Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Xxi ғасыр көшбасшысы. жоспар
Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой-өрісін, білімдерін кеңейту,
тереңдету. Өз ойын ашық жеткізе білу, информатика пәндерінее деген
қызығушылығын арттыру, озық ойлылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың типі: Сыныптан тыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысы
Сабақтың барысы:
Сабақтың ойын бөлімдері мен қатысатын студенттермен таныстыру.
Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы
ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген студенттер !
Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер білім саласында да жетерлік. Өмірдегі
барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы
баршамызға құтты болсын! Колледжіміздің 3 курс студенттері арасында өткелі
отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалдық сайысымызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы , - деп ақын атамыз айтқандай « ХХІ –
ғасыр көшбасшысы» ойынына қатысушы сайыскерлерді шақырамыз.
Алдымызда өз ақылдылығымен, тәрбиелілігімен, тапқырлығымен, есепке
жүйріктігімен көрініп жүрген ИнБ-63 , МтБ-43, МБ- және ОрБ-23 топтарынан
8 –студент келіп тұр. Сайыскерлерді таныстырайық:
Бірінші ойыншымыз МтБ-43 тобының студенті өте сабырлы, салмақты, әдепті қыз
Аяпова Айкерім.Сүйіп оқитын пәндері қазақ тілі, математика, шет тілі.
Екінші ойынға қатысушыМтБ-43 тобының студенті өнерлі , инабатты, ақылды
қыз. Есбосынова сүйіп оқитын пәндері математика, әдебиет, информатика
Үшінші ойыншымыз өте ақкөңіл, салмақты, зерек-ИнБ-63 тобының студенті
Тобышова Ботакөз сүйіп оқитын пәндері математика, информатика әдебиет.
Төртінші ИнБ-63 тобы студенті өте ақылды мінезі салмақты Абдихалықова
Жанар
Бесінші ойыншымыз, әдепті, салауатты өмір салтын ұстанатын ОрБ-23 тобы
студент Ақбаева .
Алтыншы қатысушымыз ОрБ-23 тобының он қолынана өнері тамған студенті
Имашева . Сүйіп оқитын пәндері орыс тілі Информатика .
Жетінші ойыншымыз МБ- тобының тәрбиелі, белсенді студенті Сүйікті
пәндері әдебиет, тарих, математика.
Соңғы сайыскеріміз МБ- тобының өте инабатты, сабырлы әдепті студенті .
Сүйікті пәндері қазақ тілі, әдебиеті, бейнелеу өнері.
Қош келдіңіздер, сіздерге сайыста сәттілік тілейміз!
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазыларымызбен танысып алайық:
1.
2.
3.
Құрметті ойыншылар және көрермендер, келесі кезекте ойын кезеңдеріне
тоқталайық. Сайыс сабақ 4 кезеңнен тұрады
І. Бәйге
ІІ. Көкпар
ІІІ. Дода
ІҮ. Жорға
І Бәйге Еліміздің тәуелсіздігі ата – бабаларымыздың асқақ арманынан
туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңістің куәгері сіздер дей
келе, ойынымыздың І кезеңі «Бәйгені» бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге де еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз
Ойынның мақсаты: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты: Барлықтарыңызға бірдей сұрақтар қойылады. Жауап парағына
дұрыс жауапты белгілейсіңдер. Әр сұрақ 10 ұпайға теңестіріледі.
Әділқазылар ұпайларыңызды шығарып отырады. Ұпайы аз ойыншы ойыннан
шығады.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз! Ендеше сайысымызды бастаймыз.
Сұрақтар:
1.Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы ?
А. процессор *
Ә. монитор
Б.пернетақта
В. тышқан
2. Қағаздағы кескінді дисплей экранына мүмкіндік беретін құрылғы?
А. плоттер
Ә. принтер
Б. сканер*
В.процессор
3.Оны бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыруға болмайды,ол жүйелі
блоктың ішінде орналастырылған және сыйымдылығы үлкен болады .
А. Қатқыл диск*
Ә.жедел жады
Б. Кэш жады
В. Флешка
4. Себет қайда орналасқан?
А. Менің құжаттарым қалтасында
Ә. Жұмыс үстелінде*
Б. Ортақ құжаттар қалтасында
В. Желілік орта қалтасында
5.Меңзердің сол жағындағы символды қай пернемен өшіреміз?
А. Delete*
Ә. Backspace
Б. Enter
B. Insert
6. Адам денсаулығына зиян келтіретін компьютер құрылғысы ?
А. пернетақта
Ә. монитор*
Б.модем
В.колонка
7.пернетақтадағы келесі жолға өту пернесі ?
А. Delete
Ә. Backspace
Б. Enter*
B. Insert
8.Бір бөлменің немесе ғимараттар аумағында біріктірілген компьютерлер тобы
?
А. Компьютерлік желі
Ә. Аумақтық желі
Б. Интернет желісі
В. Жергілікті желі*
9. Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі?
А. алгоритмдеу
Ә. Блок -схема*
Б. Программа
В. әрекет
10.Ол барлық бағдарламаларда болады.ол командалар таңдауға мүмкіндік
береді. Бұл не?
А. мәзір*
Ә. файл
Б. Мәтін
В. Құжат
ІІ. Сайысымыздың келесі кезеңі « Көкпар» сайысына берейік.
Ойынның мақсаты: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту,
шапшаңдыққа үйрету.
Ойынның шарты: Әр студент өзінің жақсы білетін тақырыбын таңдап, берілген
сұрақтарға тез жауап беру, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Ұпайы аз
ойыншы ойыннан шығады.
Сұрақтар:
1.Информатика ұғымдары
1Information ” – деген сөзі нені білдіреді? ( мәлімет )
2.Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер ? (пикселдер)
3. О және 1 ғана бола алатын ақпараттың өлшем бірлігі? (Бит)
4. Дыбыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон )
5. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандайда бір пайымдау? (пікір )
2. Бағдарламалау тілдері
1.Программалау тілінде жазылатын алгоритм? (программа немесе бағдарлама)
2.Begin end cөздері арасында ... жазылады? (командалар )
3. Бейсик тілінде енгізе операторы қалай жазылады? (INPUT )
4.Айнымалылар Паскаль тілінде қандай сөзден кейін сипатталып жазылады?
(Var )
5.If Then Else қандай оператордың түйінді сөздері? (Тармақталу )
3.Word бағдарламасы
1. МS Office –тік мәтіндік бағдарламасы? (МS.Word)
2.Windows- тың негізгі объектісі не? (терезе )
3. Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұрып тасымалдасақ қандай әрекет
орындалады? ( көшіру )
4. Мәтіндік бағдарламадағы 4-ші қатар қалай аталады? ( пішімдеу )
5. Құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтитын жол. (Тақырып
жолы )
4.Excel бағдарламасы
1.Электрондықкестенің ең қарапайымобъектісі не? (ұяшық )
2. Электрондық кестеде формулалар қалай жазылуы керек?(теңдік белгісінен
кейін )
3.Жұмыстық кітапта неше бет бар ? (3)
4.ЕхсеІ бағдарламасында қанша жол бар? (65 536)
5. Мicrosoft Excel файлы не деп аталады? (жұмыс кітабы )
5. Power Point бағдарламасы
1.Көзге көрінетін күрделі объект? (слайд)
2. Слайд –фильмді экранға шығару режимі ? (көрсету режимі )
3.Слайдтарды жасауға , онда нысандарды
–мәтіндерді,суреттерді,диаграммаларды,клиптерді , дыбыстарды орналастыруға
арналған аймақ? (Жұмыс аймағы )
4. Power Point бағдарламасының кеңейтілуі? (*.ррt )
5. Слайдты көрсеті үшін қандай пернені басамыз? (Ғ5 )
6. Access бағдарламасы
1. Бір –бірімен байланысқан мәліметтерді, объектілерді және мәліметтер
базасын басқару жүйелерін баптау параметрлерін сақтайтын файлдар не деп
аталады? . (Мәліметтер базасы)
2.Мәліметтер базасының негізгі объектісі? (кестелер)
3. МS. Access бағдарламасында кесте құрудың неше әдісі бар, қандай ? (3)
4. МS. Access бағдарламасының кеңейтілуі қандай? (*.ассdb )
5.Кесте, сұраныс, форма ,басылым, кілт және санауыш- бұлар нелер ?
(мәліметтер базасының негізгі ұғымдары )
ІІІ. Көп оқыған, білгені мол адам әділетті, айбынды қоғам қайраткері бола
алады. Яғни қоғам тағдыры, мемлекет тағдыры білімді ұрпақ өздеріңіздің
қолдарыңда.
Ең қиыны жарыстың « Дода» келді.
Мықтылары қалыпты жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көрерміз ерен ерді – дей келе келесі
ІІІ кезеңіміз Доданы бастаймыз.
Ойынның мақсаты: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту,
шапшаңдыққа үйрету.
Ойынның шарты: Әр ұяшықтарға сұрақтар берілген . Ұяшықтардағы ұпай саны
сұрақтардың атауына байланысты. Ұяшықтар 10 нан – 50 санына дейін
берілген.Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
|Тақырыбы |10 |20 |30 |40 |50 |
|Ғалымдар |19 жасында |Қазіргі |Бэббидж |Есептеуіш |Бұл |
| |1642 жылы |таңда бұл |машинасына |техниканың |американ-дық |
| |дүние жүзінде|адам атақты|бағдарлама |қарқындап |ғалым ХІХ |
| |алғаш он |«» |жазған |дамуы |ғасырдың |
| |разрядты |компаниясын|алғашқы |ХІХғасырдан |соңында |
| |сандармен |ың |программист |басталды.1833 |есепші-перфор|
| |арифметикалық|президенті.|әйел. |жылы бұл ғалым|ациялық |
| |амалдарды |13 жасында |(Ада |бағдарлама |машина |
| |механикалық |алғаш |Лавлейс) |арқылы |құрас-тырды. |
| |түрде |программасы| |басқарылатын |Осы |
| |орындайтын |н құрған | |«Аналитикалық |машинасының |
| |қосу |(Билл | |машина» |көмегімен көп|
| |машинасын |Гейтс) | |жобасын |адамдар 7 жыл|
| |ойлап тапқан | | |жасады. |бойы |
| |француз | | |Сондықтан да |есептейтін |
| |математигі. | | |оны қазіргі |есептеулерді |
| |(Блез | | |компьютердің |3 жылда |
| |Паскаль) | | |атасы деп |есептеп |
| | | | |атайды.(Чарльз|шықты.Бұл |
| | | | |Бэббидж) |кісі |
| | | | | |есептеуші |
| | | | | |пер-форациялы|
| | | | | |қ машиналарды|
| | | | | |фирмасының |
| | | | | |негізін |
| | | | | |қалады, кейін|
| | | | | |дүние жүзіне |
| | | | | |әйгілі |
| | | | | |компьютер |
| | | | | |шығаратын ІВМ|
| | | | | |фирмасына |
| | | | | |ай-налды. |
| | | | | |(Герман |
| | | | | |Холлерит) |
|Тарих |Есептеуіш |Бұл санау |Ада Лавлейс |Джон Фон |Программалар |
| |техниканың |құ-рылғылар|Бэббидж |Нейманның |сақтау |
| |қарқынды |ын гректер |машинасына |ЭЕМ-ның жалпы |мүмкіндігі |
| |дамуы қай |мен Батыс |бағдарламасы|принципін |бар 1949 жылы|
| |ғасырдан |Европа-лықт|н қай жылы |ойлап тапқан |шыққан |
| |басталады?(ХІ|ар «абак» |жазды?(1846)|жылы. (1945) |алғашқы |
| |Х) |деп,қытайлы| | |компьютер |
| | |қтар | | |қалай |
| | |«суанпан» | | |аталады. |
| | |деп, ал | | |(ENIAC) |
| | |жапон-дықта| | | |
| | |р не деп | | | |
| | |атаған? | | | |
| | |(Серобян) | | | |
|Компью-те|Ол үйде де |ДК-да ол |Англия |Оның ішінде |Бұл құрылғы |
|рдің |компьютерде |бірнешеу. |қалаларының |аналық тақша, |командаларды |
|құрауыш-т|де |Ол іште |бірінің |процессор, |таниды,оларды|
|ары |болады.Оның |және сыртта|атымен аттас|қоректендіру |орындайды ж/е|
| |үйде жүргені |болады.Адам|компьютерде |блогы, жедел |нәтижелерін |
| |ыңғайсыз, |дарда да |ақпарат |жады,қатқыл |шығарып |
| |компьютерде |бар . Адам |сақтауға |диск, |береді н/е |
| |болғаны |қартайғанда|арналған |дискжетек, |машина |
| |қалыпты жайт.|жоғала |құрылғы. |СD-ROM, |жа-дына |
| |Бұл қандай |бастайды. |30х30 |бейнетақша, |сақтайды. |
| |құрылғы. |Онда |калибрлі |дыбыс тақшасы |Компьютердің |
| |(тышқан) |ақпарат |қаруды да |мен және басқа|кез-келген |
| | |сақталады |осылай |құрылғылар |жұмысы оның |
| | |(жады) |атайды. |орналасқан |қатысуымен |
| | | |(винчестер) |.Бұл негізгі |жұмыс |
| | | | |құрылғы қалай |жасайды. Бұл |
| | | | |аталады. |қай құрылғы. |
|Әртүрлі |16 желтоқсан |ҚР | Париж |Қазақтың ұлтық| 7-ші қысқы |
| |ға қатысқан |елтаңбасы |сахнасында |ойыны |Азияда |
| |жастарды ата?|ның |ән салған |тоғызқұмалақта|ойынындағы |
| | |авторлары |тұңғыш қазақ|барлығы неше |бейнеленген |
| | |кім? |әншісі? (Ә. |тас бар? |символды ата?|
| | | |Қашаубаев) |(162 тас) |(Барыс) |
ІҮ. «Жорға» кезеңі
Білімдіден шығады алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең
Соңғы сайыстың жүгі ауыр дегендей, «Жорға» кезеңінеде келіп жеттік. Бұл
кезеңде екі сайысшымыз өз жылдамдықтарын танытып, жеңімпаз болуы тиіс.
Тапсырма
Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім, ал 10110 жасымда жоғарғы оқу орнын
бітірдім ол кезде сендер 111 жастасыңдар. 11110 жасымда ғылыммен
айналыстым . Осы есептің шешімін табыңдар.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ – қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік – деп бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне
жеткен сыңайлы, ендеше сөз кезегін әділ – қазыларға берейік.
Жеңімпаздарды марапаттау.
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі
биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал ұл – қыздарына
саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп,
еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-
көп рахмет , келесі кездескенше сау болыңыздар.
Жауап парағы
Тобы_______________________________ Дұрыс
жауабы:____________
Аты-жөні_________________________
Балы:___________________
Бәйге кезеңі
|Сұрақтар |1 |2 |3 |4 |5 |6 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Бағалау парағы
|Қатысушылар |І тур |ІІ тур |ІІІ тур |IV тур |Барлық ұпай |Алған |
| |«Бәйге »|«Көкпар»|«Дода » |«Жорға ?»|саны |орыны |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz