Бастауыш сыныптарда ұйқас пен тірек сөздер арқылы өлең құрауды үйрету

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Бегалы орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Утебаева Бибигуль Хасеновна
Тіл дамыту.
Сабақтың тақырыбы : Өлең құрау (ұйқас ұсыну) .
Мақсаты:
1) оқушыларға ұйқас, тірек сөздер арқылы өлең құрауды үйрету;
2) ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу;
3) ұқыптылыққа, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі : сөздер, үлестірме қағаздар.
Сабақтың ідісі : үйрету, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақ түрі : жаңа сабақ.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
1. Өткенді пысықтау.
ІІ. Жаңа сабақ.
- Тақырыпты хабарлау.
Балаларға өлең құрастыру үшін, тірек сөздер, ұйқас ұсыну.
1.
күлеміз,
білеміз.
жүреміз,
тілеңіз.
2.
баламыз,
саламыз.
сабақты,
баламыз.
- Ойын ойнату. «Мен қандаймын?»
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен - дарынды Дәурен, Әйгерім - әдепті Әйгерім, Біржан - батыр Біржан т. б.
ІІІ. Сабақты қорыту. шығарған өлеңдерін оқу, талдау.
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма : өз ойларынан ертегі ойлап құрау.
Жүреміз, бәріміз, күлеміз,
Спорттың пайдасын білеміз.
Онымен достасып жүреміз,
Әрдайым шынық деп тілеңіз.