Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Қазақ батырлары жайлы ақпарат


Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары.

Мақсаты:
1. Бұдан үш ғасыр бұрынғы қазақ батырлары туралы алғашқы ұғым.
2. Отанын сүю, ерлік, намыс, батырды мақтан ету, өжет болу.
3. Өткенді ұмытпау. Материалдарды пысықтау. Жарыс ойын
түрінде интеллектуальды ойын өткізу, тіл дамыту.
Сауатты жазу, талдау.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: 2007 жылғы 28 ақпандағы Президент жолдауы. Ақындар
портреті, суреттер, плакаттар, Ер қаруы –бес қару
суреті.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Елбасы жолдауымен таныстыру.
2. Сабақ әнұранмен басталады.
3. Ел. Рәміздері туралы еске түсіру.
Ту, Елтаңба, Әнұран.
4. Туған ел. Отан туралы не білеміз?
Отан деген не?
Отан от басынан басталады.
«Қазақстан Республикам менің»
Ауыл деген не десем.
5. Жаңа сабақ «Казак батырлары»
Өткен сабакта Абылайхан туралы окушылар тусінік алды.
Абылайхан Бұхар жырау тұсында өмір сүрген. Қандай қазақ батырлармен
ақылдасып, бірлесіп ел басқарған?
Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Жәнібек сынды батырлар өмір сүрген.
Олар ХVII – XVIII ғасырда өмір сүрген Қазақ халқы жер үшін жоңғар
қалмақтар жерімізді қан сасытқан. Осы қиындықты мойындарымен
көтерген осы батырлар болған.
Қазіргі қару жарақтың қандай түрін білеміз?
- Мылтық, пистолет, винтовка, автомат, пулемет, миномет т.б.
Ал, ол кезде жекпе-жек айқас болған екен.
Ер қаруы –бес қару.
Найза, қылыш, айбалта, шоқпар, садақ.
6. Интеллектуальды ойын.
5 оқушы қатысады. Олар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар,
ғұламалар шығармасын айтып жарысқа түседі.
Балдық жүйемен бағалау, ұпай беріледі.
Абай өлеңі, Ыбырай, Ахмет өлеңдері.
Фараби, Шоқанның досы туралы айту.
Кім жылдам? /мәнерлеп оқу/
7. Үш би өлеңін оқу.
Әйтеке, Қазыбек, Төле.
8. Заттың атын білдіретін сөздер.
Заттың сынын білдіретін сөздер.
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер

9. Сұрақтары.
Кім? Не? Кімдер? Не істеді? Не қылды? Қайтті? Қандай? Қай? Қанша? Неше?
Нешінші?

10. Жаттығу орындау.
Қарсы мәндес сөз тап:
Үлкен Алыс
Биік Жақсы
Кең Ақ
Жуан Қалық
Ұзын Өткір

11. Сөйлем талдау.
Жыл құстары келді.

сан е

Асан төрт ұя жасады.

12. Жорға сұрақтары.
1. Жуан дауысты дыбысты ата?
2. Көршің кім?
3. Неше бөпең бар?
4. Мамаң нешеде?
5. Жеті атаңды білесің бе?
6. Қыста ұйықтайтын аң?
7. Көктем айын ата?
8. Жыл мезгілін ретімен ата?
9. Үй маңындағы құстар?
10. Төрт түлік атасы? т.б.

13. Бәйге. 30 40 50 60 70
30-5 ондық қай сан?
40- Тасымал не үшін керек?
50- Құстар қандай топқа жатады?
60 – 100 – 30 азайтамын
70- Қазақстандағы қала аттары?

Қорытынды жасалады
Қазақ батырлары кімдер екен?
Олар қандай қару ұстаған?
Ойын қорытындысы шығарылып, бағаланады.

Үйге: Қазақ батырларын жаттау. 145 –жаттығу /оқу, жазу/
«Батыр болып бабамдай» әңгіме құрастыру.

Бастауыш сынып мұғалімі: Наурызбаева Гүлстан.

М.Орынбасаров атындағы орта мектеп
Шалқар ауданы
Ақтөбе облысы

Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары. Құрмалас сөйлем
Исатай мен махамбет бастаған халық азаттық көтеріліс
Қазақ тарихы туралы не білесін? 6 сынып
Қалта телефоны туралы мәлімет
Қазақ хандары
Махамбет өтемісұлы
Біздің еліміздің астанасы қай қала
Ұлы Отан соғысы батырлары
Пәндер