Күрделі сөздер: біріккен және қос сөз түрлерін пысықтауға арналған сабақ жоспары

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың біріккен сөз, қос сөз туралы білетіндерін пысықтап, білімдерін кеңейту.
2. тапсырмаларды тиянақты орындап, өз бетінше ойланып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. ұқыптылыққа, ынтымақшылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : ребус, сызба, таблица, Венн диаг. интер. тақта
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II Сабаққа даярлық
Мұғ . -Балалар, бүгінгі сабақты 2 топқа бөлініп, жарыс түрінде өткенді қайталау мақсатында өткіземіз. Ол үшін топтың атын белгілеп алайық.
1-топқа тапсырма :
Әлемнің төрт бұрышын араладым,
Палуанның неше түрін жараладым.
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан
Туған жердей ыстық жер таба алмадым.
(өлең шумағы интерактивті тақтада)
-Өлеңде қандай күрделі сөз бар? Топ солай аталады. (Біріккен сөз)
2- топқа тапсырма: Ребус шешу
( ребусты шешкенде Айгүл сөзі шығады)
-Ребустың шешуі қай күрделі сөзге жатады?Топ солай аталады. (Қос сөз)
III. Жаңа сабақ
А. Ой толғау. Топтың атын қорғау. Ойын :«Мен саған, сен маған»
1-топ:-Қос сөз дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтіріп айтыңдар.
2-топ: - Біріккен сөз дегеніміз не? Ол қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.
Ә. Ойын «Әрі қарай жалғастыр »
1-топ: «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан . . . »
-Бұл кімнің өлеңі?Түсіндір. Өлеңде қандай күрделі сөз бар?
2- топ «Ат, айғырлар, биелер,
Шалғыннан жүні қылтылдап. .
Арасында құлын - тай,
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары -төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап. »
-Бұл өлең қалай аталады? Қандай күрделі сөз бар? Түсіндір.
(екі топ өздері тапқан күрделі сөздерді Венн диаграммасына түсіреді. Соңынан таблица бойынша анықтама айтады. )
Б. Таблица бойынша жұмыс.
В. Оқулықпен жұмыс:
586-жаттығу (екі топ күрделі сөздердің өздеріне тиесілісін теріп жазады, қалай жасалғанын түсіндіреді. )
Г. Сергіту сәті: «Кім тапқыр?»
1-топ . біріккен сөзден тұратын 10кісі атын табу.
2-топ. қос сөздің әр түрінен тұратын 10 мысал табу.
Ғ. Шығармашылық жұмыс:
Өздері ойлаған күрделі сөздерді пайдаланып шағын мәтін құрап жазу.
Әр топтың жұмысы оқытылып, тексеріледі.
V. Сабақты бекіту.
-Сонымен, балалар, күрделі сөздің 3 түрі бар еді, (сызбасын көрсетіп) біз бүгін соның 2түрін қайталап, білетіндерімізді еске түсірдік. Анықтамасын қорыттық. Ал келесіде қысқарған сөз туралы қайталаймыз.
VI. Үйге тапсырма : 587-жаттығу. Күрделі сөздер туралы пысықтау
VII. Оқушылар білімі бағалау парағы бойынша бағаланады.