таптық күрес. Өйткені
байлар атқа мінерлер әлі де едәуір күшіне ие.
ә) Байлар тарапынан көтеріліске дайындық өткен жылдың көктемінен
басталды. Оны ұйымдастыратын ұлтшылдық орталық бар. Бәрінен қызығы,
қазір анықталып жатқандай , бұл жөнінде ауыл коммунистері мен кеңес
қызметкерлері білген. Бірақ олар осы жайында ешкімге хабарласпаған.
Керісінше олардың жиындарына қатысқан.
В) Қозғалыс өткен жылдың қыркүйегінен төмендегі ретпен
басталған. Қарақалпақстанның Тақтакөпірінде - 27 қыркүйекте, Сырдария
округіндегі Бостандықта – 28 қыркүйекте, Созақта – 7 ақпанда, Ақтөбе,
Ырғызда – 7 ақпанда.
Уақыт тұрғысынан қарар болсақ, қозғалыстың бұлайша етек алуын
тек коллективтендірумен байланыстыруғаболмайтындығын көрсетеді.
Г) Осы қозғалыстың географиялық орны...
Д) Өзімізге де есеп беретін және орталық комитетіне де ашық
айтуға тиісті маңызды мәселе мынау «бандитизмді» ұйымдастырушылардың
- ауыл адамдарының қалың көпшілігін өздерінің соңынан ертіп алуын
немен түсіндіруге болады?...
Е) Тағы бір қателігіміз. Соңғы жылдары ауылдағы үздік
қызметкерлерді жұмысқа алдық. Ескі кадрлар орындарында қалып қойды.
Ж) Ақырында бандитизммен күрес тәсілі дұрыс болмады...
Коммунистік сәлеммен Ф.И. Голощекин.

3 – мәселе. Экраннан слайд арқылы түсіндіру.

Бекіту.
1. Ұжымдастырудың Сталиндік үлгісіне қарсы күрес түрлерін атаңдар?
2. Көтерілісшілер қандай талаптар қойды?
3. Көтерілісшілер қай аудан орталығын басып алды?

Бағалау.
Үйге тапсырма.
1. Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық
2. Тестілік тапсырма.

VIII Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: XIX ғ. 60-90 жж. әкімшілік реформалар
Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілісі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Тарихи фактілерді
іріктей отырып,
оқушыларға тиянақты білім беру.
2. Тәрбиелік. Отарлау саясатының ұлт
үшін
қауіптілігін
көрсету және көтеріліс басшыларының
ерлігін үлгі
ету.
3. Дамытушылық. Әр оқушының
ерекшелігіне
байланысты өзіндік дамуына ықпал
ету.
Сабақтың әдісі: Пікір, салыстыру, сызба.
Сабақтың көрнекілігі: карта, схема, таблица, мәтін.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: дәстүрлі емес
Сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасы
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма

Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу
- Үй тапсырмасын сұрау
1. Тақырыпты анықтау
1 деңгей. 1. Тақырыптық диктант
Ауыл старшыны мен болыстарға тек ___________ _________ мен
_______ ие адамдар ғана үміттенетін. Үміткерлердің жасы_____ кем
болмауы керек.
Болыстарға дауыс беру әрбір ______ үйден _______ дауыс. Ауыл
старшындары әрбір ______ үйден _____ дауыс. Олар ____ жылда ___
рет сайланады. Оларға арнайы ____ мен ___ берілетін.
Керекті сөздер:
Халықтың сенімі, құрметі, 50,25, мөр,1,10,3, төс белгі, 1,1.
2. Кеспе сөздер.

-

.

.

3. Тест құрау.

Әрбір облыста облыстық дәрігер тағайындалады. Ал уездерде 1
дәрігер мен акушер-кіндік шеше болды. Олар науқастарға тегін көмек
көрсетті.
Реформадан кейін қазақтар қоныстанған жерлер мемлекет меншігі
болып белгіленді. Олардың пайдалану тәртібі қоғамдық негізде болды.
Қазақтар Ресейдің Европалық бөлігін келгендерге жалға берді. Бірте-
бірте олар өз атамекенінен айырылып қалды. Орыс шаруалары бірқатар
жеңілдіктер алды.
Тест.
1. Бүкіл Қазақстанда «түтін» салығы енгізілді:
А) 1867-1868 ж ә)1868-1869 ж б) 1868-1870 ж
2. Түтін салығы қалай алынды?
А) от жақса ә) үй басына б) бала санына
3. «3» сан мөлшеріндегі түтін салығы қай аймақтан алынды?
А) Орынбор-Батыс Сібір генерал - губернаторы
ә) Түркістан – Батыс Сібір генерал губернаторы
б) Орынбо- Түркістан генерал губернаторы
4. Реформа бойынша мал санағы өтті?
А) 3 жылда 1 рет ә) айына 1 рет б) жылына 1 рет
5. Салықтан босатылғандар болды ма?
А) кедейлер босатылды ә) бәрі төледі б) кейбір хан ұрпақтары

4. Термин сөздермен жұмыс.
|№ |Сөз |Мағынасы Мағынасы |
|1 |Реформа | |
|2 |Генерал-губернатор | |
|3 |Әскери губернатор | |
|4 |Уезд бастығы | |
|5 |Шар салу | |
|6 |Түтін салығы | |
|7 |Төлқұжат | |

2 деңгей. Көрсетілген сөздерді құрастыру арқылы тақырыптық мәтін,
болған-болмаған таблицасын толтыру, қашан? Қайда? Не болды? Таблица.Мәтін
бойынша тест құрау. Дерекпен жұмыс.

1. Болды, болған жоқ.

|№ | |Ия |Жоқ |
|1 |1865 ж. Дала комиссиясы | | |
| |құрылды | | |
| | | | |
|2 |Дала комиссиясын | | |
| |басқарды. | | |
| |Гирс | | |
|3 |І Петр уақытша ережеге | | |
| |қол қойды | | |
| | | | |
|4 |Реформа тек кіші жүзді | | |
| |қамтыды | | |
| |Биліктен шеттелген | | |
|5 |сұлтандарға әскери шендер| | |
| |берілді | | |

2. Төмендегі сөздерді тақырыпқа сай пайдалана отырып, мәтін
құрастыр.
Әскер сипат, генерал губернатор, әскери-азаматтық билік, облыс,
әскери губернатор, атаман, уезд бастығы. Ресейлік шенеулік болыс ауыл
старшыны. Төменгі билік ақсүйек, іріктеу, әкімшілік басқару.

3. Қашан? Қайда? Не болды?

|№ |Қашан? |Қайда? |Не болды? |
|1 |1822 | | |
|2 | | |Сырдария, Жетісу |
| | | |облыстарын басқару |
| | | |ережесіне қол |
| | | |қойды. |
|3 |1868 |Құланды даласына | |

3 деңгей. 1. ІІ Александр бейнесіне ене отырып, 1867-1868
реформаның себептерін және оны әзірлеудің барысы жайлы ой-толғау
жасау.

2. Әкімшілік аймақтың сызбасын жасап, түсіндіру

3. Картамен жұмыс
4. 1822,1824, реформалармен 1867-1868 жылдарды салыстыру
5. Даталармен жұмыс.

Үй тапсырмасын қорыту арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
Жаңа сабақ

1. Реформаның нәтижесіне шолу
2. Көтеріліс себебі
А) Оралдағы, Торғайдағы көтеріліс
3. Маңғыстаудағы көтеріліс.

Жаңа сабақтың барысы:

Орал, Торғай

Отаршылдыққа қарсы
Шаруалар

Ру басылар

Шекті,табын
Маңғыстау

Бекіту. 1. Көтерілістің алғы шарттары қандай?
2. 1868 ж.5 мамырда қай жерде қандай оқиға болды?
3. Қазақтарды Ресейге қарсы араңдату әрекеттерін ұйымдастырған

кім?
4. Көтеріліс қарсаңында басқарудың қандай жүйесі қалыптасты?

Үйге тапсырма: сызба жұмыс, мәнжазба, тест.

Бағалау.

-----------------------
ЖЭС

ГОЛОЩЕКИН

АУЫЛДЫ КЕҢЕСТЕНДІРУ

1928 жылы «Аса ірі бай шаруашылықтар мен жартылай феодалдарды тәркілеу»
және жер аудару туралы декрет

Астық дайындаудың төтенше шаралары

Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу

1929-30 жж. ұжымдастыруға қарсы формалар

1867

жылдардағы

1868

реформаның

жалпы

басым

сипаты

отаршылдық

алғанда

Ресейге

Қазақстанның

реформалар

Ол

болды

аяқтады

толық

қосылуын

Генерал - губернатор

Облыс

Уезд

Болыс

Ауыл

Қазақстан Ресейге толық қосылды

Қазақтар ең төменгі қызметке ие болды.

Қазақстан жері Ресей меншігіне өтті

1867-1868 жж. реформаның отаршылдық сипаты

Сайлау дұрыс өтпеді, салық көбейді

Қазақтар құнарсыз жерге ығысты

Ресей табиғат байлықтарын еркін пайдаланды

Наразылық

Көтеріліс

1868-1869 жж.

Көтеріліс

1870 ж


Ұқсас жұмыстар
1930 жылдардағы аштық, шаруалар көтерілістері
Қазақстан ХVIII ғасырдағы саяси - әлеуметтік, экономикалық дамуы
«1836-1838 жылдардағы бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі»
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1783-1797 ж.ж.)
Көтерілістің кезеңдері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақстанның XYIII ғасырдағы әләуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Сабаққа дайындықтарың қалай
XI-XV ғасырлардағы Англия. Англиядағы өркениетті өкімет билігінің даму жолдарын ашып көрсету
Қазақ даласындағы ашаршылық
Пәндер