Ырғақты қимылдардың адам өміріне маңызы

Миялы балалар саз мектебі

Берегенова Алтынгүл

2013 жыл

Бекітемін:

Мектеп директоры: А. Жәлеке

« » 2013 жыл

Жоспар

І. Кіріспе.

Ырғақ туралы түсінік. Оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке үйрете отырып, ырғақ биіне баулу.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Ырғақты би арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық жағымды эмоциясын арттыру

2. Ырғақ сабағына ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі.

3. Жалпы дамыту жататығу кешенін құрастыру.

4. Балалардың қимыл белсенділіктерін арттыру.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Нәтиже.

V. Ұсыныс .

Кіріспе:

Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты - денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясатындағы ең басты мәселесі болуы тиіс. (Н. Ә. Назарбаев )

Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын бұл жаңа бағдарлама отандық денсаулық сақтау жүйесінде «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегенді ұстанатын болады. Бұл жаңа бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, сондай-ақ Президент Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға негізделген.

Елбасымыз айтқандай, халық денсаулығы-баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы. Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның дамуына, экономикасын жақсартуға үлес қосады. Сондықтан да біз күнделікті өмірімізде де денсаулық туралы ұмытпауымыз керек .

“Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой­ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет.

Өйткені қазіргі кезде адам баласында көп қозғалыс жоқ. Қозғалыс болмаса қан айналыс болмайтынын біле тұра мән бермейміз. Қан айналым жоқ болса көптеген ауруларға бой алдырамыз.

Қазіргі заманда, яғни технологияның дамыған заманында орнымызда қозғалмай жұмыс жасау мүмкіндігі мол. Бірақ оның да пайдасыз жақтары бар екені бәрімізге мәлім. Себебі мектеп жасындағы балалардың арасында омыртқаның қисаюы, жалпақтабандылық, балалардың қозғалысқа ынтасының жоғалуы, артық салмақтылық т. б. сияқты аурулар көптеп кездесуде. Сондықтанда мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мақсатында мектеп, мектептен тыс мекемелердегі би бөлімдерінде ырғақты би сабақтары өскелең ағзаның толық дұрыс дамуына көп ықпал тигізетіні анық.

1

Яғни, музыкалық ырғақты сабақтар әсемдік пен қатар балалың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол.

Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни, баланың өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды.

Ал, музыка әуеніне қозғалу бұл би.

Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.

Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақтабандылық, омыртқа қисаю ауруларының алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады.

Би­мен айналысу арқа, іш және аяқ бұл­шық еттерін нығай­тады әрі бүкіл ағзадағы және буындар мен омыртқадағы қан айна­лымын, сондай-ақ зат алмасу процесін жақ­сар­тады. Со­нымен қатар қимыл-қозғалыс­тың үйлесім­ділігін арттырып, дене бітімін жетіл­діруге, ты­ныс алу жүйесін жаттықтыруға кө­мек­теседі.

Музыкалық-ырғақтық іс-әрекет ырғақ сабақ жұмысының мазмұны
болады да, оның нәтижесінде оқушылар музыкаға қосылып, қозғалыс
арқылы өзін, яғни «мен» дегенді көрсетеді. Күрделі емес музыкалық
формаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды - жүгіру, секіру,
би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалыс
дағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға
көмектеседі.
Ырғақ - оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпына
келтірудің жақсы құралы болып келеді.

Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әр түрлі қозғалыстарды - жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалыс дағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға көмектеседі.
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-
нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененің
және аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін және оларды
синхронды орындауға тырысуына сабағымда басты назарға аламын. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.

Би ағзадағы зиянды қалдық заттардың сырқа шығуына және артық салмақты жоюда май жасушаларының еруіне септігін тигізетіні белгілі. Бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсарту, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсер береді. Сонымен қатар саулықты, салауатты өмір сүруді іске асыратын тәсілдің бірі. Енді бидің денеге тигізетін пайдасын медициналық тұрғыдан алғандағы бірнеше түрін атап өтейік:
1. Бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды.
2. Би қимылындағы еңкейіп, шалқайғандағы жаттығуларыда адамның ми тамырлары кеңіп, арнасынан аққан қанның көлемі көбейеді. Сол арқылы миға қоректік заттар мен оттегі көптеп келеді. Мұндай адамның көкірегі ояу, ақыл-ойы таза, күш қуаты мол болады.
3. Үнемі иіліп, көтеріліп тұрудан көздің ішіндегі қан айналымы жақсарып, оны ұстап тұрған бұлшық еттер шыңдалады. Адамның аз қимылдауы-бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалар қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Осындай зардап тартпас үшін, адамдар жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдануы керек. Қимыл-қозғалыстың денсаулыққа пайдасы ықылым заманынан белгілі
4. Би -жақсы ұйқының көзі.
5. Бидің жаттығулары адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді.

Би өзіңді нәзік, сұлу да сүйкімді, жеңіл әрі қуанышты сезінуге көмектеседі. Ең бастысы, бимен кез келген жастан бастап, кез келген жас мөлшерінде айналысуға бола береді, тіпті үй жағдайында да билей беріңіз. Би өмірді ұзартады, жұмысқа, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады.

Дәрігер мамандардың пікіріне жүгін­сек, бимен айналысу организм­дегі зат алмасу процесіне, жүрек-қан тамырлары және тыныс жолдары жұмысына оң ық­пал етеді, иммуни­тетті көтеріп, көңіл күй­ді жақсартуға, шаршағанды басуға көп көмектеседі. Сондай-ақ зерттеушілер жү­ректің ишемиялық ауруының азаюы мен қан қысымының төмендеуіне және дене салмағын қалыпты деңгейде ұстап тұруға да бидің пайдасы тиетіндігін анық­таған. Мұның сыртында би сүйекті нығайта­тындықтан, онымен айналысқан адам қартайғанда остеопароз, сүйек жарақа­тын алу сияқты ауруларға көп бой алды­ра қоймайды. Сонымен қатар бишілер суық тию, демікпе, тіпті астма тәрізді сырқаттармен де жиі ауыра бермейді. Би адамды тоқырау жағдайынан сақтайды және қимыл-қозғалысының үйлесімді­лігін қалыптастырып, жалпы көңіл күйін көтереді. Қысқасы, бимен айналысудың денсаулыққа тигізер пайдасы зор.

2

« Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек»-деп Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей балалардың денсаулығы мықты болу үшін бимен айналысу керек. Сондықтан мектеп жасындағы балаларға ырғақ биін үйрету мен баулу маңызды.

Ырғақ биін оқушыларға үйретерде де ақпаратты технологияны қолдану керек. Себебі: оқушыларды жалықтырып алмас үшін жаңа қимыл мен қозғалыстарды үйрету керек. Ол үшін интернет желілерінен ырғақ би қимылдарын қарап, немесе видеосын түсіріп алып соны көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып отыру керек. Интернет материалдарына қарап отырсақ баланың, жалпы адамның денсаулығын нығайтатын және әр түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін жаттығу түрлері көп кездеседі.

Би терапиясының адам өміріндегі алатын орны ерекше. Биді алғашында науқас адамды емдеуге қолданған. Би арқылы емдеу идеясы Италияда, кейінірек Қытайда, Индияда пайда болып, дәстүрлі ем ретінде қолданыла басталған. Ем барысында адам денесіндегі нүктелерді басу арқылы емдеген.

Емдік мақсатта алғашқылардың бірі Италияндық тез және көңілді темпте орындалатын - Тарантелла биі қолданылды. Тарантеллла биінің тарихымен көптеген аңыздар байланысты. ХV ғасырдың II жартысынан бастап, тарантелла «тарантизм» ауруының бірден - бір емі ретінде қолданысқа енді. Осыған байланысты XVI ғасырда Италияда арнайы оркестр ұйымдастырылып, тарантизм ойын биі арқылы көрсетілді. Тарантелла биінің басқалардан ерекшелігі сазды әуенмен бірнеше сағаттар бойына билеуге болады. Тарантелла биі флейтамен, ұрғыш барабандармен, кейде дауыс үнінің сүйемелдеулерімен орындалады. [1]

Бидің адамның денсаулығына, ағзасына, жүрек қан тамырына, қозғалысының ширақтығына, тыныс алуына және орталық жүйке жүйесіне тигізер әсері мол. Мысалы, Армин Старк «би қимыл қозғалыс терапия» шығармасында бимен айналысу, бұлшықеттердің қалыпты жұмыс жасауына, психологиялық және физиологиялық күйзелістерден арылуына, жеке тұлғаның сезімдерін жеткізуіне, сонымен қатар өмірге деген адамның ынтасын жетілдіруге, еркін ойын жеткізуге көп көмектеседі деген. Би қимылының сан түрлі айшықтары кездесетін әр ұлттың билеріне қазіргі уақытта халықтың қызығушылығы артып келеді. Себебі, бимен айналысу, биге деген қызығушылық адамдардың дене бітімін қалыпқа келтіруге, майысқақтыққа, иілгіштікке, жеңілдікке, жалпы айтқанда денсаулық кепілі болып саналады.

Би - бұл өнер. Би музыкамен тығыз байланысты. Дененің иілгіштігі жане ретімен қимылға ауысуы бидің негізгі көрінісі болып табылады. Оң нәиже алу үшін би терапияда дұрыс бағыт таңдай білу қажет. Мысалы, әр ұлт билерінің адам тұлғасына тигізер әсері жайында тоқтала кететін болсақ.

1. Bellydance -шығыс биі немесе іштің биі. Бұл ерте заманғы би түрі. Биді орындау барысында дене бұлшықеттері қозғалыста болады. Басты ортақ нарсе іш қимылы. Бұл сенімділікті қалыптастыруға жане көріктілігіңе, денеңді сүюге көмектеседі. Бұл би түрін физикалық дайындықпен кез- келген жаста билеуге болады.

2. Ирландия биі. Ирландия биінің классикалық биден айырмашылығы орындаушы жалғыз билейді. Сіз дене бітіміңіздің әдемі көрінгенін қалайсыз, оның үстіне бұл би сізге әдемі дене калпын ұстауға жане тартымды да, тартылған ішіңізді қалыптастыады.

3. Капоэйра - бұл ойын, спорт, керемет қимыл қозғалыс биі. Капоэйра Африка, Индия жане Европа елдерінде көптеп кездеседі. Капоэйраға спортың нағыз шеберлері де қызығушылық танытып келеді. Капоэйра биі қиналыс сезімін ұмыттыруға жане артық энергияны шығаруға көмектеседі.

4. Хастл - бұл жалындаған энергия, белсенділікті суреттейтін би түрі. Би түрін түнгі кеш билерінде кездестіруге болады. Бидің негізі қимылдарын өз нақышында, кез - келген әуенде қолдана билеуге болады. [3]

Сонда да болса барлық депрессияға жол бермей, белсенді, қимылды биді таңдасақ, біз әлбетте оң нәтижеге кол жеткіземіз.


Ұқсас жұмыстар
ТЫНЫС АЛУ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ӨКПЕНІҢ ТІРШІЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
Аяқталмаған суреттер әдістемесі
Тамырдың соғуын есептеуге үйрену
Зейін қасиеттері
Жүректің құрылысы мен қан тамырлары және жүрекшеле
Акробатикалық гимнастикалық жаттығулар
Cудың маңызы 2 сынып
Лексиканы оқытудың міндеттері
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz