Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
Раушан гүл шоғын жасау
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің
технология пәні мұғалімі
Аубекеров Бекболат Бақтығалиұлы
Сабақтың тақырыбы:
Бұйым жасау технологиясы «Раушан гүл шоғын жасау»
Сабақтың мақсаты:
Ұсталық өнердегі қолданылатын негізгі әдіс тәсілдерін меңгерту, бұйым
үлгілерін жасай білуге қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: металл бұйымдарды көркемдеп өңдеу ерекшелігін түсіндіру және
ол туралы ұғым беру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың ою-өрнек жөніндегі білімділігін, іскерлігін және түрлі
металдардан бұйымдар жасау шеберлігін дамыту.
Тәрбиелігі:
Эстетикалық талғамды,материалды үнемдеуге, ұқыптылыққа, іскерлікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:
Баяндау, түсіндіру, көрсету, топтастыру, сұрақ жауап, сарамандық жұмыс,
бақылау, бағалау.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды игеру
Пәнаралық байланыс: тарих,бейнелеу,дизайн,сызу
Сабақтың көрнекілігі: бұйымдар үлгісі, бұйым сызбасы, суреттер
Керекті құрал саймандар: сызғыш, қарындаш, қаңылтыр, қайшы, балға шапқы
Пайдаланған әдебиет: «Технология» оқулығы 6-7 сынып, «Қазақ халқының сәндік
ою-өрнек өнері» Н.Б.Нұрмұхамедұлы.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын тұрмыста қолдануға болама?
2. Түрлі түсті металл түрлері қандай?
3. Металл шабу құралдарын ата?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын
көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Шеберлер металлды әшекей
бұйымға айналдыруда өте биік талғаммен қарап қолданылар орнына қарай
өзіндік нақыштарды таба білді. Әйелдердің түрлі жүзік, білезік, алқа, шолпы
секілді сәндік әшекейлерімен қатар белбеу, аттың айыл әбзелдері, төсек,
әбдіре сынды үй мүліктері бәрі-бәрі алтын күміс сүйекпен нақышталып
өрнектеліп безендіріледі. Қазақ зергерлерінің қолынан шыққан заттар
қарапайым да сәнді оюларының, нақыштарының ашық байсалды да байыпты
өрнектелуімен ерекшелінеді. Күмісті көркемдік құралына айналдыруда
зергерлер пайдаланар жеріне қарай нақыштау, бедерлеу, қалып арқылы
дайындау, ойып күміс орнату күміске ақық тас орнату қарайту сияқты түрлі
әдіс тәсілдерді қолданды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ жеріне күмісті қарайтып
безендіру кеңінен таралды.
ХХ ғасырдың басында Қарқаралы, Баянауыл және Орталық Қазақстан
зергерлерінің күмісті қарайтып әшекейлеуге пайдаланумен даңқтары артты.
Түйіршік қымбат таспен безендірілген әшекей бұйымы негізінен Батыс
Қазақстанда жасалды. Қызылорда облысында негізгі асыл темірмен орнатылар
түйір тастар бір-біріне түс жағынан өте жақын келеді. Қазақ зергерлерінің
оюы көбіне өсімдік тектес өрнекті келеді.
Шеберлердің көптеген әсем бұйымдарды қаңылтырдан жасағанын байқауға
болады. Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрлерінің бірі шекімдеу
әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасайтын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес
қайшымен пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы негізінен қаңылтырдың
бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың
бетіне қажет суретті салып алу қажет.
Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен,
сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың
бетін арнайы шекігіштермен балғалармен өңдейді.
Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері.
1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда үрлемей арнаулы сыпырғышпен сыпыр.
3. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағыңмен сипама.
4. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды үшкір қаңылтырдың бөлігін
қалтаңа салма.
5. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда оның ұнтағына аса мұқият бол.
6. Темір қайшымен жұмыс істегенде қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
7. Сыммен жұмыс істегенде оның екінші ұшына сақ бол.
8. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде екінші
қолыңды соғып алма.
9. Балға мен бедерлегішті осылай ұста.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
• Зергерлер қандай бұйымдар жасайды?
• Шекімдеу жұмыстары қалай жүргізіледі?
• Темірді көркемдеп өңдеу барысында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау
қажет?
Сергіту сәті.
Оқушыларды екі топқа бөліп тақтаға бір минут ішінде гүл түрлерінің
тізмін жазу. Қай топ көп жазса сол топ жеңімпаз болып есептеледі.
V. Сарамандық жұмыс:
1. Оқушыларды топқа бөлу және әр топ өзіне берілген бұйымды жасайды.
2. Технологиялық карта бойынша жұмыс жасау. «Раушан гүлін» қаңылтырдан
жасаудың технологиялық картасы.
|№ |Жұмыстың орындалу реті |Құрал-саймандар |
|1 |Қағаздан гүлдің жапырақтың үлгілерін жасау. |Қағаз, қарындаш, қайшы. |
|2 |Қаңылтырдың бетіне үлгілерді бастыру оларды |Қаңылтыр қолғап қайшы, |
| |қайшымен қию. |қарындаш. |
|3 |Сабағын жасау үшін қаңылтырды ені 10 мм |Қайшы,сым. |
| |жасап ұзындығы 400 мм етіп кесіп алып оны | |
|4 |сымға орау. |Резеңке төсеніш, балға, |
| |Гүл мен жапырақтарды майыстыру белгілерімен |қысқаш, шекігіштер. |
|5 |нүктелер салу. |Шекігіштер, балға, |
|6 |Гүлдің орталарын шапқымен тесу,оларды |қысқаш. |
| |бекіту. Жалпы құрастыру жұмыстарын аяқтау. | |
VІ. Сабақты қорытындылау:
• Жіберген қателерді сараптама жасау арқылы түсіндіру.
• Бағалау.
• Жұмыс орнын тазалау.
• Мұғалімге құрал-саймандарды тапсыру.
• Үй тапсырмасын беру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz