Лагерь ханзадасы мен ханшайымы - 2014 сайысының сценарийі мен өткізу жоспары


Тақырыбы: «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы-2014» сайысы

Мақсаты: Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, шарлар, нақыл-сөздер.

Жүру барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар, ұстаздар, лагерь демалушылары! Бүгінгі « Лагерь ханшайымы мен ханзадасы-2014» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2 -жүргізуші: Здравствуйте уважаемые гости, в этот солнечный денек, мы рады приветствовать вас в нашем лагере «Жауказын». Но сегодня у нас не обычный день, сегодня у нас важное событие. Конкурс «Принц и принцесса лагеря -2014».

1-жүргізуші: Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Қарсы алайық құрметпен өнерпаздарды, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар.

1-жұп Мерей мен Ержігіт

2-жұп Аманбай мен Лаура

3-жұп Фархад пен Динара

4-жұп Нариман мен Б. Динара

5-жұп Бақдаулет пен Альбина

6-жұп Мұхаммедрасул мен Наркиза

2-жүргізуші:

Ах, какие милые,

Добрые, красивые,

Величавы и горды,

Наши девочки г. Кульсары.

Ну, а мальчики у нас,

Загляденья высший класс,

Все галантны, все скромны,

И в костюмах как Джеймс Бонд,

Защитят весь мир они!

Жүргізуші:
-Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.

Лагерь директоры : Әлия Орынбайқызы.

Психолог: Жекебаева Сағира.

Жүргізуші:
-Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң . . . » (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)

3 - бөлім: «Өнерлі бала - елдің көркі» (өнер сайысы)
4 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
Жүргізуші:

-Есте қалар бұл күндер,
Бал - бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік деп тағыда қошемет көрсетіп қояйық.
1-жүргізуші:
-Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң . . . » деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.

2-жүргізуші:

Первый конкурс, который ожидает наших конкурсантов называется «Знакомство».

1-жұп Мерей мен Ержігіт

2-жұп Аманбай мен Лаура

3-жұп Фархад пен Динара

4-жұп Нариман мен Б. Динара

5-жұп Бақдаулет пен Альбина

6-жұп Мұхаммедрасул мен Наркиза

2-жүргізуші:

Вот и закончился первый конкурс, мы познакомились с нашими конкурсантами.

2-бөлім «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)

1-жүргізуші:

«Біреу білмегенді, біреу білер»

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап) бөлімінеде кезек келді.

2-жүргізуші:

Второй конкурс - «ИНТЕЛЕКТУАЛЬНЫЙ».

А теперь проверим знанья.

Вед принцесса - это не титул, а призванья!

Принцесса должна быть умной, и очень благоразумной

Кто умней - сейчас узнаем!

Сұрақ тапсырмалары:

1. Төрт түлік малды ата. ( қой, сиыр, түйе, жылқы)
2. Түйенің сүтін ата . (шұбат)
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі ?(түндіктен)
4. Жаз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
5. Малдың пірлерін ата.

Жылқы пірі-Қамбарата,

Сиыр пірі-Зеңгібаба,

Қой пірі -Шопаната,

Түйе пірі-Ойсылқара,

Ешкі пірі-Сексеката.
6. Бесікке байланысты қандай ырым-тыйымдар білесің? (Бос бесікті тербетпе. Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырма. Бесіктің теріс жағына отырма. Бесікті саудалама. Айтқан бағасына сатып алу керек. )
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам. (Наурызкөже)

8. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
9. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? ( Ақсүйек, асық, алтыбақан, тоғызқұмалақ, көкпар, жасырынбақ, қыз қуу, теңге алу. )

10. Нанға байланысты ырым-тыйымдар: (Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуә етуге болмайды. Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. )

11. Самое лучшее время для школьников. (Каникулы)

12. Самая главная песня страны. (Гимн)

(Әділ-қазылардан «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап) бөлімінің бағаларын сұраймыз. )

3 - бөлім:

1-жүргізуші:
- «Өнерлі бала - елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты, - деп өнер сайысына кезек береміз.

2-жүргізуші:

Третий конкурс - «Артистизм».

В этом конкурсе конкурсанты должны показать свои способности читать стихи, петь песни и танцевать.

- Құдайберген Ержігіт орындауында Махамбеттің өлеңінен үзінді оқу.

-Нұрсейтова Мерейдің орындауында би «Вуги вуги».

-Аманғалиев Аманбай орныдауында ән «Мерекем».

-Калиоллоева Лаура, Аманғалиева Динара, Құттыбаев Нариман, Қабыл Альбина, Көздібаев Бақдаулеттің орындауында би «Макарена».

-Айтбаев Фархадтың шығармашылық өнері бар екен.

-Серік Мұхаммедрасулдың өнері тақпақ айту.

-Қабыл Наркизаның орындауында үнді биі «Хатуба». Қошемет халайық!

(Әділ-қазылардан «Өнерлі бала - елдің көркі» бөлімінің бағасын сұраймыз. )

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, -деп ұлы Абай атамыз айтқандай ортамызға өнерпаздарымызды шақырайық.

Аманбек: Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Қарлығаш: Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Тілекқабыл: Дөңгеленіп төбеден

Сәулесін күн төгеді

Жарқын жаздың не деген,

Жасыл түссе көп еді.

Сандуғаш: Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz