Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір

ШҚО,Семей қаласы <<№11 ЖОББМ>>КММ
Қазақ тілі пәні мұғалімі:Мұқанова Қымбат Серікқазықызы
Сабақтың тақырыбы : Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
Сабақтың мақсаты :
Білімділік:тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;
Дамытушылық :оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;
Тәрбиелік :лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, топтастыру, талдау
Сабақтың көрнекілігі :кеспе қағаздар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір

Қойылатын орындары
Бірыңғай
мүшелер
жалғаулықсыз
келгенде арала-
рына үтір ойы-
лады.
Да, де, әрі, я,
яки, не, немесе, әлде жалғаулық
шылаулары бірыңғай
мүшелермен
қайталанып
келгенде
қойылады.
Мен, және
жалғаулық
шылаулары қайталанбайды. Онда жұптасқан
бірыңғай
мүшелердің
соңғы жұбының алдына
қойылады.
Да, де, әрі, я,
яки, не, немесе, әлде жалғаулық
шылаулары
бірыңғай баян-
дауыштар ара-
сында қайта-
ланбай келсе,
шылаудан соң
үтір қойылады
Да, де, әрі, я,
яки, не, немесе, әлде жалғаулық
шылаулары бірыңғай
мүшелердің
арасында
қайталанбай
тұрса үтір
қойылмайды.
Айгцл,
Әсел,
Әдемілер
бүгінгі
жауапкер-
шілікті
айқын
сезінеді.
Аяулым да,
Асыл да, Ме-
руерт те не
үйге кірерлерін, не кері
бұрылып ке-
терлерін білмей дал болды.
Айнұр мен
Айдын, Ардақ
пен Қанат
кезекшілікті
бөліп алып,
кезекшілік
міндеттерін
пысықтады.
Қоңырау
соғылды да,
сабақ басталды.
Айта салды да,
кейін қарай
жүгіріп кетті.
Келді де
көрді. Бойын шаттық әрі белгісіз
қорқыныш би-
легендей ме?..
Хабарласпады
я келмеді.
Жаттығумен жұмыс: 142-жаттығу. Мәтіннің тыныс белгілерін қойып шығыңдар.
Топпен жұмыс: 1-топ: 5 мақал жазып,кестеде көрсетілген үлгі бойынша талдаңдар.
Берілген мақал
бастауыш
баяндауыш
анықтауыш
пысықтауыш
Сөздің көркі-мақал
Көркі (несі?)
Мақал (не?)
Сөздің (ненің?)
-

2-топ: <<Бал балалық қызықтары>> атты 10 минут көлемінде мектеп өмірінен қызықты оқиғаларды еске түсіріп жазыңдар.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 145-жаттығу.


Ұқсас жұмыстар
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі
Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір
Біріккен сөздердің жазылуы
Өлеңдерінің көркем тілі
Интерактивті тапсырмалар
Тұрмыстық заттар
Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы
Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Леп белгісі. 9-сынып
Қазақ тілінен тест тапсырмалары. 4 сынып
Пәндер