Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Түйе жайлы ақпарат


Сабақтың тақырыбы: Түйе.

Сабақтың мақсаты: төрт түлік төресі түйе туралы мағлұмат бере отырып,
өлеңді
мәнерлеп оқуға
үйрету.

Сабақтың міндеттері:б)Халық ауыз әдебиетінің бір саласы төрт түлік
жырлары туралы
айту. Түйе өлеңін мәнерлеп оқып,
түсіндіру. Екі және қос өркешті
түйелер ерекшеліктерін баяндау.
Түйеге қатысты ою-өрнек түр-
лерін және төрт түлік пірлерін
ажырата білуге баулу.

д) Өлеңді мәнерлеп оқу, сауатты
жазу дағдыларын қалыптастыра
отырып, өз ойларын ашық, жүйелі
баяндау іскерлігін және таным-
дық қабілеттерін, сөздік қорын
дамыту.

т) Төрт түліктің пайдасын айта
отырып, оқушыларды еңбексүй- гіштікке, төрт
түлікті қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, төлдер, түлік пірлері, кесте, сөздік,
мақал- мәтелдер,
ребус, сұрақтар, маскалар, ою-
өрнек түрлері, түйе түрлері,
сөзжұмбақ, түйе жүнінен
жасалған тоқыма бұйымдар,шуда,
түйе жүні.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, жаңа технологиялық әдіс,
интерактивті
тақта,мультфильмнен үзінділер,
флипчарттар .

Сабақтың типі: Білім жетілдіру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ..

Пән аралық байланыс: музыка, дүниетану,бейнелеу.

Сабақтың формасы: топтық, жеке, ұжымдық..

Барысы:
І.Бағдарлау-мотивациялық кезең.(10 мин)
Психологиялық дайындық..
Балаларды төрт топқа бөлу.
Бүгінгі сабақ қалай өтеді деп ойлайсыңдар?
(Балалар жауабы)
№1 слайд
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» мультфильмінен үзінді.
Ерте, ерте ,ертеде хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты. Әр аң
өздерінің жақсы жақтарын айтып таласыпты.Жыл басы болуға төрт түлікте өз
еншілерін алуға келіпті.
Ең алдымен ортаға Қой шығады. ( Мультфильмнен үзінді. Қой шығып өзінің
жыл басы болуы керектігін айтады.)

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
№ 2 слайд
Қой өзін жыл басы болуға үміткер екенін айтып ортаға шығады.
Қой әнін айтады.
Қой шыққан топ оның пайдасын айтады.
Олар « Қозылар» тобы болады.

№ 3 слайд
Келесі ортаға жылқы шығады.(Мультфильмнен үзінді. жылқы шығып өзінің
жақсылығын айтады.)
Олда өз әнін шырқап, жыл басы мен боламын дейді.
Жылқы шыққан топ жылқының пайдасын, ерекшеліктерін айтады.
«Құлыншақтар» тобы болады.
№ 4 слайд
Енді ортаға мөңіреп сиыр шығады.(мультфильмнен үзінді, сиыр шығып өзінің
жыл басы болуға лайық екенін айтып таласады.)
«Жыл басы мен боламын» деп әнге басады.
Сиыр шыққан топ оның пайдасын айтады және «Бұзауқандар» тобы болады.
Үйге берілген «Сиыр» өлеңін әр топтан бір бала мәнерлеп оқиды.

ІІІ. Үй тапсырмасын
бекіту.
№ 5 слайд
Кестемен жұмыс

|Сиырдың сүтінен |Сиырдың терісінен |Сиырдың етінен |
|жасалатын тағамдар |жасалатын заттар |жасалатын заттар |
|Сүт |Күртеше |Бесбармақ |
|Қаймақ |Тон |Кәуәп |
|Май |Етік |Тұшпара |
|Құрт |Былғары белдік |Қуырдақ |
|Ірімшік т.б. |Әшекей бұйымдар т.б. |Шұжық т.б. |

№ 1 флипчарт
Төрт түліктің жайылымдағы көрінісі

№ 6 слайд
Балғын суретшілер
Балалар салған суреттерін тақтаға іліп көрме
ұйымдастырады.
ІV.Актуалдау.
№ 7 слайд

«Үнді сөзжұмбақ».
Флипчарт № 2
Жануарлардың дыбысы арқылы сөзжұмбақты шешу. Ерекше торкөзде «Түйе» сөзі
шығады.
Осы кезде ортаға төрт түліктің төресі түйе өзінің жыл басы болудан үміті
зор екенін айтады.( Мультфильмнен үзінді көрсетіледі. Түйе өзінің жыл басы
болуға лайық екенін айтып ортаға шығады. )
«Ботақандар» тобы Түйенің әнін орындайды.

ІІ.Операциялық – орындаушылық кезең.(20 мин)
V. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін біз төрт түліктің ішіндегі төресі түйеге кеңірек
тоқталамыз.
Түйе туралы, түйенің пайдасы туралы балалар өз білгендерін ортаға салады.
Түйе шыққан топ «Ботақандар» тобы болады.
Бүгін біз, балалар «Түйе» өлеңімен танысамыз, дәптерге күннің жадын,
тақырыпты
жазамыз.

№ 8 слайд

[pic]

Қос өркешті және бір өркешті нар түйе туралы, олардың ұқсастығы мен
ерекшелігі туралы өңгімелеу.
(Осы жерде кеме мен «шөл кемесін», яғни түйенің шөл далада жүргенін
салыстыру.)

№ 9 слайд
Түйеге қатысты ою-өрнектерді табу.

[pic]

№ 10 слайд
Түйе
Маң, маң басқан, маң басқан
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан;
Тілін тікен теспеген,
Мұрындығы келіскен,
Алабота жегені,
Ащы қурай, теріскен.
« Шөк» дегенде «Бық» деген
Шешіп үйін жүктеген.
№ 11 слайд
Сөздік жұмысы
Шуда- түйенің мойынындағы,тізесіндегі жүні.
Мұрындық- байлауға, жетектеуге арналған әбзел.
Алабота, теріскен, ащы қурай-шөптің түрлері.
Қом басқан – май басқан,семірген

№ 12 слайд
Шығармашылық тапсырма
Шуда
(Шуда туралы әңгіме ,сөйлем
жазу.)
№ 13 слайд
Бекіту тест сұрақтары
1. Түйенің төлін қалай атайды?
А)бұзау ә)құлын б) бота в) қозы
2. Сүті қалай аталады?
А)шұбат ә) қымыз б) айран в) қымыран
3. Түйенің жүрісі
А)шабады ә)маң- мң басады б)жортады в) секіреді
4. Шуда қай малда болады?
А) ешкіде б) жылқыда б) түйеде в)қойда
5. Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
А) алабота ә) изен б) селеу в) киікоты

№ 14 слайд
«Өзіңді тексер» слайды бойынша балалар өз жауаптарын тексереді.

№ 15 слайд
«Суретті аяқта» ойыны. Слайдта түйе өркешіне ұқсас сурет беріледі. Балалар
суреттен басқа заттардың суретін шығаруы тиіс.

Жүрек, алма, көзілдірік,ерін, қалпақ т.б. суреттер құрастыруға болады.
№ 16 слайд
Қорыту
Балалар, түйе жыл басы боламын деп бар жақсылығы мен пайдасын айтты.
Бірақ аңдар «жыл басы болу үшін күннің шығуын кім бірінші көрсе сол болады»-
деп уағдаласты. Түйе бойына сенді .Бірақ тышқан түйенің өркешіне шығып
алып, күннің шығуын бірінші көрді. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалса да,
оның бойында 12 жыл мүшелерінің белгілері бар екен.( Мультфильмнен үзінді
көрсетіледі)
Ойсылқара баласы түйе адамға адал қызмет етуін тоқтатқан жоқ.
Мақал- мәтел
Нар жолында жүк қалмас.

Бақырауық демесең,
Бағалы көлік түйе ғой.

Үйге тапсырма беру.
• «Түйе» өлеңін жаттау.
• №5 тапсырма. Түйенің пайдасын сызбаға түсіру.
• Түйеге қатысты мақал – мәтел жинақтау.

[pic]

І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп

Түйе
[pic]

Ашық сабақ
2 «Б» сыныбы
Өткізген: З.Қ.Жансүгір

Шалқар- 2009 жыл

Ұқсас жұмыстар
Мақсаттарға жетелеуші
Интербелсенді тақта, оқулық
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Біреуге ор қазба өзің түсесің.....
Бауырмен жорғалаушылар.сүтқоректілер. 3 сынып
Төрт түлігім - ырысым
Төрт түлік. 3-сынып. орыс мектебі
Түйе мен тышқан. әдебиеттік оқу. 2 сынып
Торы құлын өлеңі
Жануарлар әлемі жайлы ақпарат
Пәндер