Паскаль тілінің қарапайым операторларымен жұмыс. 9 сынып

Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: Паскаль тілінің қарапайым

операторлары

Өткізген: Арбекова Багдат

информатика пәні мұғалімі

Түркістан

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің қарапайым операторы.

Сабақтың мақсаты : 1. Жаңа тақырыпты өткен сабақпен байланыстыра

отырып, қарапайым оператор, оның жазылу тәртібі

мен қолдану ережесін түсіндіру, оқушыларға мысал

келтіру, есеп шығарту

2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі

тапсырмалар арқылы дамыту, теориялық білімін

практикамен ұштастыруға, берілген тапсырмаларды

тиянақты орындауға, программа құрылымының

сауаттылығын дамыту

3. Ұқыптылыққа, өзбетінше еңбектенуге, нәтижелікке,

өзін - өзі бағалауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту

Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық, жобалық

Оқыту формасы: ұжымдық, жеке

С. көрнекілігі: ЭҚ «Жоба», интерактивті тақта, Паскаль бағдарламасы,

үлестірме бетшелер

Пән аралық байланыс: ағылшын, қазақ әдебиеті, дене, биология

С. жоспары:

І. Үй тапсырмасын тексеру

Жадымызды жаңғыртайық

ОЭ-1. Ақиқат пікірді тап

ОЭ-2. Шама түрін анықта

ОЭ-3. Сызбаны толтыр

ІІ. Зертханалық жұмыс

Операторлар бөлімін зерттеу алгоритмі (59-60 бет)

1. Оператор дегеніміз не?

2. Операторлар қалай жазылады?

3. Жазылу түрі қандай?

4. Операторларды пайдаланып не істеуге болады?

5. Операторлар нешеге бөлінеді? Олардың құрамы .

ІІІ. Жаңа сабақ (Нұсқау хат)

ІҮ. Пысықтау, бекіту

ОЭ-4. Қатені тап, дәлелде

ОЭ-5. Жаттығу жұмысы

Ү. Жоба қорғау. Зерттеу жұмысы

ҮІ. Өткенді қайталау

ОЭ-6. Синонимді тап

ОЭ-7. Жасырын сөзді тап

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІІ. Оқушы білімін бағалау

С. барысы:

Ұйымдастыру

1. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын ретке келтіру, журнал толтырту

Бүгінгі сабағымыз 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өтетіні баршаңызға белгілі .

І. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

Мақсат: Түрлі оқу элементтері көмегімен үй тапсырмасын тексеру арқылы, сабаққа дайындықтарын тексеру

1. Ақиқат пікірді тап

А . sqrt - санның екі дәрежесі

Б. DIV - қалдықты табу

В. АВС(х) - х санының абсолют шамасы

Г. Паскаль тілін ұсынған Блез Паскаль.

Д. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады.

2. Шама түрін (типін) анықта:

А. 19, 5; 1, 5; 136, 18 ; 1012 - нақты

Б. -49; 127; -12698 - бүтін

В. «Паскаль тілі»; « 9 сынып»; «16 желтоқсан» - тіркестік

Г. True, false - логикалық

Д. «3»; «с»; «#» - символдық

3. Сызбаны толтыр. Сипаттау бөлімінің реттілігі:

1. Кітапханалық модуль

2. Белгі

3. Тұрақты

4. Типті

5. Айнымалы

6. Процедура

7. Функция

ІІ. Зертханалық жұмыс

Мақсат: Берілген алгоритмге жүгініп, сұрақтар бойынша оқулыққа зерттеу жүргізу

1. Оператор дегеніміз не? 2. Операторлар қалай жазылады?

3. Жазылу түрі қандай? 4. Операторларды пайдаланып не істеуге болады?

5. Операторлар нешеге бөлінеді? Олардың құрамы.

1. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс - әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі.

2. Жазылу ретіне қарай операторлар бірінен кейін бірі тізбектей орындалады. Әр жол нүктелі үтір (; ) арқылы бөлініп жазылады.

3. BEGIN

1 - оператор;

2- оператор;

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ;

n - оператор;

END.

4. Операторларды пайдаланып айнымалыға мән меншіктеуге, берілген мәліметтерге амалдар қолдануға, программаны басқаруға, мәндер енгізуге, шығаруға, процедура мен функцияны орындауға болады

5. Оператор екіге бөлінеді: қарапайым және құрама.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Оператор. Паскаль тілінің қарапайым операторы.

Олимпиада алдында сіздерге мынадай нұсқау хат.

Меншіктеу операторы - жазылғын өрнектің мәнін есептеп, айнымалыға меншіктеу

Жазылу пішімі: <айнымалы атауы> := <өрнек>

Айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәннің типі бірдей болуы қажет.

Мысалы: var n: real;

begin

n:=19. 36;

Төмендегі кестеден қайсысы меншіктеу операторы болатыны немесе болмайтыны мысал ретінде келтірілген.

Өрнек: Өрнек
Түсініктеме: Түсініктеме
Өрнек: z:=0
Түсініктеме: Болады
Өрнек: a=c+1
Түсініктеме: Болмайды, меншіктеу таңбасы салынбаған
Өрнек: -z:=y
Түсініктеме: Болмайды, айнымалы атауы теріс болмауы тиіс
Өрнек: 2*p+3:=x
Түсініктеме: Болмайды, айнымалы мен өрнек орны ауысқан

Көшу операторы

Көшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды

Жазылу пішімі: GOTO <белгі>;

.

<белгі>: end .

Көшу операторын қолданған жағдайда : оны программа мәтіні бойынша тек төмен қарай көшу үшін пайдаланған жөн. Белгі тұрған орын мен көшу операторының арасы мәтін бойынша бір беттен артпауы тиіс.

Бос оператор

Ол ешқандайда амал орындамайды. Бос оператор қалдырылып кеткен оператордың орнын белгілеу үшін пайдаланылады.

Енгізу операторы - мәліметтерді енгізу . READ (ағылшынша - оқу)

Жазылу пішімі:

read (a, b, c) ; - айнымалы мәндері пернелер арқылы араларына 1 бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді.

readln (a, b, c) ; - пернелерден мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді.

readln; - ешқандай мән енгізбейді, тек курсорды келесі қатарға көшіреді.

Мысалы: var n: real;

m: integer;

k: char;

begin

read (n, m, k) ;

Программаға 212. 5 38 `d` - мәлімет енгізу дұрыс орындалған

`d` 212. 5 38 - мәлімет енгізу дұрыс орындалмаған

Енгізілген айнымалы мәні өз типтеріне сәйкес келуі шарт.

Шығару операторы - нәтижені экранға шығару. WRITE (ағылшынша - жазу)

Жазылу пішімі:

write (a, b, c) ; - мәнді бір жолға шығарады

writeln (a, b, c) ; - мәнді әр жолға, бірінің астына бірін шығарып көрсетеді

Мысалы:

Бүтін санды экранға шығару

var k: integer;

r: real;

begin

read (r) ;

write (k:n) ;

Есеп №1

Радиусы R болатын шеңбер ұзындығын есептеу программасын құрып көрсету қажет .

Pi=3. 14 L:=2*pi*R

ІҮ. Пысықтау, бекіту .

Нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, олимпиада ойынына қатысайық.

1. тапсырма

ОЭ-4. Қатені тап, дәлелде

Мақсат : Берілгендердің қатесін тауып, дәлелдеу

1. Х = K + 4

2. X := 3, 74*A

3. 3*K := M

4. Begin, intejer, program

5. Writeln (‘c=', c:2:6) ;

2. тапсырма

Оқулықтағы №1, 5 (а), 12 есеп.

Мақсат : Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсініктерін бақылау, теориялық білімдерін практикамен ұштап, пысықтау

№1

Program alma;

Var m, k, l, t : integer;

a:integer;

begin

readln(m, k, l, t) ;

a:=t*(m+k+l) ;

writeln(a) ;

readln;

end.

Ү. Өткенді қайталау

3. тапсырма

Мақсат: Бағдарламаның сөздік қорындағы бастапқы сөздерге сәйкес синонимді табу

Бастапқы сөз: Бастапқы сөз
Синоним сөз: Синоним сөз
Бастапқы сөз: Алгоритм
Синоним сөз: Заңдылық, реттілік, тізбек, тәртіп
Бастапқы сөз: Қайталану
Синоним сөз: Цикл, әйтпесе
Бастапқы сөз: Айнымалыға теңестіру
Синоним сөз: Меншіктеу
Бастапқы сөз: Соңы
Синоним сөз: Бітті, аяқталды
Бастапқы сөз: Тұрақты
Синоним сөз: Константа
Бастапқы сөз: Атау
Синоним сөз: Идентификатор
Бастапқы сөз: Нәтижені табу
Синоним сөз: Шығару, есептеу
Бастапқы сөз: Қатар
Синоним сөз: Жол

4. тапсырма

М :Берілген тақырыпқа жоба қорғау. Көркем - әдеби шығармаларға зерттеу жүргізіп, алгоритмнің қай құрылымына келетінін түсіндіру

Тақырыбы:


Ұқсас жұмыстар
Паскаль – бағдарламалау тілі
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Ақпаратты сығу программалары
Паскаль тіліндегі басқару операторлары.9 сынып
Анықталған шарт
Программалау тiлi. тiлдiң алфавитi. программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi
Мәліметтер типі. Өрнек. Айнымалылар
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Шығару операторы
Паскаль тілінің алфавиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz