8-сынып: Тахауи Ахтановтың Күй аңызы әңгімесін талдау және Нар идірген күйінің өнердегі маңызы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов “Күй аңызы”

Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіме сюжетіне талдау жасау,

кейіпкер бейнесін ашу.

2. Оқушының шығармашылық

қабілетін шыңдау, ізденуге, өзінше

топшылауға, өз ой-пікірін

дәлелдеуге, өз көзқарасын айта

білуге дағдыландыру.

3. Өнер құдіретін сезініп, өнер

адамына құрметпен қарауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу, қазақ тілі, география

Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе бетшелер, суреттер

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Бүгінгі сабақта

Күй күшті, тауды - тасты бұзатұғын,

Орнына өз өрнегін сызатұғын.

Талқандап тас кереңді үн оятар,

Дүкені дүниенің қызатұғын.

Әке сезімі

Күй құдіреті Сезімталдық

Қыздың ақылдылығы Нардың ботасын жоқтауы

І топ “Күй аңызы” тобы (топ басшылары өз тобының атын қорғайды)

ІІ топ “Өнер құдіреті”

ІІІ топ “Нар идірген”

Композиция - көркем шығарманың құрылысы, тұтастық бірлігі.

Сюжеттің басталуы - екі салт атты.

Дамуы - жолаушылардың нарды көруі.

Шиеленісуі - үй иесінің өтініші.

Шарықтау шегі - нардың иіп, сүт шығуы.

Шешімі - “Нар идірген” күйінің өмірге келуі.

І тапсырма:

Шығармаға суретші көзімен. (Әр топ үйден салып келген суретін қорғайды)

ІІ тапсырма:

Қиял қанатымен (оқушы қиялы)

Сурет астында тапсырма (домбыра, үй, нар)

І топ. Әңгімеден портретті табу. Портрет деген не?

ІІ топ. Күй, күйші сөзіне анықтама бер?

ІІІ топ. Монолог пен диалогты табу.

ІІІ тапсырма.

Шығармашылық шарықтау.

Егер мен күйші болсам . . . (Үш топ күйші бейнесіне енеді)

ІV тапсырма.

“Күй аңызы” әңгімесінен үзінді (Әр топ әңгімеден өзіне ұнаған үзіндіні таңдап, өз пікірін білдіреді)

V Қорытынды.

Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті. )

Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау)

Шығарма неге “Күй аңызы” деп аталған?

Қосымша:

А. Жұбановтың “Ғасырлар пернесі” кітабында “Нар идірген” күйінің шығу тарихына шолу берілген.

Түйін: Күй құдіретіне бас ие отырып, бүгінгі сабағымызға арқау болған

“Нар идірген” күйін тыңдасақ.

Амангүл Серікқалиева “Нар идірген” күйін тартады.

Сөз сырына саяхат.

Қырқа - ұзыннан ұзақ созылып жатқан биік жер, қыр.

Аруна - бір өркешті таза тұқымды түйенің ұрғашысы

Бошалап кету - ұрғашы малдың төлдеу алдында оңаша кетуі.

Тулақ - жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін кептірілген, қатырылған шикі тері.

Тарамыс денелі - еті қашу, сіңірлену, таралу.

Талдырмаш денелі - тал шыбықтай үзіліп тұрған, нәзік, жіңішке.

Көнек - көннен, теріден жасалған бие, түйе саууға арналған ыдыс.

Қағылез - арықша, жұқалтаң, жүріс - тұрысы ширақ, шапшаң.

Қайнар - судың жерден шымырлап шығып жататын көзді жері, бастауы.

Жырада - қар суы жырып кеткен ойдым шұңқыр.

Күйіс қайырмау - жануардың жеген жемін шайнап, қорытпауы.

VI. Үйге тапсырма: Өнер тақырыбында шығарма жазу

VII. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Тахауи Ахтановтың Күй аңызы бойынша аралас сабақ: домбыра өнері мен сыни ойлауды дамыту
Ашық сабақ жоспары: баспасөз-конференция форматында Т. Ахтановтың шығармасы мен Нар идірген күйін талдау
8-сынып қазақ әдебиеті: Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіндегі өнер тақырыбы
Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіне арналған сабақ: автор өмірі, күйдің шығу тарихы және әдеби-музыкалық талдау
8-б сынып: Нар идірген күйін талдау және шығармадағы материалдық пен рухани құндылықтарды салыстыру
1-сынып музыка сабағы: Нар идірген күйімен танысу
8-сынып әдебиеті: Күй аңызы әңгімесіндегі жазушының сөз қолдану шеберлігін жан-жақты талдау - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ілияс Жансүгіровтің Күй поэмасы: күй аңызы, қобыз өнері және әдеби талдау
8-сыныпқа арналған диктант: сөйлем құрылымы мен түрлері бойынша бақылау (Күй аңызы мәтіні негізінде)
3-сынып: Күй тартыстың мәні және күй айтысының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz