СТО әдістемесі: анықтамасы және сабақ құрылымындағы ерекшеліктер

СТО анықтамасы және сабақ құрылымының ерекшелігі

Қазіргі заман талабы жаңаны да, жақсыны талап етеді. Ол тек қана өндіріс саласында ғана емес, білім беру орындарында болатын жағдай. Әрқашанда адамның «көп білгені өзіне жақсы нәрсе ғой». Қашанда адамды үйретем десең де, оның көңіліне жақпаса, үйрену, үйрету сезімдерін қондыру қиынға түсетіні бізге аян. Өзімнің сабақтарымды жоспарлауға көз жүгіртсем, өз жұмыстарымда үнемі бір нәрсе жетіспейтінін сезетінмін. Сондықтан да білім сусынымен сусындату мақсатында ізденіп, әр түрлі әдебиет, журналдардан педагог-әдіскерлердің, ғалымдардың, жаңашыл мұғалімдердің еңбектерімен, мектебімізде басталған алғашқы оқыту семинарларына қатысып, СТО жобасымен тереңірек танысып сол сұраққа жауап тапқандай болдым. Мен алдымда отырған оқушыларға сабақ қызықты болу үшін сабақ жоспарымды жаңаша тұрғыда құруым қажет болды. Бұл жұмыста СТО жобасы маған көмекке келді. Бұл жерде түрлі стратегияларды ұтымды пайдалану, оқытудың, үйретудің шығармашылық сипатын күшейте түсуіне маңызы зор екенін айта кеткім келеді. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында RWCT бағдарламасының семинарына қатысып, оқып үйреніп, өзімнің сабақтарымның әр кезеңдерінде осы стратегияларды пайдаланатын болдым. RWCT бағдарламасының стратегияларын сабақтың әр кезеңінде пайдаланудың нәтижесінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы бір шама арта түсті. Күнделікті сабақта «кубизм», «эссе», «Жигсо-1», «талдау кестесі», «түртіп алу стратегиясы», «негізгі идеяны суреттеу», т. б стратегияларын пайдаланудың арқасында оқушылардың ойлау, шығармашылық, өз пікірін айта алу, жаза алуы қабілеттері жоғары деңгейге көтерілді. Ол үшін мен өз жұмысымды 3 кезеңнен тұратын үлгіде құрудан бастадым. Бұған дейін сабақтарымда басым әрекет өзімде ғана болатын. Оқушылар тек қана тақтадағыны көшіріп, сұрақ сирек қойылатын, диалогқа да сирек араласатын. Егер сызба түрінде көрсететін болсам, ол төмендегідей үлгіде болатын:

СТО жобасы негізінде 3 кезеңде құрылған сабақ жоспары төмендегідей мазмұнды құрайды.

СТО жобасы бойынша сабақ өткізілгенде оқушылардың белсенділігі менің белсенділігімнен жоғарылай бастағаны байқалды. Ол төмендегідей қарым-қатынас жағдайында көрінді. Оқушыларда топпен, жұппен, жеке жұмыс жүргізіледі. Сыныптағы түгел оқушылар сабаққа қатысады, қысқа уақыт ішінде көп мәлімет алады, уақыт тиімді болады.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер - олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, шығармашыл мұғалімнің ролін көтеруде. Білім беру мазмұны жаңарып мұғалімдерге талап күшейген уақытта СТО жобасы мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай туғызып, өз қабілеттері мен мүмкіндігін танып білуге көмекші болып отыр. Осы методиканың негізгі қасиеті: оқушыларға тыянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға дамыту деп ойлаймын.


Ұқсас жұмыстар
Балабақшада мүсіндеуді оқыту әдістемесі: сенсорлық зерттеу және жастағы ерекшеліктер
Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды диагностикалау және тексеру стендтері
Бұйрықты сөйлем: анықтамасы, грамматикалық белгілері және оқыту әдістемесі
4-сынып қазақ тілі: Сөз таптары - ашық сабақ (СТО және интерактивті тақта)
Параллелограмм: анықтамасы, негізгі қасиеттері және есептер (сабақ жоспары)
7-сыныпқа арналған ағылшын тілі: Жануарлар тақырыбы бойынша сабақ жоспарлары (СТО, АКТ және бағалау әдістері)
Пирамида: анықтамасы, түрлері және негізгі қасиеттері
Жердің глобуста және картада бейнеленуі: картографиялық ерекшеліктер мен масштаб
6-сыныпқа арналған домбырашының орындаушылық шеберлігін жетілдіру: күрделі қағыстар мен аппликатуралық ерекшеліктер
Шаршының анықтамасы, қасиеттері және сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz