3-сынып Ана тілі сабағының жоспары: Мұқан Иманжановтың Таңның атуы

«Құрық орта мектеп -гимназиясы»
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Алиева Саним Жакуовна
Білімділік: Оқушыларға табиғаттың құдіреттілігін таныта отырып, жаз мезгілінің әсемдігін сезіне, бағалай білуге баулу.
Дамытушылық: табиғат ерекшеліктерін елестете білу, шығармашылық, іскерлік дағдыларын дамыту, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелілік: табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.
Оқулық
2. Слайдтар, смайликтер.
Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз»
Графикалық диктант арқылы тексеремін.
-Олай болса жаз айларын атап жіберейікші?
Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
1-топ: маусым
2-топ: шілде
3-топ: тамыз
Сөз жұмбақ шешеді жаңа тақырып ашылады.
Бейнероликтен
«Таңның атуы» атты үзіндіні көреді
« Мұқан Иманжановтың өмірімен танысады.
Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап, жаңа тақырыпты анықтайды.
Слайд көреді, өздері білетіндерімен толықтырады.
Мәтінді іштей оқиды.
Мәтінді тізбектей оқиды.
-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?
-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?
«Шолпан» жұлдызы туралы аңыз оқып берейін.
1-топ:Эссе жазады.
2-топ «Таңның атуы» мәтінін топтастыру
3-топ: «Таңның ату» суретін салу
«Бәйге жарысы» бойынша
-Мұқан Иманжанов қай жылы туылды?
-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді ?
-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?
-Мұқан Иманжанов қай өңірде туылған?
-Қандай пьессалары бар?
-Әңгімелері қай тілде аударылған?
-Сабақ сендерге ұнады ма?
Өзара бағалау