Өндірістік оқу сабағы

Өндірістік оқыту сабағының жоспары
Мамандығы 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Бағдарлама тақырыбы: Microsoft Offise Excel бағдарламасы
Сабақтың тақырыбы: Диаграммалар құру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Excel электрондық кестесінде графикалық объектілермен жұмыс жасауға, диаграмма құра білуге, олардың типтерін кестедегі мәліметке сәйкес таңдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың тақырыпқа деген ойлау, есте сақтау қабілеттерін және зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушылардың мәдениетті сөйлеу нормаларын қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, кеспемен жұмыс, тірек сызба.
Материалдық- техникалық жабдықтар: Компьютерлер, интерактивті тақта, жұмыс дәптері
Өткізу орны: №6 оқу шеберханасы
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. 1. Білім алушылармен сәлемдесу.
1. 2. Білім алушыларды түгендеу.
1. 3. Оқу шеберханасының санитарлық - гигиеналық жағдайын бақылау, құрал-жабдықтарды тексеру, білім алушыларды оқу-технологиялық құжаттармен, технологиялық карточкалар мен сызбалармен қамтамасыз ету.
II. Кіріспе нұсқау.
2. 1. Сабақтың мақсатын және тақырыбын хабарлау.
«Сапалы білімге қол жеткізу» тренинг.
Түрлі -түсті қағаздар таратылады. Сол қағаздар арқылы білім алушылар топтарға бірігеді. Нәтижеде 3 топ пайда болады. Ортақ қасиеттер айтылады. Топтар өздеріне ат қояды. Ұрандарын айтады. Ережесін жасайды. «Топ ережесі» газетін шығарады. Екі түрлі-түсті қағаз алынады. Қызыл «тоқтатады», жасыл «жүргізеді».
2. 2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;
Сұрақ жалпыға бірдей, әр топ белсене қатысады. (5 ұпай)
- Ұяшық деген не? (Бағандар мен жолдардың қиылысуы)
- Бағандар қалай белгіленеді? (Латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады)
- Жолдар немен белгіленеді? (Жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленеді)
- В3 адресі нені анықтайды? (В бағанасы мен нөмірі 3-ші жолдың қиылысындағы ұяшықты)
- Мәтін цифрдан басталатын болса, енгізуді қандай цифрдан бастау керек. (') символынан бастау керек.
2. 3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;
Электрондық кестелер-бұл кесте ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі. Диаграммалар-мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағанннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.
2. 4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2. 5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
2. 6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырыпты бойынша білім деңгейлерін тексеру;
Тест сұрақтары: (7 ұпай)
- Электрондық кестеде жолдарды немен белгілейді:
A) Сандармен;
B) Әріптермен;
C) Сандармен және әріптермен;
D) Сөзбен;
E) Рим сандарымен .
2 . Электрондық кестеде А1:В3 ұяшықтар тобы ерекшеленген, бұл топта неше ұяшық бар:
A) 6;
B) 5;
C) 4;
D) 3;
E) 12.
3 . Электрондық кестеде формула қандай таңбамен басталады:
A) +;
B) =;
C) ";
D) @;
E) -.
4 . MS Excel бағдарламасында құрылған файлдың кеңейтілуі:
A) . doc ;
B) . xls;
C) . exe ;
D) . txt;
E) . sys.
5. Ехсе1-де есептеулерді не арқылы жүргізуге болады:
А) Тек формулалар арқылы жүргізіледі;
В) Функция және диаграммалар арқылы жүргізіледі;
С) Формула және функциялар арқылы жүргізіледі;
D) Диаграммалар және формулалар арқылы жүргізіледі;
Е) Тек стандартты функциялар арқылы жүргізіледі.
6. Электронды кестеде қатар тұрмаған ұяшықтарды перне көмегімен ерекшелеу үшін қандай пернелерді қолданады?
A) Shift
B) Alt
C) Ctrl
D) TAB
E) Esc
7 . MS Excel жұмыс кітабына бетті қалай қосуға болады:
A) Сервис мәзір көмегімен;
B) Формат мәзір көмегімен;
C) Вставка / Лист;
D) Формат / Лист;
E) Правка / Лист;
2. 7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2. 8. Білім алушыларға тапсыру беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу:
3. 1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары: Топтарға тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды 3 топ жеке-жеке орындайды. Тапсырмалар деңгейлік.
Тапсырма №1 (3 ұпай)
Нұсқа бойынша кесте дайында.
Диаграмма құру
- Кестені тақырыбымен белгілеп ал.
- Енгізу менюінен Диаграмма командасын таңда.
- Диаграмманың түрін таңда.
- Диаграмманың атын жөнде.
- Диаграмманың орналасуын анықта.
- Диаграмманы жылжыт, өзгерт.
- Диаграмманың еңкеюі мен бұрылысына қара.
- Диаграмманың түсін өзгерт.
Тапсырма №2 (5 ұпай)
Оқу жылының басынан бастап күнделігіңді атқарып, онда кесте түрінде бағанының санына деректер енгізіп жаз «5», «4», «3», бар болса- «2». Деректерге сүйене отырып, дөңгелек диаграмма құр.
Сектордың түсін өзгерт:
«5» - қызыл түс,
«4» - көк түс,
«3» - жасыл түс,
«2» - сары түс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz