Өнеге отбасынан басталады жайлы ақпарат

Гимназия сыныптары бар № 20 М. Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Өнеге отбасынан басталады »

6 сынып

Дайындаған: Эстетикалық бірлестік жетекшісі

Бекназарова Р. А

Ақтау қаласы

2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан басталады

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі басының ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі - бесіктен»,

«Ата - бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.

Түрі: викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу

І. Ұйымдастыру.

II. Викториналық сұрақтар

III. «Бақытты отбасы» суреті.

IV. Тығырықтан шығу

V. «Сөз тапқанға- қолқа жоқ».

VI. Қорытындылау :

Мұғалім :

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз « Өнеге отбасынан басталады » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

І бөлім Таныстыру.

1 топ «Алтын ұя»

2 топ «Берекелі отбасы »

ІІ бөлім.

«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

І топқа

1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)

2. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? «қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ,

қымыз, шұбат. »

3. «Қара кемпір», «Қара шал» «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші-сазгер А. Қоразбаев) .

4. Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т. б)

5. Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)

6. Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т. б.

7Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)

8. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

9. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

ІІ топ

1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

2. 18жасқа толмаған адам ( бала)

3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)

4. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

5. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)

6. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

7. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

8. Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

9. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)

ІІІ бөлім .

«Бақытты отбасы » суретін салу және қорғау

ІV бөлім

«Тығырықтан шығу»

Жағдаяттық сауалдар беру.

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
  2. Ұзақ тоқсан, досың сабақ оқуын азайтып, сабақ үлгерімі төмендеп кетті, ал сен не істейсің?
  3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді. сен не істейсің?
  4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
  5. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

V бөлім

«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу .


Ұқсас жұмыстар
Өнеге отбасынан басталады
Өнеге отбасынан
Қазіргі таңда үлкен кісілердің ата - әжелердің тәрбиесі өте қажат
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері
Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі. баяндама
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам
Бала – отбасымен бақытты
Ұлттық құндылық
Баланың ата - анаға деген махаббатын ояту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz