Менің педагогикалық сенімім: ұстаздық тәжірибе мен мақсаттар

МЕНІҢ ПЕДАГОГТІК СЕНІМІМ

Ұстаз болу- жүректің батырлығы

Ұстаз болу- сезімнің пқвндығы

Ұстаз болу-адамның күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

. . . уақыт не деген алдамшы, өз дегенін істеп тынды.

Студенттік алтын дәуірім-ай! Көңілім алып-ұшып, күн талғамай той тойлап, ертесіне ұйқылы -ояу сабаққа барып, сонда да жүзімнен күлкі кетпей жүретін күндердің шынымен артта қалғаны ма?шынымен кешегі достардың арасындағы алаңсыз күндердің қайта оралмайтын болғаны ма? Қалай ғана тез? Кеше ғана еді ғой, осы ауылдан арман қуып, алыстағы Ақтөбеге кеткенім, Қ. Жұбанов атындағы Университеттің Шетел тілдері факультеті, ағылшын бөлімінің табалдырығын аттағаным? Сол кездегі арманым-шалғайдағы ауылымның болашақ бүлдіршіндерінің білімін жетілдіруге, шет тілін меңгертіп, халықаралық деңгейге көтеруге ат салысу еді. осы мақсатыма жету барысында университетті сәтті аяқтап, қала мектебінің ауыл мектебінен айырмашылығын көру үшін бір жыл Ақтөбе қаласының № 21 орта орта мектебінде жұмыс жасадым.

Ештеңені алаң қылмайтын сол бір студенттік бақытты күндерімнің келмеске кеткені енді сезілгендей. енді сол кездер оралмайды. Ешқашанда. Өкінішті-ақ. Мейлі, өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ дегендей, болашақты көргім келеді, болашаққа асығам.

Енді сол кездің орнын өзіне тән қызығы мен қуанышы қатыр жүретін ұстаздық өмір басты. Әр нәрсенің өз орны бар деген осы екен-ау. Студенттік өмір өз алдына, ұстаздық өмір өз алдына бір төбе екен.

Иә, ұстаз болу -кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ұстаз-зор тұлға, ол күннің құдіреті сәулесі сияқты айналасына шапағаты мен нұрын шашып тұрады демекші, ұстаздар қашанда білім бесігінде әлдилеп келе жатқан шәкірттерінің өмірден алатын орындарына дүниеге кірпіш болып қалануына ерекше ықпал ететіні бүгінгі таңда баршамызға аян.

Мұғалім-шәкіртімен бақытты ғой, алдағы уақытта ұстаздық шеберлігімді арттырып, шәкірттерімді олимпиада жүлдегерлері қатарынан жиі көрсем-ау, шіркін!

«Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөз мені биыл кіндік қаным тамған \бейнеу жеріне оралтты. Ашылғанына 5 жыл болған Бейнеу гимназиясының ұстаздар ұжымының бір мүшесімін. Осы ұжымдағы санаулы күндерімде мен өзімнің бақытымды сезе бастадым. Шәкірттердің алғырлығы, білімге құштарлығы, тәжірибелі ұстаздардың біздерге, жас мамандарға қамқорлығы, мектептің ең жоғарғы жағдайда жабдықталған материалдық жағдайы қала мектебінен асып түспесе кем түспейтіні бізден көп үміт күттіріп, иығымызға шығармашылық еңбек жүгін артады.

Гимназия мектебінің өткен жылдардағы білім көрсеткіштері, бүгінгі таңдағы оқушылар сапасы болашақта \бейнеу туының биікте желбіреуіне үміт туғызады. Алдағы уақытта тек ерінбей, шаршамай, еңбек етіп, өзімнің бойымдағы күш-жігерімді аямай жұмсап, еліме адал қызмет ете білуім керек. Бұлай еңбек етуге менің мүмкіндігім бар. Оған сенімім зор.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті жұрттың қамын же »дейтін бабаларымыз тілдің құдіреттілігін ертеден-ақ айқындап берген. Ел ертеңіне алаңдайтын, болашақ тұтқасын ұстайтын өрендердің дұрыс қалыптасуына да тілдің әсері мол. Сондықтан менің шығармашылық бағытымның басты қазығы -ойы терең, сөзі өткір, өзіндік пікір, болжамы, болжамы қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Ағылшын тілі сабағында қазақ тілі мен ағылшын тілін сабақтастыра отырып, оқушының өз тілін қастерлеуге, өзге тілді білуге деген талпынысын арттырамын.

Өзге замандастарым, құрбы-құрдастарым тәрізді мен де көп армандаймын. Бала кезімде көрші достарым қуыршақ ойнаса, мен қалам мен дәптер мен қалам алып шығып, мұғалім болып ойнағанды ұнататын едім. Мүмкін, сол кезде алғаш әліппе ұстатқан Ағоразова Бақтыгул апайдың мәдениеті мен парасатына қызығушылық па, әлде үйге келгенде дәптер тексеріп, кітап оқып отыратын әке-шешеме еліктегеннен бе, ел силайтын мұғалім болу- мен үшін арман еді.

Енді міне, сол арманым орындалғалы бір жыл өте шықты. «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»деп, Абай атамыз айтқандай, балаларға білмегенін түсіндіріп, білімін арттырып, баланың жүзініе қуаныш, көзіне от сыйласам мен өзімді бақытты санаймын.


Ұқсас жұмыстар
Менің ұстаздық ұстанымым: тәжірибе, ізденіс және кәсіби жетістіктер
Ұстаздық жол - ұлылық: тәрбиелік тәжірибе мен кәсіби бағдар
Ұстаздық өнеге: Гүлжан апайдың педагогикалық шеберлігі
Ұстаздық - жүректің батырлығы: педагогикалық қызметтің мәні мен жауапкершілігі
Ұстаздық - өмір салты: математика-информатика мұғалімінің педагогикалық ұстанымдары мен 26 жылдық тәжірибесі
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновацияны зерттеу және мектепте енгізу
Дарынды балаларды анықтау және дамыту: педагогикалық тәсілдер мен тәжірибе
Озық педагогикалық тәжірибе: сипаттамасы және оған қойылатын талаптар
Педагогикалық мұрат: тәжірибе, тәрбие және шәкірт жетістіктері
Орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту: педагогикалық-психологиялық тәжірибе мен әдістемелік шешімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz