Допты төменнен қабылдау әдісі мен тоғызқұмалақ жүрістері: оқу-әдістемелік сабақ жоспары

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қарашоқы орта мектебінің

денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Дауылбаева Аида Бейбитовна

Тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісін орындау

Мақсаты:

Оқушылар арасында волейбол ойынын дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

1. Дамытушылық: Оқушыларға волейбол ойынында допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.

2. Танымдылық: Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту.

3. Тәрбиелелік: Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа, тазалыққа, инабаттылыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Доп, көрнекі суреттер.

Өтетін орын: Спорт зал

І. Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут

1. Сапқа тұру-1 минут

2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу-1 минут

3. Даярлық бөлімі: 13 минут

4. Саптық жаттығулар орындау

5. Алаңда жәй жүру және жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздыратын жаттығулар жасау-5 минут.

6. Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5 минут.

7. Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен қабылдау жаттығуларын жасау-2 минут.

ІІ. Негізгі бөлімі: 20-25 минут

1. Сапқа тұру-1 минут

2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырыппен, мақсатымен таныстырып өту-2 минут.

3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру практикалық түрде орындап көрсету-7 минут.

4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын түсіндіру, практикатүрінде орындату-5 минут.

5. Екі жақты ойын: «Волейбол» 6-7 минут

6. Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру-3 минут.

Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі.

Келесі кезекте: Сыныпты екіге бөлу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.

Екі жақты ойын: «Волейбол»

ІІІ. Қорытынды бөлім: 5 минут

1. Сапқа тұру-1 минут

2. БҮҮ-стратегиясы-1 минут

3. Үйге тапсырма «Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу»-1 минут

4. Бағалау -2 минут

Сабақты қорытындылап:

Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді

Үйге тапсырма «Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу»-1 минут. Бағалау -2 минут

Сабақтың тақырыбы:

Тоғызқұмалақ жүрістері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау.

Сабақтың міндеті:

1. Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету.

2. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.

3. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың өтетін орыны: Спорт зал

Керекті құрал - жабдықтар: Тоғызқұмалақ тақта.

Сабақ

бөлімі

Сабақ мазмұны
Уақыт мөлшері
Әдістемелік нұсқау
Ұйымдастыру нұсқау
Сабақбөлімі: Кіріспе
Сабақ мазмұны:

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

Сабақтың барысын айту.

Балаларды отырғызу

Уақыт мөлшері: 5 минут
Әдістемелік нұсқау:

Оқушыларды

екі -екіден,

қарама- қарсы,

бір-біріне отырғызу,

тақта көрінетін болсын

Ұйымдастыру нұсқау:

Балалар тәртібін

сақтау.

Негізгі бөлім

Балаларды отырғызып болған соң өткен сабақты қайталау есебінде тоғызқұмалақ тақтасының құрылысын және түрлерімен таныстырдым. Пайдаланған материалдарды көрсетіп болған соң, оқушыларға жүріс жасау ережелерін өз қолдарындағы тақталарымен жұмыс жасауға шақырдым. Олар сабақты жақсы игергендерін көрсетіп, көп қателеспей жүрістерін жасады.

Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтарының тақ болып тұрған отау “ашық отау“ деп аталады да, қарсылас бұл отаудан құмалақ ала алатын болады.

Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсысы болмасын қарсыласының отауындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді. Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын, барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады.

Ал ойыншының қай-қайсысы болмасын, қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге тиіс. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол ойыншының жүруіне керек болса, онда ол жалғыз құмалақты қатарындағы өз отауына салады. Бұл оның жүріс жүргені болып есептеледі.

Жүріс дәлдігі

Жүріс дәлдігі немесе айтқанда дәлдік ( атжетер ) деп, отаудың ішіндегі тастардың санына байланысты соңғы тастың дәл қай отауға түсетінін алдын ала анықтауды айтамыз. Мысалы: № 3 отауда 4 тас жатса, оны көзбен таратқанда № 3, 4, 5, 6 отауларына түсетін болғандықтан, дәлдік 6 болады. Екінші жолмен анықтау үшін отаудың ішіндегі тас санына сол жақта орналасқан көрші отаудың номерін қосу арқылы дәлдік табамыз. Сондықтан алдыңғы мысалдағы дәлдік 4 +2 = 6 - ға тең екен. Отаудың саны бар болғаны 9 болғандықтан, қосуамалында қосынды 9 - дан асса, онда қарсыластың № 1 отауына 10, № 2 отауына 11 құмалақ т. с. с. деп жалғастырып кете беруге болады.


Ұқсас жұмыстар
Допты төменнен қабылдау әдісі: 9-сыныпқа арналған волейболдан әдістемелік сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Допты төменнен қабылдау әдісі
Әдістемелік сабақ жоспары: волейбол - допты төменнен және жоғарыдан қабылдау мен қайта беру
Әдістемелік әзірлеме: Волейболда жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдау мен допты берудің әдістері
Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау мен серігіне беру: сабақ жоспары
Волейбол: допты жоғары және төменнен қабылдау техникасы
Волейбол: допты жоғарыдан және төменнен қабылдау әдістері
6-сыныпқа арналған пионербол: допты төменнен беру әдісі бойынша сабақ жоспары
Допты екі қолмен жоғарыдан беру және төменнен қабылдау: дене тәрбиесі сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Волейбол - допты төменнен беру әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz