Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Фонетикадан өткенді қайталау
Аты-жөні: Төлепқалиева Индира Серікбайқызы
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілім: 1
Жұмыс орны: А.Құсайынов ат. ОЖББМБ
Мекен-жайы: БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы, А.Құсайынов көш.,№30
Телефоны: Ж: 87114023434, Ү: 87114023541, Ұ: 87055159099
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі, - Алматы: Атамұра, 2010 жыл
2. Сағындықов Е.Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: «Рауан», 1991 жыл.
3. Ибрагимов Қ., Қазақ тілі қысқаша анықтама, - Алматы, «ШЫҢ-КІТАП», 2012
жыл
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: «Сөздік-Словарь»,
1999 жыл
5. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті, - Алматы:
«Алматыкітап» ЖШС, 2006 жыл.
6. «Талапкер» топтамасы. Қазақ тілі: 5-11-сыныптар. – «Арман-ПВ» баспасы,
2004 жыл
7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері, Алматы, 1993 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Фонетикадан өткенді қайталау»
И.С.Ашенова, қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім
беретін
мектеп-балабақшасы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: фонетика тарауы бойынша өтілген
тақырыптарға шолу, алған білімдерін еске түсіру, пысықиау, бекіту;
ә) дамытушылық: туған тіл байлығын қадірлеуге, жүйелі сөйлеуге, ойды
жеткізе білуге тәрбиелеу;
б) тәрбиелік: ана тілін құрметтеуге, ұжымшылдыққа, сауатты сөйлеп, жаза
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сайыс сабақ, жаттығу және талдау, сұрақ-
жауап, ой сергіту ойындары.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, Абай портреті, дидактикалық топтамалар,
түрлі сюжетті суреттер, кубок, тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу, оқушыларды тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Қайталау – оқу анасы,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы».
Құрметті білім алушы оқушылар, бүгін біздің сабағымызда халқымыздың ұлы
ақыны Абай Құнанбайұлы қонақта. Біздер тобымыздың аттарын ұлы ақынның
«Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі бес асыл іске қатысты етіп аламыз.
Жарысқа кіріспес бұрын әр топ өзін таныстыру қажет. Ал сайысты бастайық!
Әр топ сынып бөлмесі ішінде белгіленген орынға бөлініп отырады. Топтың
аттары жазылған белгі партаға қойылады. Әр топ жетекшісі өздерінің тобын
төмендегі шумақтар арқылы таныстырады.
1. «Талап» тобы.
Талабың болса тайсалма,
Өзіңді-өзің байқа да,
Талаптансаң жеңесің
Қиындықты қашанда.
2. «Еңбек» тобы.
Еңбек етсең ерінбей,
Еңбегің қалмас көрінбей.
Зор табысқа кенелтер
Құлшына еткен еңбек қой.
3. «Терең ой» тобы.
Терең ой сенің қанатың,
От болып ылғи жанатын.
Білімділік пен іскерлік,
Сені іздеп те табатын.
4. «Қанағат» тобы.
Қанағат – асыл қасиет,
Адал жүректі ақниет.
Қанағатшыл бол әрқашан,
Пайдасы тиер сан рет.
5. «Рақым» тобы.
Рақым – сенің ұятың,
Бетіңдегі асыл ұятың.
Рақымды болса әр адам,
Жаныңда ылғи болатын.
Үй тапсырмасы бойынша жұмыстар төмендегідей болды. 330-жаттығу. Топ
басшысы өз тобындағы бір оқушысына тесттік тапсырманы орындауды тапсырады.
Тесттік тапсырмалар әр топқа бір ашық, бір жабық тесттан беріледі.
«Талап» тобына
1. Қай сөзде ілгерінді ықпал барын белгілеңіз.
А) Жауып
Ә) Сабағы
Б) Жазса
+В) Ашса
Г) Көнбеді
2. Кейінді ықпал дегеніміз не?
«Еңбек» тобына
1. Қай сөзде кейінді ықпал барын белгілеңіз.
+А) Сөзсіз
Ә) Қашса
Б) Көрікпай
В) Сәтбай
Г) Ала көз
2. Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?
«Терең ой» тобына
1. Қай сөзде тоғыспалы ықпал барын белгілеңіз.
А) Жазсын
Ә) Жанболат
Б) Жанпейіс
В) Адамнан
+Г) Шайтанкөл
2. Ілгерінді ықпал дегеніміз не?
«Қанағат» тобына
1. Ілгерінді ықпалды табыңыз
А) Бесігім
+Ә) Сәтпай
Б) Тарағым
В) Теуіп
Г) Тауып
2. Дауысты дыбыстың неше түрі бар?
«Рақым» тобына
1. Кейінді ықпалды тап.
А) Тастан
Ә) Жазғы
+Б) Кітабым
В) Тасжарған
Г) Шайтанкөл
2. Дауыссыз дыбыстардың неше түрі бар?
Фонетикалық талдау жұмысы. Бұл тапсырма топтың басқа бір мүшесіне
орындауға беріледі. Әр топқа бір-бірден төмендегі сөздер.
1) Оқушы
2) Сыныпта
3) Көгершін
4) Жапырақ
5) Достары
Әр топтан тапсырма алған оқушы төмендегі математикалық теңдеу бойынша
орындайды.
Берілгені: оқушылар
Әр топтан жауап берген оқушылардың жауабы топ жетекшілеріндегі бағалау
жауап парағына түсіріледі.
|№ |Жауап берген оқушының аты |Әр жауаптың бағасы |
| | |«5» |«4» |«3» |«2» |
|1 | | | | | |
|2 | | | | | |
|3 | | | | | |
|4 | | | | | |
|5 | | | | | |
ІІІ. Фонетика тарауы бойынша тапсырмалар.
1. «Топ басшылар» сайысы.
(Слайд арқылы 6 ұяшық беріледі, ұяшықты таңдау арқылы сұраққа жауап
береді).
1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.(Фонетика)
2. Бейне сұрақ. Қоғамдағы әр түрлі саяси әлеуметтік
өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929
жылы қандай әліпбиге көшті. (Мектеп-балабақша директоры М.Н.
Қабиева) (Латын әліпбиіне)
3. Ашық дауысты дыбыстардың саны нешеу, оларды ата.(6, а, ә,
о, ө, е, э)
4. Буын дегеніміз не? (Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір
немесе бірнеше дыбыстардың жасалған фонетикалық бөлшек)
5. Қазақ халқының жазу тарихы сонау ІІІ ғасырдағы көне түркі
жазбаларынан бастау алады. Қазақстанға мұсылман дінінің,
ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі қай
ғасырларда негіз болды.(ҮІІІ-ІХ ғ.ғ.)
6. Қазақ тіліне тән дыбыстадың саны нешеу, оларды ата.(9, ә, ғ,
қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і.)
ІІ. «Орамал тастау» ойыны.
Орамалды қарсылас топтағы біреудің иығына тастайды да «ал» деп
дауыстайды. Ол алып «ма» дейді, немесе «мұрт» дейді. Сонда алма, алмұрт,
т.б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек.
ІІІ. «Кім жылдам» ойыны
| |1 |2 |3 |6 |
|3 |ө |р |л |З |
|4 |н |а |ы |Т |
|5 |е |д |қ |і |
3;4;5;6 8;9;10;12 - 15;12;18;12;9 24;30;9.
Құпия мақалды тауып, ішінен тасымалдауға келмейтін сөздерді атау керек.
ІҮ. «Кубок лақтыру» ойыны. Кубок лақтыру арқылы әр сөзге фонетикалық
талдау жасау. 1. Мұғалім; 2. Мектеп; 3. Оқушы; 4. Тақта; 5. Қалам; 6.
Дәптер.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
353-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 2-суретке қарап, түлкінің, қоянның,
үйректің мінез-қылығына лайық диалогтер құрап, әңгіме жазыңдар.
Жазған әңгімелерің бойынша бір-біріңнің жұмыстарыңды бағалаңдар.
ҮІ. «Әліпби реті» Қазақстан қалаларын әліпби тәртібімен жазып шық
(Интерактивті тақтадан Қазақстан картасы көрсетіледі).
ҮІІ. Семантикалық картамен жұмыс. (Қатыспай отырған оқушыларға
таратылады)
«Талап» тобына
№ |Әріп |Дауысты |Дауыссыз |Жуан |Жіңішке |Ашық |Қысаң |Еріндік |Езулік
|Қатаң |Ұяң |Үнді | |1 |А | | | | | | | | | | | | |2 |Ү | | | | | | | | | |
| | |3 |Л | | | | | | | | | | | | |4 |Қ | | | | | | | | | | | | |
«Еңбек» тобына
№ |Әріп |Дауысты |Дауыссыз |Жуан |Жіңішке |Ашық |Қысаң |Еріндік |Езулік
|Қатаң |Ұяң |Үнді | |1 |Ә | | | | | | | | | | | | |2 |Ұ | | | | | | | | | |
| | |3 |Д | | | | | | | | | | | | |4 |М | | | | | | | | | | | | |
«Терең ой» тобына
№ |Әріп |Дауысты |Дауыссыз |Жуан |Жіңішке |Ашық |Қысаң |Еріндік |Езулік
|Қатаң |Ұяң |Үнді | |1 |Ө | | | | | | | | | | | | |2 |Ы | | | | | | | | | |
| | |3 |З | | | | | | | | | | | | |4 |Т | | | | | | | | | | | | |
«Қанағат» тобына
№ |Әріп |Дауысты |Дауыссыз |Жуан |Жіңішке |Ашық |Қысаң |Еріндік |Езулік
|Қатаң |Ұяң |Үнді | |1 |О | | | | | | | | | | | | |2 |Е | | | | | | | | | |
| | |3 |Ж | | | | | | | | | | | | |4 |П | | | | | | | | | | | | |
«Рақым» тобына
№ |Әріп |Дауысты |Дауыссыз |Жуан |Жіңішке |Ашық |Қысаң |Еріндік |Езулік
|Қатаң |Ұяң |Үнді | |1 |И | | | | | | | | | | | | |2 |Э | | | | | | | | | |
| | |3 |С | | | | | | | | | | | | |4 |Х | | | | | | | | | | | | |
ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Фонетика» сөзіне сөзжұмбақ құрап жазу.
ІХ. Білімдерін бағалау.
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы,
Мұратсай ауылы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz