Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
6-ға көбейту және бөлу кестесін пысықтау
lefttopАжимова Райхан Бекмурзаевна
3 - сынып
"№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
бастауыш сынып мұғалімі
байланыс телефоны: 87013490333
Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар! Бүгінгі 3<<А>> сыныбында өткізілетін ашық сабағымызға хош келдіңіздер!
-Ал, балалар, олай болса сабағымызды қонақтарымызға сәлем беруден бастайық.
Слайд: <<Ғажайыпстанға саяхат>> мултьфильмінен көрініс. /оқушылар орнында отырып, хормен әндете\
-Армысыздар,қадірменді қонақтар!
Біз-балалар, білім жолын қуғандар.
Өнерді де, білімді де тең алып,
Келешекке нық басамыз қадамдар!
Көрсетеміз ашық сабақ сапалы,
Бірлесіп біз жасаймыз сан жобаны,
,Білімпаз атамыздан көп үйреніп.
Ғылым-білім тереңіне үңіліп.
-Байқаған болсаңыздар, құрметті қонақтар, бүгінгі біздің сабағымыздың тартымды өтуі үшін <<Ғажайыпстанға саяхат>> бағдарламасындағы Білімпаз атамыз да хат-хабар, тапсырмаларын жолдап, атсалысып отырмақшы. Олай болса электронды поштамызды ашып, жіберген тапсырмаларын орындайық.
Слайдтан тапсырмалар көрсетіледі: Жұмбақты шеш.
-ҮЛКЕН КӨШЕ БОЙЫНДА,
ҚИЫЛЫСТА, ОРТАДА,ТҰРАДЫ ТӘРТІП ОРНАТЫПҮШ КӨЗДІ ДӘУ ҚАШАНДА (бағдаршам)
-Бағдаршам дегеніміз не еді, кәне, кім айтады?
-Ол көшеде тәртіп орнатып тұрады...
-Көліктердің жүрістерін реттеп тұрады...
-Бағдаршам бізді абайлап жүруге үйретеді...
-Жауаптарың өте дұрыс. Ал, осы <<Бағдаршам>> сөзін буындарға бөліп көрейікші...
-БАҒ-ДАР-ШАМ
-Қалай ойлайсыңдар балалар, қандай әріп қосқанда буындар мағыналы сөздерге айналады екен?
-<<А>> әрпін қосуға болады.
-ЕНДЕШЕ БІЗДЕР Білімпаз атамыз жолдаған <<Ғажайып сандықшамыздан>> ғажайып әріптерді тұғырымызға орнатайық. Қандай сөздер келіп шықты?
Слайд:<<БАҒА>> <<ДАРА>> <<ШАМА>>
-Осы сөздерді топ аттары етіп бекітейік.
-Топтарымызға ат қойдық .Енді топбасшыларды да таңдайық.
(әр қатардан бір оқушыны таңдаймыз)
-Топ бар жерде сайыс бар , ал, сайыс бар жерде жеңіс пен жеңіліс болатынын барлығымыз білеміз. Ендеше мен әрбір топты <<Ғажайып сандығымыздағы>> асық-ұпайлармен бағалап отыратын боламын. Ал әр топтың басшысына <<бағалау парағын>> үлестіріп беремін, дұрыс жауап берген оқушыға <<+>> таңбасын жазып отырады.
Слайд: Үй тапсырмасын тексеру:
-Енді үй тапсырмасын тексерейік.Ол үшін <<Өзіңді тексер>> ойынын ойнайық.
(дәптерлерін алып,жәй қаламдарын дайындап отырады)
-Мысал: 5. 106-бет.(Әр топ бір бағанын оқиды)
Бір оқушы тапсырманы оқиды,дұрыс-бұрыстығын балалар өздері айтып, қаламмен белгілеп отырады.
-Ал, олай болса дәптерді ауыстырайық:
Дәптерді жауып,
Қолға алып,Оң канатқа тапсырдық.
Арттан алға,
Кідіртпей жолда,
Мәресіне жеткіздік.
-Кезекшілер , дәптерді таратайық:( таратады әр топтың кезекшілері дәптерлерді )
-Кезекшіміз - демек,
Болу керек зерек,
Дәптерлерді жылдам
Үлестіру керек.
-Дәптерді ашып, бүгінгі күнді әдемілеп, бағаның астынан екі торкөз тастап жазамыз.
Слайд: Жаңа сабақ:
-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
<<6-ға көбейту және бөлу кестесін пысықтау>>.
Слайд: <<Ашық хат>>
<<Білімің қалай балақай?>> деп аталған көбейту мен бөлуге арналған есептер жинағы.
Мысал 1.
-Алақай! Білімпаз атамыз үш топқа да ашық хат жолдапты. <<6>>-ға дейінгі көбейту кестесін қаншалықты меңгергенімізді көрсетейік. Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы орындауы тиіс.
Тапсырма: Жасырын санды тап. (дәптермен жұмыс)
Алғашқы болып орындаған топты анықтаймыз және табылған сандарды атаймыз.
Топтарды бағалау.(әр топқа өз түсіне сай ұпай-асық беріледі)
Слайд: <<Жедел хат! Жедел хат!>>
Мысал 2
Тапсырма: Амалдарды баған түрінде есептеп шығар, және оны тексер.
Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды
359 + 67= 561-209= 888-619=
( әр топтан бір оқушы шығып, есепті тақтада шығарады. Келесі үш оқушы тексеруін жазады)Дәптермен және тақтамен жұмыс.
Топтарды бағалау.
Слайд: <<ММS, ММS>>
Біздің электронды поштамызға MMS келіп түсті. MMS-бұл бейнелік хабар.
Мысал 3.
-<<Баға>> тобы, сендер айта қойыңдаршы, суретте не бейнеленген екен?
-Үш түрлі дөңгелектерге жазылған сандарды көріп отырмыз.
Тапсырма: Берілген сандардан көбейту және бөлуге тура теңдіктер құрастыру.
(тапсырманы бір оқушы оқиды)
Топтарға <<А3>> парақтары мен топтың түсіне сай парақшалар таратылады. Балалар маркермен амалдарды құрастырып, парақшаларды үлкен параққа жабыстырырады. Дайын жұмысты топбасшы тақтаға іледі. Уақыты-1мин.
Топтарды бағалау.
Сергіту сәті
Күз келді, күз келді
Жерге түсті жапырақ.
Құстар қайтты еліне,
Сарғыш тартты атырап.
Слайд: <>
<>-әріппен берілетін жазбаша хабарлар.
Есеп 4. ,
Әр топқа бір-бір есептен тапсырмалар беріледі. Оқушы берілгенін оқиды.
а) АВ кесіндісінің ұзындығы 5см ,ал СД кесіндісінің ұзындығы
20см.Екінші кесінді біріншіден қанша есе артық?
Ә) АВ кесіндісінің ұзындығы 5 см , ал СД кесіндісінің ұзындығы
20 см. Екінші кесінді біріншіден қаншаға артық?
Б) Бір орамда 4 кітап бар.Қорапта одан 6 есе артық. Қорапта
қанша кітап бар?
(әр топтан бір оқушы есепті тақтада орындайды,ал оқушылар өз тобының есебін дәптерде орындайды.)
Топтарды бағалау.
Слайд: <<Факс>>
-<<ФАКС>> дегеніміз бағалы, құнды қағаздарды алыс-алыс жерлерге жылдам жеткізетін хабар екен, балалар.
Мысал 5. Тапсырма: Санның құрамын анықта
(әр топқа дербес факс парақшалары таратылып беріледі)
600
290
140
320+....
.....+250
....+160
190+....
540-....
....-440
....-500
700-....
920-....
....-250
810-....
....-180
Маркердің көмегімен бос торкөзге керекті сандарды жазамыз.
Дайын болған <<Факс>> парақтарын тақтаға ілеміз. Топ атынан бір оқушы табылған сандарды оқып береді, дұрыс-бұрыстығын тексереміз.
Топтарды бағалау.
Слайд:Сабақты пысықтау:
Тапсырма: Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштар түрінде жазу
Абакпен жұмыс: <<Көру диктанты>>
Топтарға стикерлер жабыстырылған <<А3>> парақтары беріледі. Әрбір оқушы абактың көмегімен көрсетілген үш таңбалы сандарды қатесіз , жылдам жазуы керек, және сол сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсетеді. Қай топ тапсырманы көп және қатесіз орындайтынын бақылаймыз.Шектелген уақыт біткен соң тапсырмалардың санына, сапалы орындалуына қарап бағалаймыз.
Слайд: <<Хат келді, хат келді!>> .
Тапсырма: Тест сұрақтары
(оқушыларға тест парақшалары таратылады)
* Қандай сандарды жұп сандар дейміз
А) 1-ге бөлінетін, ә) 2-ге бөлінетін, б) 3-ке бөлінетін
* Тақ сандар қатарын көрсет:
а) 9,8,6. Ә) 2,6,7. Б) 5,7,9.
3. 24+(43-37)*4:2= Математикалық төрт амал қатар кездесетін мына өрнекте амалдардың орындалу ретін тап?
А) көбейту,бөлу, қосу,азайту.
Ә) азайту, көбейту, бөлу, қосу
Б) қосу, азайту, көбейту , бөлу
4. 60 сантиметрді миллиметрмен өрнекте:
А) 600мм , ә) 60мм , б) 6мм .
5. Ұзындығы 8 см , ал ені 6см болған тік төртбұрыштың периметрін тап:
А) 48см ә) 14см б) 28см
Тест сұрақтарын шешуге 2 минут уақыт беріледі.
Слайд: тест сұрақтарының дұрыс жауаптары:
1
2
3
4
5
Ә
Б
Ә
А
Б
Оқушылар <<Көршіңді тексер>> ойынын ойнайды.
Топтарды жалпы бағалау.
Слайд: <<Хат-сауалнама!>>
Тапсырма:Логикалық сұрақ-есептер
(Әр топқа бір минут уақыт беріледі.)
1-топқа:
Әкесі, шешесі,ұлы үшеуінің жасы 70-қа тең.3 жылдан соң олардың жастары нешеге тең болады?
2-топқа:
Екі залда 50 орындық бар еді.Бір залдан 10 орындық алынғанда, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды.
Алғашында әр залда қанша орындық болған?
3-топқа:
Мен баспалдақтардың қақ ортасында 12-басқышта тұрмын.Баспалдақта барлығы неше басқыш бар?
Топтар бағаланады.
-Балалар, әр топқа үйге тапсырма берілген болатын.Ол тапсырма: қарсылас топқа бір жұмбақ-есеп дайындап келу. Егер дайын болсаңдар,мархабат, жұмбақтарыңды жасыра берулеріңе болады.
1:-Ақ тауық 2:-Асығым 3:-Бес бұтақты ағашта Ебін тауып Он бір еді. Бұтақ сайын бес алма. Он жұмыртқа басты. Аралағанымда көгалды Біреуін бер Омашқа Өздерінше мықты Үшеуі түсіп қалды. Сонда қалмақ неше алма? Бес балапан шықты Екеуін Әлім алды. Қалғанына өкіндім Сонда, Бірақ, Нешеуі қалып қойды? санын таба алмай отырмын.
Слайд: Сабақты қорытындылау:
-Балалар, бүгінгі сабағымыз да мәресіне жетіп қалды,сендер бұл сабақта есеп шығарып, көбейту кестесін пысықтаумен бірге хат-хабарлардың түрлерімен де таныстыңдар.Олар-хат, ашық хат, жедел хат, ғарыштық байланыс арқылы жететін смс және ммс, факстер..Енді бағаларымызды есептеп, жеңімпазды анықтайық: Тұғырдағы асықтарды санап, жеңімпаз топты анықтау.
-Бүгінгі жеңістерің құтты болсын.Әрқашан білімнің белестерінен асып, биік шың-
дарынан көріне беріңдер. Тәуелсіз Қазақстанымызды жарқын болашаққа апарар көшін бастайтын азамат болыңдар.
(оқушыларды бағалау парағы бойынша атап өту)
Үйге: Есеп 6. Суретке қарап , << есе артық, есе кем>> сөз тіркестерін пайдаланып екі есеп шығарып келу .
Слайд: <<Білімпаз атаның батасы>>:
-Балалар, Білімпаз атамыз электронды поштамызға өзінің ақ батасын жолдаған екен, оны бізге Ерасыл оқып берсінші:
-ОЙЛАРЫҢ-ОЗЫҚ,
ҚИМЫЛДАРЫҢ-ШИРАҚ БОЛСЫН.
АҚЫЛДАРЫҢ-АЗЫҚ,
БІЛІМДЕРІҢ-ШЫРАҚ БОЛСЫН! АУМИН!
Үміт: -Балалар, біз де атамызға алғысымызды білдірейік:
БІЛІМПАЗ АТА , ҮМІТТІ СҰЛУ
БЕРДІҢІЗ БАТА. СЕНІМГЕ ЖАЛҒАП,
ЖҮЙРІК БОП ӘРКЕЗ, БІЛІМНІҢ ОТЫ
ШЫҒАРМЫЗ АЛҒА. КЕУДЕМДЕ ЛАУЛА!
Слайд: -Осымен ашық сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңыздар , РАХМЕТ!

Слайд: <
<

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz