Қимақ қағанаты (IX ғ. аяғы - XI ғ. басы): құрылымы, саяси тарихы және мәдениеті


Сабақтың тақырыбы: «Қимақ қағанаты (ІХғ. аяғы - ХІ ғ басы) »

Күні:

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларды қимақ қағанатының тарихымен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушының танымдық білімі мен білігін дамытудың қайнар көзі - түрік дүниесі тарихының даму ерекшеліктері және маңызын ашып көрсету;

Тәрбиелік: Түрік халықтарының шаруашылығы мен рухани мәдениетінің жаңа беттерін ашу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан тарихынан топтамалар

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын тексеру, түгендеу, сабаққа назарын аудару

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

  • Оғыз мемлекетіне тарихи анықтамалық құрастырыңдар
  • Оғыз мемлекетіне қатысты термин сөздер мағынасын ажыратыңдар
  • Мемлекеттің саяси тарихына қатысты хронологиялық кесте құрастыру
  • Оғыз тайпалары туралы мәлімет қалдырған ғұламалар және олардың тұжырымдары туралы не білесіңдер?

ҰБТ әлеміне саяхат:

  • Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші
  • 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды
  • Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан
  • Оғыздардағы тайпалар саны
  • Әл-Идриси “ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды”-деп қай тайпалар туралы жазған?

Мағынаны тану

Жоспар:

  • Қимақ тайпасының тайпалық құрамы, құрылуы
  • Қағанаттың қоғамдық құрылысы
  • Қағанаттың саяси тарихы
  • Шаруашылығы, қолөнері, мәдениеті

Негізгі мәлімет

Хронологиялық кесте толтыру

Мерзімі
Болған оқиғалар
Мерзімі: ҮІІғ басы
Болған оқиғалар: Қимақтар Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеді
Мерзімі: ҮІІғ ортасы
Болған оқиғалар: Алтайдың солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшті
Мерзімі: 766-840жж
Болған оқиғалар: Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөлге қоныстанды
Мерзімі: 840жж
Болған оқиғалар: Эймур, ланиказ, ажлар, баяндур, татар, имек, қыпшақ тайпалары қосылды
Мерзімі: Хғ басы
Болған оқиғалар: Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алды
Мерзімі: Хғ ІІ жартысы
Болған оқиғалар: Қарахандар шапқыншылығынан ыдырай бастады
Мерзімі: Хғ
Болған оқиғалар: Ислам дінін қабылдады

Терминдермен жұмыс

Қаған - қимақ қағанатының билеушісінің титулы

Ябғу- қағаннан екі саты төмен атақ

Шад-түтік - жеке тайпа көсемдері

Қимақтар туралы деректер:

Парсы тарихшысы Гардизи: «Құрамында 7 тайпа болды, ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар», «Шаруалар өз мырзаларының малын бақты, қысқа арнап әрқайсысы өздерінің шама шарқына қарай қой, жылқы, сиыр етін сүрлеп алады»

Махмұд Қашқари: «Малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқтар қарапайым халықты жатақтар деп атаған. олар қолөнерді, балық аулауды кәсіп еткен»

Жазба деректер: «Қимақтар қамыс қаламмен жазған»

Ойтолғаныс

  • Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа
  • Х ғасырда Қимақтарда тараған дін
  • VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ
  • Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы
  • Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма беру:§ 6 32-35 беттерді оқу, ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерді қайталау


Ұқсас жұмыстар
ІХ-ХІ ғасырлардағы Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрамы, қоғамдық-саяси құрылымы, шаруашылығы мен мәдениеті - сабақ жоспары
Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері (IX-XIII ғғ.): тарихы, саяси-қоғамдық құрылымы және мекендеген аумақтары
Ұлы географиялық ашулар (XIV ғ. аяғы - XVI ғ. басы): бағыттары, зерттеушілер және тарихи салдары
Тарих пәні сабақтарының оқу жоспары: Астана мен рәміздер, IX-XII ғғ. қолөнер, сауда және Қимақ қағанаты
Талдықорған заң колледжі. Ашық сабақтар жинағы: XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық-саяси дамуы
Алтын Орда (ХІІІ ғ. ортасы - XVI ғ. басы): құрылуы, күшеюі, әлсіреуі және басқару жүйесі - тарих сабағының жоспары
7 сынып Қазақстан тарихы сабақ жоспары: Ақ Орда (XIII-XV ғ.)
Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ. басы): қоныстанған жері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы
Ақ Орда мемлекеті (ХІІІ-ХV ғ. бірінші жартысы): құрылуы, әкімшілік-қоғамдық құрылымы және тарихи маңызы
XI-XV ғасырлардағы Испания: реконкиста, саяси бірігу және инквизиция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz