Сын есімне өткенді қайталау

Аты-жөні: Төлепқалиева Индира Серікбайқызы
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілім: 1
Жұмыс орны: А. Құсайынов ат. ОЖББМБ
Мекен-жайы: БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы, А. Құсайынов көш., №30
Телефоны: Ж: 87114023434, Ү: 87114023541, Ұ: 87055159099
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тұрсынова Г. Т., Қасымбек А. А., Қазақ тілі, - Астана: «Арман-ПВ», 2011. 6-сынып
2. Калиев С., Оразаев М., Смаилова М., Қазақ халқының салт-дәстүрлері, - Алматы, «Рауан», 1993 жыл
3. Ибрагимов Қ., Қазақ тілі қысқаша анықтама, - Алматы, «ШЫҢ-КІТАП», 2012 жыл
4. Батырлар жыры, 1-том, - Алматы: Жазушы, 2006 жыл.
5. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті, - Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006 жыл.
6. «Талапкер» топтамасы. Қазақ тілі: 5-11-сыныптар. - «Арман-ПВ» баспасы, 2004 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Сын есімнен өткенді қайталау»
И. С. Ашенова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
А. Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп-балабақшасы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сын есімнен өткенді қайталау, өткен материалдармен байланыстыра оқушының білімдерін бекіту, тиянақтау.
ә) дамытушылық: оқушының іздену, зерттеу, шығармашылық қабілеттерін қрістету, өлеңдердің, мәтіндердің мәнін аша отырып, терең ойлауға, жүйелі оймен көркем сөйлеуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге, үлкенді сыйлауға, өз елінің дәстүрін, әдет-ғұрып, салт-санасын білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: қайталау сабақ («Қобыланды батыр» жыры бойынша)
Әдісі: интерактивтік әдіс, семантикалық картамен жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, сергіту сәті.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, этнопедагогика, математика.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Сабақтың мақстаты мен міндетін айту.
- Балалар, біз әдебиеттен«Қобыланды батыр»жырын оқыдық. Біз бүгінгі сабағымызда«Қобыланды батыр»жырының өзгешелеу нұсқасымен таныс боламыз. Қобыландының Құртқаны келін етіп түсіру, әрі қазақ халқының ғажайып салт-дәстүрлерімен де жақын бөлісе отырамыз. Ол үшін Қобыландының алдында бірнеше тапсырмалар бар екен, біз сол тапсырмаларды орындау арқылы Қобыландыға көмектесейік.
Қобыланды мен Естеміс екеуі бір таудың басында демалып жатса, бір дауыс естіледі. «Бұл не қылған дауыс?» деп Естемістен сұрағанда:
- Бұл таудың арғы жағында Қызылбас деген ел бар, соның Аймақ деген ханы ай астына бақан құрғызып, алтын теңгені кім алса қызым Құртқаны сол алар, - деген дауыс дейді.
Қобыланды сол елге барып Құртқаны алып келмекші болады. Бірақ Естеміс Қобыландыға баруға рұқсат етпейді.
Енді Қобыландыға алдымен Естемістің сынынан өтуге көмектесейік. Ол үшін мына семантикалық картаны толтырайық.
2. «Сиқырлы қақпа». Қобыланды Қызылбас еліне жеткенше алдынан алты қақпа кездесіпті. Әр қақпада алты түрлі тапсырма бар екен, соларға жауап беріп көрейік.
1-қақпа 2-қақпа 3-қақпа
4-қақпа 5-қақпа 6-қақпа
3. «Алтын теңге». Қобыланды Естемістің сынынан, алты қақпадан өтіп Қызылбас еліне келеді. Ендеше, Қобыландыға ай астындағы алтын теңгені алуға көмектесейік.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай
( Үзіндіден сын есімді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз ) .
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай,
Иегі бар сеңгірдей,
Бір батыр болды сол күнде-ай!
«Алпамыс батыр» жыры
( Үзіндіден сын есімді тауып, тұлғасына қарай ажыратыңыз ) .
Елімнен Мәскеу жеткенше,
Жазыла түсіп жол жатыр,
Көкорай шалғын жер жатыр,
Асқар-асқар тау жатыр.
Жамбыл
( Үзіндіден сын есімді тауып, құрамына қарай ажыратыңыз ) .
Орынды іске жүріп ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
Абай
( Үзіндіден сын есімді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз ) .
4. «Қызыл Ердің айласы». Сөйтіп, Қобыланды Құртқаға қолым жетті ме дегенде, Қызыл Ер жолына кедергі болады. Қызыл Ердің кедергісінен өтіп көрейік.
(Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер беріледі, ішінен сын есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасау) .
- Еріншек егіншіден ерінбеген масақшы озады.
- Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
- Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.
- Білімді адам тілін билей алады. (Құтып)
Қобыланды алдында тұрған барлық кедергілерден өтіп, берілген тапсырмаларды орындап, Құртқаға қосылады. Сөйтіп ұлан-ғасыр той басталды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz