Етістік. 3 сынып

Қайрғалиева Саулемай Уресовна
М. Әуезов атындағы №2 ЖОББМ
Ақжайық ауданы
Батыс Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
А) Білімділік:
Етістік туралы берілген білімді еске түсіру, ол заттың әр алуан іс- әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, етістіктің зат есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейтуге жаттықтыру.
Ә) Дамытушылық:
Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.
Б) Тәрбиелік:
Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабактын түрі:
Жана сабакты менгеру
Сабақтың әдісі:
Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік және семантикалық карта бойынша жұмыс
Көрнекіліктер:
Сызбалар, суреттер, қима- қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін аудару, 3 топқа бөлу
-Балалар, сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтімен бастайық :
Әрбір адам? Туыс, дос, жұрағат .
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат .
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық .
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық .
-Олай болса балалар, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық. Сәттілік тілеймін!
(Математикалық фигуралар арқылы топқа бөлу)
1. топ - «Болашақ»
Топтың ұраны: «Болашақ бізден басталады»
2. топ - «Шығармашылық»
Топтың ұраны: «Іздеген жетер мұратқа »
3. топ - «Ұландар»
Топтың ұраны: «Біз келешекке талмай қанат қағатындар»
Тату-тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты .
-Олай болса жақсы оқитын балалар үй тапсырмасына қалай әзірленді екен ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу - ауызша.
- Сол жақтағы - 20. Зат есім дегеніміз не?2. Ортадағы - 50. Зат есім түрлерін ата. 3. Оң жақтағы - 10. Кітап сөзін жекеше түрде тәуелде. 4. Сол жақтағы - 30. Сөз таптарын айтып бер. 5. Оң жақтағы - 30. Жалқы есімге мысал айт. 6. Сол жақтағы - 10. Алма сөзін көпше түрде тәуелде. 7. Ортадағы - 40. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса. 8. Оң жақтағы - 20. Мақалдың жалғасын тап.
• (Білекті ,
• Білімді)
9 Ортадағы - 60. Мақалдың жалғасын тап.
(Кітапсыз ,
Білімсіз )
III. Жаңасабақ.
1. Ойын: Үнқатпа !
Әрбір топтан бір-бір оқушы шығып, үнқатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.
Келесі топтағы оқушы тақтаға әрқимылды сөзбен жазып шығады.
Отырды, жүрді, секірді, тұрды, айналды, биледі
.
- Тақтадағы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
- Бұл сұрақтар қай сөз табының сұрақтары ?
-
Етістік.
Етістіктің ережесін еске түсіру
2. Оқулықпен жұмыс.
1-
жаттығу. Болашақ тобына.
Өлеңді көшіріп жазу, етістіктердің астын сызу. Дәрігер мамандығы туралы әңгімелеу;
5-жаттығу. «Шығармашыл» тобына
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз. Ұстаздарға арнап жазылған қандай өлеңді білесің?
3-жаттығу. «Ұландар» тобына:
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, етістіктердің астын сызу;
Шығармашылық тапсырма.
Әр топқа жеке жұмыс беру. «Ұйқасын тап»
- Жеймін деп көп қауынды,
Менің ішім . . . ( ауырды )
Арба сықырлап жүрді,
. . . арсылдап үрді. (Ит. )
Сүрініп кетіп құлады.
Аяғым деп . . . (жылады. )
- Жарға шығып . . . , (ойнады )
Ойынға бір тоймады,
Болсадағы сақалы,
Секендеуді . . . (қоймайды )
- . . . мініп судан өтті, (қайық )
Жүре-жүре тауға . . . , (жетті )
Биік таудан тікұшақпен,
Көп қиналмай асып . . . (кетті )
«Сөз ойла, тез ойла»
Әр көшбасшысы әріп суырып, сол әріптен басталатын етістік сөздерді топ болып ойлап, жазу;
V Сабақты қорытындылау.
Сематикалық картамен жұмыс:
Туынды зат
есім
Көпше түрдегі
зат есім
Күрделі
етістік
Сабақты қорытындылау:
Не істеді? дара
Қайтті?күрделі
Не қылды?Болымсыз
Болымды
Үйге тапсырма: Ереже жаттау, 4-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz