Брейн-ринг сабақ жоспары: логикалық ойлау, есте сақтау және ауызша сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: Брейн-ринг
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, логикасын, танымдық қабілетін, есте сақтау қабілетін қлыптастыру. Ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Өткен тақырыптарды пысықтау.
Тәрбиелік мақсаты: Топта жұмыс істей алуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табло, лампа, компьютер, Буратино кейіпкері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:
- Амандасу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
- Оқушыларды топқа бөлу
«Алғыр» тобы
- Жақсылыков Арманбек - топ жетекшісі
- Мурадым Жандос
- Пазылов Наурызбек
- Курмангазиева Дана
- Байболатов Наурызбек
«Тапқыр» тобы
- Сағынбаев Елдос - топ жетекшісі
- Қойшыбаев Ғалымжан
- Масалова Алтынай
- Сағидоллаұлы Асылжан
- Канапьянов Адиет
- Ойынның шартымен таныстыру
Ойын 6 тапсырмадан тұрады. 2 топқа да бірдей тапсырма беріледі, белгілі уақытта қай топ тез және дұрыс жауап берсе, сол топқа әр тапсырма сайын 1 балдан қосылып тұрады. Жалпы балл - 6. Барлығы 6 балл жинаған топ жеңімпаз болады. Әр тапсырманы орындау уақыты - 1 минут. Екі топқа да жетекші мұғалімдер беріледі. Олар:
1. «Алғыр» тобының жетекші мұғалімі - Умаргалиева Динара Темиргалиевна
2. «Тапқыр» тобының жетекші мұғалімі - Джакубалиева Айнагүл Амангельдықызы
- Бізге қонаққа көңілді Буратино келді.
- Сәлеметсің бе, Буратино!
- Сәлеметсіз бе, балалар! Бүгін мен сіздерге қолдау көрсетуге келдім.
3. Бақылау комиссия мүшелерімен таныстыру
- ППТК меңгерушісі - Б. Хасангалиева
- ППТК логопеді - И. Абдолова
- ППТК психологі - А. Утегенова
Тапсырма №1
Мектеп
- Бір сабақтың уақыты неше минут болады? (45 минут)
- Екі сабақтың уақыты неше минут болады? (90 минут)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Тапсырма №2
Жыл мезгілі
Күннің сәулесі жерді жылытып, өз нұрын төкті. Құстар көңілді әндерін шырқады. Табиғат оянды. Бұл қай кезде болады? (Көктем)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Сергету сәті
- Кішкене бойымызды жазып алайық. Көңілді Буратиноға қарап, соның қимыл- қозғалыстарын қайталайық.
Тапсырма №3
Жабайы аңдар
- Жыртқыш аңдарды тауып, ата?
Қоян, кірпі, аю, арыстан, керік, арқар, қасқыр. (Арыстан, қасқыр)
2. Жұмбақты шеш.
Жазынды қаңғиды,
Қысыңда қалғиды. (Аю)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Тапсырма №4
Үй жануарлары
Жұмбақтардың шешуін тап:
- Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)
- Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Тапсырма №5
Үй адамдары. Отбасы.
1. Ананның мамасы саған кім болады? (Нағашы әже)
2. Сен әкеннің папасына кім боласың? ( Немере)
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Сергету сәті
- Кішкене бойымызды жазып алайық. Көңілді Буратиноға қарап, соның қимыл- қозғалыстарын қайталайық.
(Буратино өлеңі)
Тапсырма №6
Математикалық есеп.
Балабақшаға барлығы 34 ойыншық алып келді. Олар: 14 қуыршақ, 9 машина, ал доптың саны белгісіз. Балабақшаға қанша доп әкелінді?Мазмұнды есептің шешуін тап.
( Бақылау комиссияға сөз беріледі)
Қорытынды
Топтардың балдарын санап, ойынды қорытуға бақылау комиссияның мүшелеріне сөз беріледі:
1. ППТК меңгерушісі-Б. М. Хасангалиева
2. ППТК логопеді - Абдолова И.
3. ППТК психологі- Утегенова А.
Сабақтың соңында оқушыларды марапаттау, «Үздік ойыншы» және «Үздік топ жетекшісі» номинацияларын ұтып алған оқушыны атау.
- Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық оқушылар сабаққа өте жақсы қатысты, бәріне рақмет.
- Қош сау болыңыздар!