Хіх ғасыр – ХХ ғасырдың басындағы иран. 8 сынып

8 - сынып Ортағасырлардағы Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы :ХІХ ғасыр - ХХ ғасырдың басындағы Иран.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы Иранның саяси - экономикалық жағдайы, ХХ ғасырдағы Иран жағдайы, Иранның халықаралық жағдайы, жартылай отарға айналуы туралы қорытынды жасауға көмектесу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, сызба кесте, тест жұмысы, слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Білімге жорық» ойыны:

1. Англияның Үндістан жерін түгелдей дерлік жаулап алуы аяқталды:

1849жылы Пенджабты аннексиялаумен

2. Үнді ағартушылығының негізін қалаған бенгалиялық қайраткер:

Рам Мохан Рой

3. Ағылшын отаршыларына қарсы Үнді жалқының ұлт-азаттық көтерілісі болды:

1857-1859 жылдары

4. 1857-1859 жылдардағыы ұлт-азаттық көтеріліске түрткі болған жағдай:

Мылтық оқтауда шошқа мен сиыр майын пайдалану

5. ХІХ ғасырда Ағылшын тауарларын өткізу рыногына және ауыл шаруашылығы шикізат көзіне айналған мемлекет:

Үндістан

6. 1854 жылы Үндістанда алғашқы тоқма фабрикасы пайда болған қала:

Калькуттада

7. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында бүкіл Үндістанда ұлтаралық қатынас тілі:

Ағылшын тілі

8. 1885 жылы Үндістанда құрылған алғашқы саяси партия:

Үнді ұлттық конгресі

9. ХХ ғасыр басында Ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы:

Бенгалия штаты

10. Ағылшындардың Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:

Үнділер мен мұсылмандарды бір-біріне қарсы қойып, ұлт-азаттық қозғалысты әлсірету

11. Ағылшын үстемдігіне қарсы күрес әдісі:

«свадеши» -өз тауарымыз, «свараджа» - өз билігіміз

12. Делиге дейін Үндістанның астанасы болған қала:

Калькутта

«Кім жылдам?» ойыны:

Екі құрлықта орналасқан мемлекет.

Кіші Азия мен Таяу Шығыс елдері.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. ХІХ ғасырдың басындағы Иранның халықаралық жағдайы.

2. 1848 - 1852 жылдардағы Ирандағы бабшылдар көтеріліс.

3. Иранның жартылай отар елге айналуы.

4. 1905 - 1911 жылдардағы Иран революциясы.

І. Ұғымдар мен түсініктер:

Бабшылдар - исламның шиит тармағының жақтаушылар

Жартылай отар - сырттай тәуелсіз мемлекет болып көрінгенмен, шын мәнісінде шетелдіктерге бағынышты

Панисламизм - барлық мұсылмандарды халиф билейтін бір күшті империяға біріктіруді қажет деген ұран тастады .

* ХVІІІ ғасырдың соңында Иран қоғамдық дамыуы жағынан нашар дамыған, арта қалған феодалдық ел

* Еуропалықтардың отаршылық езгісіне түспеген, дербес, тәуелсіз ел.

- Неліктен ХІХ ғасырдың басында Иранның халықаралық жағдайы шиеленісіп

кетті?

Батыс елдермен байланысы

* ХVІІІ ғасырдың соңында Англия мен Франция Иранға бағытталған отаршыл саясатын жүргізуге кірісті, Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерін отарлауға қолайлы

*1796 жылы Тегеранға француз елшілері Иран шахын Ресейге, Англияға қарсы қою саясатын ұстану мақсатында келді

Саяси мен сауда қатынастары туралы Ағылшын -Иран келісімі

Ағылшын (өкілі Малькольм)
Иран (шах)
Ағылшын(өкілі Малькольм): Иранға әскери көмек, қару-жарақпен көмектесуге уәде берді
Иран(шах):
  1. Француздарды Иранға жібермеу
  2. Егер француздар Үндістанға шабуыл жасайтын болса, әскерін Ауғанстанға аттандыруға уәде берді.

.

Ресеймен байланысы Закавказьеге байланысты шиеленісті

1801 жылы Грузияның Ресейге қосылуы, Армения мен Әзірбайжанның Ресейге бет бұру саясаты

* 1804 жылы орыс-иран соғысы

* 1813 жылы 13 қазан Гүлистан келісімі:

Ресей
Иран
Ресей:
  1. Дағыстан, Грузия, Солтүстік Әзірбайжан жерін қосып алды.
  2. Каспий теңізінде әскери флот ұстауға кепілдік алды.
  3. Иранда еркін сауда жасауға қол жеткізді
Иран:

Ағылшындар Иранды Ресеймен соғысқа арандатты:

  • 1926 жылыекінші орыс-иран соғысы
  • 1828 жылы 22-ақпанТүркманчай
Ресей
Иран
Ресей:
  1. Бітім бойынша Иран мен Ресей арасындағы шекара Аракс өзені арқылы өтетін болды.
  2. Шығыс Армения Ресей құрамына енді
  3. Каспиий теңізінде әскери флот ұстау құқығы түпкілікті бекітілді
Иран: Ресейге 20 млн рубль өтемақы төлейтін болджы.

Орыс иран соғыстары ағылшын - иран қатынастарын шиеленістірді.

Шахтың сыртқы саясат бағытының нәтижесі:

  • Иран шетелдіктердің тауар өткізу рыногына және арзан шикізат көзіне және экономикалық тәуелді елге айналды.

Бабшылдар көтерілісі

ХІХ ғасырдың 40-жылдарында Иранның Зенджан, Исфахан, Тебриз, Иезд қалаларында шаж билігіне қарсы халық көтерілісі жиілей бастады.

Көтеріліске дем беруші, жетекші - бабшылдар -исламның шиит тармағынан

Бабшылдар ілімінің жетекшісі - Сеид Әли Мұхаммед - 1844 жылы өзін Баб деп жариялады -аудармасы «қақпа»

Баб ілім і «Беян» атты кітабында жарияланды:

  1. Барлық адамдар заң алдында тең болуға тиіс
  2. Бабшылдардың әулие патшалығы Иранның маңызды аймақтары - Әзірбайжанда, Мазендеранда, Орталық Иракта, Фарс пен Хорасанда қүрылуы тиіс
  3. Шетелдіктер Иран жерінен қуылуы тиіс, дүние-мүліктері тәркіленіп, бабшыларға бөлініп берілуі тиіс

1848 жылы қыркүйекте бабшылдар көтерілісі әр түрлі аймақтарда етек алды.

1850 жылы Зенжанда, Фарста бабшылдар көтерілісі болды.

Көтерілісшілер мақсаты:

1) Шах билігін жою

2) Жерге жеке меншікті жою

  1. Жеке бас бостандығын жариялау

Көтерілісшілердің қозғаушы күші : қала кедейлері, қолөнершілермен жерсіз кедей шаруалар

Нәтижесі: 1850жылы Тербез қаласында Бабты шах әскерлері атып тастады.

1852 жылы бабшылар Насер ал- Дин шахқа қастандық ұйымдастырды,

көтерілісті басып тастады.

Иранның жартылай отарға айналуы

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Иранға шетел капиталының енуі күшейді. Иран жартылай отарға айналды.

(Әсіресе Ағылшын мен Ресейдің)

Ағылшын - елдің оңтүстігінде үстемдік жүргізді
Ресей - солтүстігіндеүстемдік жүргізді
Ағылшын- елдің оңтүстігінде үстемдік жүргізді:
  1. 1872 жылыбарон Ю. Рейтер шахтан 70 жыл мерзімге мұнай, басқа да табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алды
  2. 1889 жылышах Рейтерге тағы да 60 жыл мерзімге концессия беріп, Шахиншах банкін салуға рұқсат алды.
Ресей - солтүстігіндеүстемдік жүргізді:

1879 жылы шахтың өтініші бойынша орыс офицерлері парсылардың әскери бригадасын ұйымдастырып, әскерлерді оқытуға кірісті

1879 жылы орыстар телеграф жүйесін салуға концессия алды.

1886 жылы Лианозов Иранға қарасты Каспий теңізі суында балық кәсіпшілігін дамытуға ұзақ мерзімдік концессия алды

1890 жылы орыс капиталисі Поляков Тегеранда есеп-несие банкін салады

1900 жылы Иран Ресейден 22, 5 млн рубль

Мөлшерінде несие алады.

ХХ ғасырдыңбасында - Иран жартылай отарға айналды.

1905-1911 жылдардағы Иран революциясы

Революция себептері: шах мемлекеті шетел капиталын Иран эконамикасына жіберу арқылы, оларға жеңілдіктер беру арқылы халық мүдедесіне нұсқан келтірді.

ХХ ғасыр басында Иранда түрлі әлеуметтік топтар арасында шахтың билігіне, елдегі ауқатты топтар мен үкімет мүшелерінің шетелдіктер алдындағы дәрменсіз саясатына наразылық танытқан қозғалыстар өрістеді.

Діни топтар панисламизм идеясын уағыздады.

1905 жылы «Энджумене махфи» (Жасырын энджумен) деген атпен үкіметке қарсы қоғам.

1905 жылы желтоқсан Тегерандағы бұқаралық шеру мен шах Абдул-Азим мешітінде наразылық таныту әрекеті өткізілді.

Ереуілшілердің талаптары: 1) шетел азаматтарының биліктен кетуін

  1. Әділетхана құруды. халықтың арыз шағымын қарау.

1906 жыл маусым-шілде - жаңа конституцияның қабылдануын талап еткен ереуілдер

7. 10. 1906 жыл - Тегеранда алғашқы мәжіліс шақырылды.

Бірақ Мұмамед Әли шах революцияны басып тастады.

1907 жыл - революцияның ІІ -ші кезеңі

1908 -1909 - Иран революциясының ірі ошағы Тебрез қаласы.

1911жылы - Ағылшын, Ресейдің көмегімен революцияны күшпен басты.

Революцияның маңызы:

  1. Иран халқының саяси санасы өсе түсті.
  2. Шах басшылығы мен шетелдіктерге ұлкен соққы болды

Революцияның нәтижесі:

Иранды империалистердің қанауына жол ашты

Шах үкіметі шетелдіктердің кез келген шарттарын қабылдауға мәжбүр болды.

Ағылшындардан 2 млн фунт стерлинг

Ресейден 14 млн рубль несие алды.

ХХ ғасырдың басында Иран артта қалған жартылай отар елге айналды.

  1. Иранды жаулап алушы елдер қандай мақсат қойды, олардың саясатын салыстырыңдар:
Елдер
Себептері
Мақсаты
Елдер: Ресей
Себептері:
Мақсаты:
Елдер: Ағылшын
Себептері:
Мақсаты:
Елдер: Француз
Себептері:
Мақсаты:
  1. Оқиғалар мен жылдарды сәйкестендіріңдер:
1. Ирандағы революция
1. 1813 жыл 13 қазан
1. Ирандағы революция: 2. Ирандағы бабшылдар қозғалысы
1. 1813 жыл 13 қазан: 2. 1905 - 1911 жылдар
1. Ирандағы революция: 3. Ресей Иранда еркін сауда жасауға қол жеткізді
1. 1813 жыл 13 қазан: 3. 1848-1852жылдар
  1. Семантикалық карта:
Мемле-кеттер
Шах
Импе-ратор
Король
Тегеран
Лондон
Петер-бург
Ислам
Като-лик
Право-славие
Мемле-кеттер: Иран
Шах:
Импе-ратор:
Король:
Тегеран:
Лондон:
Петер-бург:
Ислам:
Като-лик:
Право-славие:
Мемле-кеттер: Англия
Шах:
Импе-ратор:
Король:
Тегеран:
Лондон:
Петер-бург:
Ислам:
Като-лик:
Право-славие:
Мемле-кеттер: Ресей
Шах:
Импе-ратор:
Король:
Тегеран:
Лондон:
Петер-бург:
Ислам:
Като-лик:
Право-славие:

Ұқсас жұмыстар
§1. Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы Англиядағы азамат соғысы
Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жеке елдерде өндірістің капиталистік жолмен дамуының ерекшеліктері
Күнтізбелік жоспар 8 сынып дүние жүзі тарихы
Ақмола тарихы
Үнді мемлекетінің құрылуы
Күнтізбелік жоспар 8 сынып дүние тарихы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақстандағы халық ағарту ісі. 8 сынып
Қазақстан тарихынан тақырыптық-күнтізбелік жоспар
§1. Еуропа елдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz