Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Қош бол, сүйікті лагерім!

Қош бол, сүйікті лагерім!

Мақсаты: оқушылардың логикалық өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: концерттік бағдарлама.
Өтілу барысы:
1-жүргізуші:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып ақын жырлағандай, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған <<Қош бол, сүйікті лагерім!>> мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, балаларыңыз <<Айгөлек>> лагерімен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметпен шақырайық,
<<Айгөлек>> лагерінің шәкірттерін ортамызға.
(ортаға оқушылар шығады)

2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
<<Айгөлекпен>> қоштасу тойымызға.

1-жүргізуші:
Қош келдің деп балдырған,
Күліп шыққан алдынан.
Шексіз сеніп ата - анаң,
Балаларын қалдырған.

2-жүргізуші:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Кәне, ортаға салайық.

Хор: <<Балдырғандар жыры>>

Балалар тақпақтары:

Сабина
О, достарым, <<Айгөлекке>> келіңдер,
Әр балаға қамқор болған ортада,
Әр күннен алған ілім, білімді,
Ойларыңа оймақтай ғып тоқыңдар.

Жаңыл
Атыңды қойып едік ырым қылып,
Ай сайын өсе берші күнім күліп,
Ағаңның жолын ашқан Айгөлекпен,
Ержеткен Абай атаң жырын оқып.

Ерлан
Алақаны ып-ыстық,
Күнде біздің анамыз.
Анамызға еркелеп,
Бізде күйіп жанамыз.

Әсем
Қолда түрлі жел қайық,
Үрлеп-үрлеп алғанбыз.
Қалқып жүзу кезінде,
Көрген жанға арманбыз.

Күнге жетті төбеміз,
Су болмаса өнеміз.
Ыстық күнге салқын су,
Бақытты ғой денеміз.

1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: <<Әжемнің шайы>> орындайтын Бекен Жаңыл.

Роза
Бар бала сүйеді,
<<Айгөлек>> - досым деп.
Үлгі еттің жақсыны,
<<Қатарға қосыл>> деп.

Ерлан
Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.

Шахизады
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орында,
Бір-бірін қуып жорғалап.

Сания
Бұлттар неге ауады?
Жаңбыр қашан жауады?
Шөлдеді ғой ағаштар,
Шаң басты ғой ауаны.

Фарида
Таңдау тұр алда, түрліше
Тынығу әлде еңбек пе?
Жол салдық ескі үлгіше
Жайлауға, биік дөң бетке.

2-жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін,
Арулар келді міне, толқып, тасып.

Би: <<Солнышко>> орындайтын Ербол Шахизада мен Орынбасар Дана.

Аян
Жұмыртқадай ақ үйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп-жұмсақ алақанымен
Жаз жайлау, бәрін әлдилер.

Кенжегүл
Жаздың салқын кешінде,
Берілем мен сезімге.
Ай сәулесін төгеді,
Самал беттен өбеді.
Ойынқұмар балалар,
Тау мен тасчты аралар.
Бақыт жырын айтамыз,
Қандай, шіркін, ай-тамыз!

Анель
Ауылымда маң-маң басқан түйе бар,
Ауылымда құлындаған бие бар.
Көкем қойды қайырып,
Апам ешкі сауады,
Анам сүтті тартады.
Еңбек етсек бәріміз,
Ырысымыз артады.

Дана
Сылдыр-сылдыр ағатын,
Жайлау жақта бұлақ бар.
Сыбдыр-сыбдыр қағатын,Желкілдеген құрақ бар.

Біз барармыз жайлауға,
Асыр салып ойнауға.
Құс барады жайлауға,
Құйқылжатып сайрауға.

Қарақат
<<Айгөлегім>> - жан досым
Бар баланы баураған.
Жаңа келген ғасырдан
Жаңалығы аумаған.

Жылтыр қағаз түсі аппақ,
Балаларға ұнайды.
Ұнаған соң хат жазып,
Өлең, тақпақ құрайды.

1-жүргізуші:
Достық нешеу?- Достық екеу.- Біреуі адал достық.Екіншісі амал достық.Адал достық - өмірлік нұсқа болады,Амал достық өрісі қысқа болады- демекші келесі кезекте <<Достық>> әні орындайтын Әлімғазы Ерлан.

Марғұлан
Таң бұзып тынышымды жіберді деп,
Жазғы түн кетерінде түнерді кеп.
Жер - ару серпігенде түн көрпесін,
Маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.

Жұлдыз
Жадырай қарап, күн күлігі,
Жер беті гүлмен жайқалды.
Жайлаудың түнін таң түріп,
Жаз жыры ерте байқалды.

Толғанай
Осы - менің ауылым,
Сырдария етегі.
Осы - менің ауылым,
Жақсылардың мекені.

Ауылыма - анама
Еркелегім келеді.
Ауылыма - анама
Жеміс бергім келеді.

АнельТуған жерім-кіндік қаным тамған жерім,
Тұманның зәмзәмына қанған жерім.
Кең жазира далада құстай ұшып,
Тайға мініп, бір ләззат алған жерім.

2-жүргізуші:
Бүгінгі қуаныш, шаттық күні,
Шалқысын жастық шақтың алғыр үні.
Айтылар сөз ағылған ән мен жырдан,
Өрнектелсін Қарашоқының әрбір күні, - дей келе, келесі кезекте -
Ән: <<Ертегілер>> орындайтын Орынбасар Дана мен Анель

1-жүргізуші:
Сіңіріп қазағымның бар дастанын,
Талай-талай тарихын, мол дастанын.
Қазақ биін барынша түрлендіріп
Шығарыпты көршілес қандастарым.
Зейін қойып, сол биге тамсанайық,
Сахынаның төріне қол соғып екі қызды шақырайық!
<<Қазақ биі>> орындайтын Исмайл Толғанай мен Анель

2-жүргізуші:
Ойын: <<Сөз тапқыш>>
Шарты: қойылған сұраққа әр бала өз әріпінен басталатын сөз айтуы керек.
* Кеше қайда болдың?
* Атың кім?
* Қазір қандай сабақ?
* Үстел үстінде не жатыр?
* Жазда не болады?
* Есік қаққан кім?
* Ән айтқан кім?
* Сандықта не жатыр?
* Қай қалаға бардың?
* Неден қорқасың?
1-жүргізуші:
Әке - асқар тау,
Ана - ағып жатқан бұлақ,
Бала- жағасындағы құрақ - демекші, Әлімғазы Ерланның орындауында <<Әкешім, анашым>> әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Көрермендермен ойын. <<Портфель>>. Ойынның шарты: 2портфель дайындалады, әр қайсысының ішінде 5 заттан және осы заттардың сабаққа не үшін қажет екенін түсіндіру.

1-жүргізуші:
Ән: <<Дастархан>> орындайтын Исмайл Толғанай
Би: <<Кішкентай қаздар>>

2- жүргізуші:

Бар бала сүйеді,
<<Айгөлек>> - досым деп.
Үлгі еттің жақсыны,
<<Қатарға қосыл>> деп.
Бүгінгі <<Қош бол, сүйікті лагерім>> атты іс-шараны аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Ән: <<Ақ көгершін>> орындайтын хор.


Ұқсас жұмыстар
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол, сүйікті бастауышым
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру
Басталған балалық көктемім, Қош бол, бастауыш мектебім
Оқушылардың алған білімдерін Әліппемен қоштасу кешінде бекіту
Қош бол, сүйікті Әліппем атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тойымыз тойға ұлассын
Әліппе мен ұстазға
Пәндер