Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Тұрлаусыз мүшелер. толықтауыш
Пәні –қазақ тілі. 8-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Сабақ түрі – сын тұрғысынан ойлау жобасының сабағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік- тақырыптың мазмұнын меңгерте отырып,
толықтауыштың өзіне тән белгілерін, түрлерін таныту; дамытушылық-
шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, жазу арқылы сөз
байлығын молайта отырып, іздену қабілеттерін дамыту; тәрбиелік- туған жерді
аялай білуге, сұлулыққа, адамгершілікке баулу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу
Қажетті құралдар: ватман, маркер, техникалық құрал-жабдықтар
Сабақтың әдісі: топтастыру, елес жетелеу
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй жұмысы тексеріледі. Тақырыбы: бастауыш пен баяндауыш арасына
қойылатын сызықша
1. Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыш арасына қойылады?
2. Мақал-мәтелдерден мысал келтіру.
І саты. Қызығушылықты ояту.
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта,
жариялау)
ІІ саты. Мағынаны ажырату. Топқа нұсқау беріледі.
І топ. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай отырып, толықтауыш қызметінде тұрған
сөздің мағынасын анықтаңдар.
Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата
қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын танауына құшырлана тартып
қойды.
ІІ топ. Морфологиялық талдау жасай отырып, толықтауыш қызметіндегі сөздер
қай сөз табынан жасалатынын анықтаңдар. Жаман сыйлағанды білмес. Татулықта
табыс мол. Жүз-жиырма беске бөлінеді.
ІІІ топ. Толықтауыш қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап, оларға тән
белгілерді атаңдар. Қазіргі оқығаннан сіз ойлаған адамды таппадым.
ІҮ топ. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап,
толықтауышқа тән белгілерді анықтаңдар.
Өз мамандықтарың туралы батыл қиялдай беріңдер. Бұл мәселе жөнінде бес адам
сөйледі. (жеке, топта, жариялау)
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:
1. Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты
нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында
деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
2. толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді. (көбінесе
баяндауышпен байланысқа түседі)
3. сұраулары аталғанг септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.
4. Байланысу түрі –меңгеру, жанасу. (ереже шығартылады)
|Толықтауыш тұратын септіктер және |Толықтауыштың сұрақтары |
|толықтауыштыңтүрлері | |
|Тура толықтауыш |Кімді? Нені? |
|Табыс септігінде | |
|Жанама толықтауыштар | |
|Барыс септігінде |Кімге? Неге? |
|Жатыс септігінде |Кімде? Неде? |
|Шығыс септігінде |Кімнен? Неден? |
|Көмектес септігінде |Кіммен? Немен? |
Елес жетелеу:
1. Күз мезгіліндегі ауылыңды еске түсірші.
2. Табиғаты қандай?
3. Ауылдағы адамдар нені кәсіп етеді?
4. Қазір олар не істеп жатыр деп ойлайсың?
5. Ауылда болсаң кімге көмектесер едің?
6. Кімді, нені сағындың?
7. Ауылға не тілейсің?
ІІІ саты. Ойтолғаныс (жұмыстарын жариялау)
Мәтіннен толықтауыштардың астын сызып, қай сөз табынан жасалғанын
анықтаңдар. Сөз тіркесіне талдау жасаңдар (ауызша)
Қорытынды.
Бағалау
Үйге тапсырма: ереже 55-56 бет. 46-жаттығу. Мәтіннен тура және жанама
толықтауыштарды теріп жазып, қай сөз табынан жасалғанын әрі құрамын
анықтаңдар.
Байбақы Айтжан Қайриденқызы
baybaky@mail.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz