Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бар мамандық маңызды

-70485-253365 Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы
Қ.Жазықов атындағы орта мектептің тәрбие ісінің
орынбасары
Құлманова Злиха Санаққызы

Тақырыбы : Бар мамандық маңызды
Мақсаты : Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамндыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілік : мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жаылған қағаздар

Жүру барысы :
Құрметті Ұстаздар, оқушылар бүгінгі кеш қонақтары! Бастауыш класс оқушылары арасында ұйымдастырылған <<Бар мамандық маңызды>> атты кешке қош келдіңіздер! Бүгінгі кештің бағдарламасы:

І Кіріспе
ІІ. <<Бар мамандық маңызды>> оқушылардың әдеби - монтаж
ІІІ. Біз таңдаған мамандық \ өздері таңдаған мамандық бойынша
класаралық сайыс. Бұл кезең бес бөлімнен тұрады/
1 кезең Сәлем сөздің анасы
2 кезең Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар
3 кезең Өнерлі өрге жүзер
4 кезең Болмасаң да ұқсап бақ көрініс
5 кезең Сөз - кең әлем
ІУ. Қорытынды

Кіріспе
Балалар,бүгін біз мамандық туралы әңгімелейміз.Мамандық дегеніміз адамның еңбек қызметінің түрі.Қазірден бастап мамандық таңдау кезінде өздерінің бейімділіктерің мен біліктіліктеріңді білгендерің дұрыс.Әр бала осы кезден бастап неге бейім екенін ажырата білгені жөн.Мамандықтармен неғұрлым ертерек танысып, өзіңді ертерек зерттей бастасаң, соғұрлым мамандық таңдаған кезде аө қателік жасап,еңбек жолдарының жемісті болмақ.Олай болса,осы күннен бастап,әрқайсымыздың болашақта армандаған мен осындай болсам екен деген қиялдаған ойларымызды ортаға салайық. <<Бар мамандық маңызды >> атты оқушылардың дайындаған түрлі мамандық туралы білетін өлең тақпақтарына кезек берейік

1 - оқушы
Ақ халатты киемін Дәрігермен мен деймін
Аппақ болып жүремін Кәрі әжемді емдеймін
Аппақ болып жүргенді Көп - көп дәрі ішіп дәріні
Өзім жақсы көремін Кәрілікті жең деймін

2 - оқушы
Дауылға қарамай Сазанның дәмін - ай
Жауынға қарамай Шабағының бәрі ма
Балықшылар жағада Қортпалары танадай
Ау тартады жағалай Шоқырлары баладай

3 - оқушы
Мен тігінші боламын Қандай әсем қарашы
Сәнді киім киемін Менің тіккен жейделер
Апам салған жолменен Киген кезде балалар
Қандай әсем қарашы Риза боп жүреді

4- оқушы
Үйреткен талайды
Анадай аяулы Есепке төсілткен
Мәпелеп өсірген Білімге жол ашқан
Әліппе оқуға Мұғалім болам мен
Үйреткен талайды
5 - оқушы

Сүт сатамын алыңдар Сүт дегенің күш қуат
Сүт емес- ау балым бар Бал татыған бал қаймақ
Қане,қане алыңдар Сүт дегенің денсаулық
Алыңдар тез алыңдар Сүт сатамын алыңдар

6 - оқушы
Тапқан жақсы дос талай
Мен боламын Почтабай
Қорықпай қардан,жаңбырдан
Әкелемін <<Балдырған>>
Жұртты аузына қаратқан
Жақсы хабар таратқан
Күнде жүз хат таратқан
Рахметова Нұриланың орындауында <<Хат тасушы>> әнін қабыл алыңыздар

7 - оқушы Кітаптарды сүйемін 8 - оқушы Мен өскен етікші
Абай,Мұхтар дананың Мамандығын сыйлаймын
Мен өскенде сондықтан Етігіңді маған әкел
Кітапханашы боламын Жылтыратып майлаймын

9-оқушы 10 - оқушы
Төле би мен Қазыбек би Шофер болып қанбаға
Әйтеке би ізімен Жеткіземін астықты
Әділ шешім шешетін Апарамын уақытында
Сот боламын ертең мен Жұмысына бастықты
Түн демеймін түнді де
Күн демеймін күнді де
Шаршадым деп айтпаймын
Шофер болам білдің бе?

11- оқушы
Ойлан досым ойланда Аламын да шашыңды
Жақсы болсын әманда Мұртың болса қырамын
Тазалықтың өзіндей Шалқайта ұстап басыңды
Мына біздей маманға Иіс су да шашамын

12- оқушы
Тәтті тоқаш дейсің бе? Маған көмек берді анам
Бауырсақ па керегі Тәтті самса пісірді
Кепкен нанды жейсің бе? Еңбек деген жақсы екен
Бәрінде жеп беремін Енді ғана түсіндім

13 - оқушы
Ылғи менің ауитын Әлі есімнен кетпейді
Аңшылыққа көңілім Айтқан атам ақылы
Кешке дейін папмның Бүгін елге әйгілі
Аңдушы едім мылтығын Аңшы болдым ақыры

ІІ - бөлім
<<Біз таңдаған мамандық>> Класаралық сайыс өздері таңдаған мамандық иелері арасында өтеді.Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық.
* МАД - дәрігерлер тобы
* 1 - класс бишілер тобы
* 2 - класс ғарышкерлер тобы
* 3- класс құрылысшылар тобы

Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Бойларыңда от бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым - деп сайысымызды бастаймыз

Әділдікпен бұл сайыста байқайтын
Әділдікті әу бастан ту еткен
Сайыскерлер өнерін салыстырып,
Әділқазы әділ шешім берсе екен - дей отырып бүгінгі кештің әділ қазы алқасымен танысайық.
І.Нарынбай Ғ - бастауыш класс мұғалімі
ІІ.Әбдірзақова А - мектеп медбикесі
ІІІ.Ахмет М- мектеп психологы

І кезең <<Сәлем сөздің анасы>>
Бірлесіп көрермен қауымдармен
Ән салайық келешек ару таңмен
Қазағымның ежелгі әдетімен
Танысайық өнерлі балдырғанмен

ІІ - кезең
<<Білекті бірді, білімді мыңды жығар>>
Алдарыңызда мамандықты игеру үшін арнайы білімділікке ұмтылған жас балдырғандар.Олай болса, бүгінгі сайыскерлеріміздің білім деңгейлерін көрейік.
1.Денсаулық
2.Ас - тағам
3.Еңбек
4.Оқу - білім туралы мақал - мәтелдер сайысы
ІІІ - кезең
Өнерді үйрен бір - бірлеп
Ән де шырқа би - билеп
<<Өнерлі өоге жүзер>> деп келесі әр топтың өз өнерлерін көрсетуге береміз.Әр топ өнерлерін көрсетеді.

ІУ - кезең
<<Болмасаң да ұқсап бақ>> -деп бүгінгі топтардың мамандықтары бойынша мамандық иелеріне ұқсап әртүрлі маман болғанын көре аламыз.

У кезең
<<Сөз - кең әлем>> әрі ойын,әрі сұрақ. Жас ерекшеліктеріне қарай МАД, 1 -класс оқушылар сурет бойынша әңгіме құрайды, 2- 3 класс оқушылары белгіленген сөзден бірнеше сөз құрайды.

Қорытынды.Осымен бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті.
Алдымызда ұзақ жол
Ізденуден талмаңдар
Қиындыққа мойымай
Әр маманлдық иесі болыңдар Әділқазы алқасына сөз беріп, кешті аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Мамандық таңдау мәні
Мамандығым - мерейім. 9 сынып
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру
Мамандықтар әлемінде
Топ ережелері
Береке бастауы-тынымсыз еңбек
Тәрбие сағат барысы
Мамандық таңдау жолдары
Мамандықтар классификациясы
Мамандық таңдауым –маңызды мәселе
Пәндер