Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Студенттердің кәсіби білімі мен мәдениетін қалыптастыру

56515635СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМІ МЕН МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.



Аюпова Назым Байдуллақызы
информатика пәнінің жоғары санатты оқытушысы
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
<<Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі>> МКҚК

2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында "Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.>>- деп көрсеткен болатын. Елбасымыздың алға қойған мақсатын іске асырудың бірден - бір жолы студенттердің кәсіби білімін жетілдіру сонымен бір қатары олардың мәдениетті де білімді азамат болып шығуына ықпал жасау. <<Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі>> МКҚК негізгі дайындайтын мамандығы бастауыш сынып мұғалімдері. <<Білім көзі бастауышта>> -деген қағиданы ескере отырып, студенттерге сапалы білім мен қатар салауатты өмір салтына бейімделген, жаны мен дені сау, мәдениетті ұрпақ дайындау заман талабы. Қазіргі таңда білім-әрбір адамның өмірінде маңызды орынға ие болып отыр. Соған байланысты жас ұрпаққа білім нәрін берумен қатар, оларды тәрбиелеу маңызды орынға ие. Жастарды болашақ мамандыққа дайындау мақсатында арнаулы білім мен тәрбие беру ұйымдары жұмыс жасап келеді.
Жеке тұлғаның қоғамдық-педагогикалық шығармашылық қаблетін дамытуда олардың кәсіби шеберлігін шыңдау ерекше орын алады. Сондықтан кәсіби білім беру ұйымдары студенттердің ойлау қабілетін, адамгершілігінің және күш-жігерінің қалыптасуына, үздіксіз білім алуына және өз бетінше дайындалуына ықпал жасай отырып, жеке қасиеттерінің кең көлемде ашылуына ықпал жасауды қажет етеді.
Бұл мәселелерді шешуде болашақ студент-педагогтарды дайындауда келесі мәселелерді шешуге басымдылық беру қажет:
* Студенттерді болашақ мамандықтарына дайындау (теориялық және практикалық білімдері мен дағдыларын дамыту);
* Оқу практикасынан өту кезеңдерінде сабақ үлгілерін дайындауына әдістемелік көмектер көрсету (топ арасында сабақ өткізу, сабақтарын талдау, әдістемелік нұсқаулар беру, сабақ көрсету);
* Студенттердің оқу орнында өткізілетін әртүрлі шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету (білім және тәрбие мәснлелеріне қатысты пікірсайыстар ұйымдастыру, ақпараттық сауаттылық, ақпараттық мәдениет бағыттарында лекциялар, баяндамалар ұйымдастыру);
* Кәсіби мамандықтарына сәйкес оқу-әдістемелік кешендермен таныстыру (кітапханалармен бірлесе белсенді жұмыс жасау, ғылыми-әдістемелік басылымдармен, электрондық басылымдармен, Интернет материалдарын пайдалану жолдарын үйрету, іс жүзінде жұмыс жасау әдістерін меңгерту);
* Студенттер арасында бір-біріне көмек көрсетуді ұйымдастыру (өндірістік практика кезінде бір-бірімен ақпарат алмасуын, өз тәжірибелерімен бөлісуін, балалармен жұмыс жасау әдістері туралы пікір алмасу).
Сондықтан кәсіби білім беру ұйымдарының педагогтері әрбір студенттің мүмкіндігіне қарауы тиіс және оны тек педагогикалық ықпалдың объектісі деп қабылдамай, оны ерікті әрі өз еркімен әрекет жасаушы тұлға деп қабылдауы керек. Бұл студенттерге әдеппен қарау, олардың қадір - қасиетін құрметтеу, бұл жағдай өзара сыйласу, әріптестік жасау атмосферасын қалыптастырып, студенттерде жалпы мәдени құзіреттілікке қалыптасуына жағымды көзқарастар туындауына ықпал етеді. Мәдениеттендіруге бағдарлану қолайлы педагогикалық технологиялардан бас тарту емес, керісінше, студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер, жасау. Мұнда келесі талаптарды да ескерген жөн, олар: білім алушыны күмәнсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қарым - қатынас жасау; жеке тұлғасына құрметпен қарау және әр түрлі жағдайда да өзіндік жеке сезіміне құрметпен қарау; басқаға ұқсағысы келмейтін тұлғалық құқығын мойындау; ерікті таңдау жасауға мүмкіндік беру; білім алушының жеке тұлғасын емес оның іс - әрекеттеріне баға беру; білім алушының жеке даралық психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін ескеру (жүйке жүйесінің түрі, темпераменті, ойлау ерекшеліктері, қабілеті, қызығушылығы, қажеттіліктері, іс - әрекеттері, бағытталғандығы, мен тұжырымдамасының жағымды қалыптасуы, белсенділігі).
Кәсіби білім беру ұйымдарында студенттердің мәдениетін қалыптастыруда этнопедагогика тағлымдарын пайдалану ерекше орын алады. Болашақ кәсіп иелерінің халықтың рухани құндылықтарын түсінуі арқылы оларды қолдана алуымен анықталатын, кәсіби мәнді, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын құрайтын адамгершілік тұрғыдағы мәдени басқарушы іс-әрекеті болып саналады.
Бұл бағытта ерекше орын алатын студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін колледж ішінде ұйымдастырылатын әртүрлі бағыттағы шараларды атап көрсетуге болады. Солардың ішінен ұлтымыздың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрлерін, өнер туындларын насихаттайтын шаралар ерекше орын алады. Оларды атап көрсететін болсақ <<Жігіт сұлтаны>>, <<Қыз сыны>>, <<Өнер алды-қызыл тіл>>-студенттер шығармашылығы, <<Жыл басы-Наурыз>>-атты топтар мен колледж студенттері арасында өтетін салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын топ сағаттары сияқты шараларды атап көрсетуге болады.
Бұл шаралар студенттердің ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрімізге деген қызығушылығын оятады, этнопедагогика элементтерінің дұрыс ықпалы бар екенін сезінеді, ұлттық салт-дәстүрлерді, халықтық педагогика элементтерін болмысымен қабылдай алады және жалпы мәдени-ұлттық дүниетаным тұрғысында көрсете білуге ұмтылысы қалыптасады.
Мұндай шараларды ұйымдастыру студенттердің өзін-өзі жетілдіруі мен дамуына, ұлттық дәстүрлерді мәдени мұраларын ұстану біліктілігіне, этнопедагогика материалдарына негізделген жалпы мәдени мұраларымызды көрсете алуына мүмкіндік жасайды.
Бұл аталған мәселерді пайдалана отрып болашақ педагогтердің білім мен мәдениетін қалыптастырудың жалпы моделін жасауға болады:
* Этнопедагогика материалдарына сай тұлғалық құндылықтарға негізделген мәдени тұлғалық сапасы, ұлттық дәстүрлерді саналы түрде қабылдай алуы, оларға деген қызығушылығы мен жоғары құрметпен қарауы, этнопедагогика материалдарының білім беруде дұрыс ықпалының бар екенін жақсы түсіне білуі, ұлттық салт-дәстүрлердің салаларынан терең білімінің болуы, оларды жалпы мәдени тұрғысында пайдалана білуі және өзінің өмірін мәдени құндылықтарға бағыттай отырып, өзін-өзі көрсете алуы.
* Этнопедагогика материалдарын, ұлттық дәстүрлерді эмоционалдық тұрғыда қабылдауға ұмтылуы, оған деген қызығушылығының оянуы, бірақ оны пайдалануға мән бермеуі, өз тарапынан оны түсінуге, талдауға ниеттенбеуі, өзі өмір сүріп отырған ортасында этнопедагогика материалдарын пайдалануға біршама қызығушылық көрсеткенімен, өзінің іштей психологиялық мүмкіндігінің таяздығынан ешбір белсенділік көрсете алмауы. Сондықтан студенттер арасында әлі де болса өзінің жалпы мәдени сапаларын көрсете алмайды.
* Этнопедагогика материалдарының жалпы мәдени маңызын түсінбейді. Этнопедагогика мұраларына қызығушылығы мен құрметпен қарағанымен, жалпы мәдени құндылықтарды қалыптасуындағы ықпалын жете түсінбейді.
Осындай модельді пайдалана отырып, оны бірізділікпен іске асыру студенттердің оқу-тәрбие процесінде адамгершілік сезімі, ұлттық санасы, рухани мәденеттілігі, мінез-құлқы, өмірлік ұстанымдарының дұрыс бағытталуына, өзі өмір сүріп отырған ортада ықпалды әрекет жасауға мүмкіндік туғызады.
Педагогикада педагогикалық жүйедегі оқыту мен тәрбие міндеттеріне байланысты ажыратылады. Сондықтан дәстүрлі педагогикалық жүйе мен жаңа педагогикалық жүйе жаңартылған, жетілдірілген оқу-тәрбие процессін дамытуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінің жетілдірілген формасы болып табылады. Жаңа педагогикалық жүйе білім алушылардың үздіксіз білім алуына, өзін дамытуға үнемі көңіл бөлуіне бағытталған жүйе болып табылады. Ғылым мен техниканың дамыған заманда ескі жүйеде жұмыс жасау студенттердің тұлғалық дамуына, заманауи техникалық құралдармен жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді. Этнопедагогика элементтері мен жаңа педагогикалық технологияларды үйлестіре отырып пайдалану, студенттердің білім сапасы мен мәдени қалыптасуына игі әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ этнопедагогика материалдары негізінде студенттердің жалпы мәдени құзыреттіліктін қалыптастырудың мынадай жолдарын айқындайды:
* этнопедагогика материалдары негізінде студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігін қалыптастыруды оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мүмкіндігін бағалау;
* осы бағытта студенттерді кәсіби бағыттылықты құраушы мазмұнды аспектідегі оқу-тәрбие материалдарын іріктеу;
* студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігін этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастыру бойынша әдістемелер ұсыну;
* оларды жүзеге асыру құралдар жүйесін тиімді пайдалану.
Студенттердің білім мекемелеріне қабылданған күннен бастап білім алуға деген ынталарын арттыру, оқу-тәрбие үрдісінде этнопедагогика элементтерін тиімді , заман талабына сай пайдалану, мамандықтарына сәйкес оқу материалдары мен практикалық жұмыс үлгілерін ірктеу, этнопедагогика материалдарының студенттерді кәсіби даярлау деңгейіне қарай қамтылуы, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық формаларын пайдалану, оқытудың жаңа технологиларын кәсіби мамандқтарына сәйкес пайдалану, мүмкін болған жағдайда этнопедагогика тағлымдарын насихаттайтын элективті курстар ұйымдастыру.
Сондай-ақ студенттердің кәсіби білімін шыңдауда ерекше орын алатын өз бетінше жұмыс жасай алатын озық формалар мен әдістерді меңгерту барысында жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Оның басты себебі студенттер тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі, әдептілігі алуан түрлі болып келуі мүмкін.
Сондықтан студенттерді байсалдылыққа, өз қатар-құрбыларына қамқорлық көрсетуіне, берілген тапсырмаларды ұқыпты орындауына және дер кезінде есеп беріп отыруға, оқу орнында бекітілген жүріс тұрыс ережелерін мүлтіксіз орындауға, басқа студенттерге достық ниет білдіруіне, қандай жағдай болмасын ұстамдылық көрсетуіне, өзіне достарының, курстастарының, көпшіліктің назарын жақсы жақтарымен аудара алуына, үлкендермен, қатар - құрбыларымен, өзінен кішілермен сұқбаттасу кезінде дауыс ырғағын сақтай білуіне тәрбиелеу қажет. Сонымен қатар студенттер арасында мәдениеттілік туралы әңгіме қозғағанда олардың, өзара және ұстаздарымен әңгімелесу кезінде әңгіеге тарата білу дағдысы, әңгіме желісін дұрыс ұйымдастыра отырып тыңдаушыны қызықтыра білу қасиетінің болуы, әңгіме айту кезінде байсалдылықты сақтауы, өтініші мен тілегін орынды жеткізе білуі, ересектердің қойған талаптарын орындаудан бас тартпауы, егер қойған талап орынсыз болса, онда айтылған тапсырманы кейін өз пікірін мәдениетті түрде жеткізуге, сыпайы сөздерді қолдана отырып өзінің көзқарасына иландыра білу қабілетін, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге, әңгімені бастамас бұрын ойын жинақтап, айтылатын ойының мақсатын анықтап алуға, сөйлесіп отырған адамының сөзін бөлмей, оның өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру, берілген сұрақтарға жалтақтамай тура жауап беруге, сөйлеп отырған адамның пікіріне өз ықыласын білдіруге, әртүрлі жғдайда көмек беруге дайын болуға және үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіре отырып оларға қамқор олуға тәрбиелеу ұстаздардың алдында білім берумен қатар тұрған үлкен міндеттің брі болып табылады.
Ұстаздар қауымы жастарға тәрбиелік мәні жоғары тағлымдар берумен шектелмей, олардың білімді де білікті кәсіп иесі болуына ықпал жасауы қажет. Ұлы ғұлама Әл-Фараби <<Білімсіз берген тәрбие тұл>> дегенді басшылыққа ала отырып, студенттердің де біліміне қойылатын негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет.
Студенттердің жалпы білімділігіне қойылатын негізгі талаптар:
* Дүниетанымы кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылым негіздерін меңгеруі;
* Әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық пәндері саласында базалық білімінің болуы;
* Заманауи техникалық құралдарды қолдану дағдысының болуы, оны ақпаратты жинақтауда, өңдеуде, беруде қолдана білуі;
* Кәсіби қызметіне байланысты ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
* Үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында ғылым мен техника жаңалықтарын меңгеру дағдысының болуы;
Қорыта келген білім мен тәрбиенің егіз екендігін ескере отырып, болашақ кәсіп иелерін Қазақ елінің білімді де білікті, жоғары мәдениетті толыққанды азаматы етіп дайындау ұстаздардың басты міндеті болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:
* Интернет материалдары
* Маркова А.К. Психология труда учителя. М.: Просвещение, 2005
* Новое педагогическое мышление / Под ред. А.В. Петровского. М.: Педагогика, 2007



Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім даярлау
Мұғалім тұлғасына қоғам қоятын талаптар - мұғалімнің кәсіби құзырлығы
Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
Дене мәдениетін қалыптастыру
Оқытушының нақты тапсырмалар беруі
Танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал ететін технологиялар
Сабақтың нөмірі
Анатомия пәнінің оқытушысы
Арнайы семинар
Пәндер