Бала-біздің болашағымыз жайлы ақпарат

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Бестөбе орта мектебі

Бала- біздің болашағымыз.

Психолог : Абдикеримова . Н

Тақырыбы : Бала- біздің болашағымыз.

Мақсаты :

1. Бала тәрбиесіне ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру .

2. Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.

Көрнекілігі : Өсиет сөздер, тест сұрақтартары, қабырға газеттері .

Кіріспе бөлім :

Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы, көз қуанышы - бала . Бала - дербес тұлға . Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. « Бала нені білсе жастан, ұядан- өле - өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағана жатыр. « Бала істеген жауыздықтың жазасын » тәрбиешісі көреді деген. Бұл орайда мектептің де ролі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір- бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата- анасы. Бала ата-анасының, ата-ана баласының жан-дүниесін түсінбейінше, іс алға баспайды . Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.

Негізгі бөлім :

Отбасындағы, мектептегі бала тәрбиесі қандай ?

Келіңіздер, осы тақырып төңерегінде пікір алысайық.

І . Ой қозғау .

Ата-аналарға сұрақ:

  1. Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе ?
  2. Білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба ?
  3. Мектептен үйге келгенде көңіл -күйіне мән бересіз бе ?
  4. Балаңыздың достарын білесіз бе ?

Ұстаздарға сұрақ :

  1. Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе ?
  2. Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма ?
  3. Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?
  4. Сабақта баланың көңіл -күйіне мән бересіз бе ?

Оқушыларға сұрақ :

1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың ?

2. Саған ұстазыңның қандай қасиеттері ұнайды ?

3. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек ?

ІІ. Кездейсоқ жағдайдан шығу .

Ата-аналарға :

  • Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз ?

Ұстаздарға :

  • Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап, күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?

Оқушыға :

  • Сен би кешіне баруға достарыңмен уәделесіп қойдың .

Ата-анаң рұқсат бермеді . Бұл жағдайдан қалай шығасың ?

ІІІ. Психологиялық сараптама .

Тестердің жауабынан жинақтаған ұпайларына қарап, бағыт- бағдар беріледі .

Қорытынды

Қадірлі Ұстаздар, ата-аналар, « Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік . Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Ұстаздарға сұрақ :

  1. \Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе ?
  2. Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма ?
  3. Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?
  4. Сабақта баланың көңіл -күйіне мән бересіз бе ?
  5. Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап, күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?

« Ырыс-ынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады » деп Елбасымыз жолдауында айтқандай, ынтымақ пен бірліктің артуына барынша күш-жігеріміз бен білімімізді аямай жұмсайық .

Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат,

Әрбір ісің -тірлік,, тірек, адамдық

Әрбір сөзің шындық, бірлік, адамдық

Білім деген -менің жарқын көңілім,

Білім деген шаттық толы көңілім,

Білім деген-әнім болып төгілдің

Білім деген -болашағы өмірдің .

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын .

Соқса дадауыл, өрт болып өмір,

Қанаттар балғын талмасын.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн.

Шәкіртсіз өмір-айсыз түн.

Көрінсін талабы еңбектің.

Абыройы арта берсін еңбектің

Психологиялық жұмыс барысында мектеп оқушыларын зерттеуде қолданылатын әдістер .

Мектептегі психолог жұмысының басты мақсаты :


Ұқсас жұмыстар
Кейбір ата - аналар
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық
Ұстаздарға сұрақ
Отбасындағы бала
Тәрбиедегі әкенің орны
Мамандық сөзіне анықтама беру
Денсаулық – біздің болашағымыз
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігі ата - анамен мектептің бірлескен әрекетінде
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Ток күшінің өлшемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz