География және жаратылыстану сабақтарында өлкетанушылық материалдарды оқыту әдістемесі

Тақырыбы: География және жаратылыстану сабақтарында өлкетанушылық материалдарды оқыту әдістемесі
Мақсаты: География және жаратылыстану сабақтарында өлкетанушылық материалдарды оқыту әдістемесімен таныстыру. География сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын өлкетану тапсырмаларын көрсету. География сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын өлкетану тапсырмаларын орындау.
Өткізу түрі: шебер сынып
Қатысушылар: жалпы білім беру мекемелерінің география пәні мұғалімдері
Күтілетін нәтиже: География және жаратылыстану сабақтарында өлкетанушылық материалдарды оқыту әдістемесімен танысады. География сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын өлкетану тапсырмаларын талқылайды. География сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын өлкетану тапсырмаларын орындай алады.
Негізгі идея: Өлкетану материалдары арқылы оқушыларды ұлтжандылық пен елжандылыққа тәрбиелеу
Жұмыс түрлері: топтық, жұптық, жеке
Жұмыс жоспары:
«Біз өлкемізді жақсы білеміз, бұл деген үлкен табыс» тақырыбында постер қорғауға тапсырма береді.
Ресурстар тарату
Рефлексия
«Не шықты? Не шықпады? Неліктен?
Шебер сыныптың алдында әр қатысушыға «Бағыттық карта» таратылады. Әр кезең бойынша сол картаға өз ойларын белгілейді.
Тыңдаушының аты-жөні:
Орындалған жұмыс түрлері:
Психологиялық ахуал орнату, топқа бөлу
+ және -
Е
Сабақтың ұраны: «Егерде оқушы бір рет болсада жеңіске жетсе, онда ол осыны қайталағысы келеді . . . »