Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мектептің тәжірибесіне өзгеріс енгізбес алдындағы мектептің бастапқы жағдайы туралы рефлексивтік есеп
Құлманқұлова Сәуле Жәлиқызы
Т.Жүргенов атындағы №123 орта мектебінің
физика пәнініңмұғалімі
Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы
Мектептің тәжірибесіне өзгеріс енгізбес алдындағы мектептің бастапқы жағдайы туралы рефлексивтік есеп
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
( Уильям Уорд )
<<Білімді меңгергенмен, пайдаға асырмаған адам - жерін жыртқанмен, тұқым сеппеген диқанмен бірдей>> деген қағиданы ұстана отырып, бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін, алған білімімізді тәжірибеден өткізуге , өзгеріс енгізер алдында мектептің бастапқы ахуалын тиісті дәрежеде рефлексивті бағалау мақсатында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқуға дейін жинақталған мектеп туралы деректерді жүйелеу үшін Бірінші деңгей тыңдаушылары 6 мұғалім мектепке келдік. Мектепке келісімен қашықтан оқыту кезеңінде біз ең алдымен мектеп
1-сурет.
директорымен сұхбаттастық (1-сурет). Сұхбат барысында ол бізден қалай оқығанымызды, оқу үдерісіне қандай тың жаңалық әкелгенімізді сұрады. Біз курс туралы, оның мақсаты жайлы қысқаша мәлімет беріп өттік. Мектептің жоспарларында көзделген қандай ұзақ мерзімді мақсаттар бар екендігін анықтау мақсатында мектептегі соңғы перспективті жұмыс жоспарын алып, онда мектеп дамуының алдағы жылдарына қандай даму мақсаты қойылғанын жазып алдық. Жоспардың бүгінгі әлемдік және Қазақстанның білім беру жүйесінің даму бағыттарына, мектептің даму қажеттілігіне қаншалықты сәйкес екендігін талдап, баға беруге тырыстық. Мектеп жұмысының ұзақ мерзімді бағыттарын анықтау бойынша шешімдерді қабылдауда мектеп жетекшілігі, әкімшілігі мен бүкіл қызметкерлері бірлесіп келісім жасай отырып жұмыс істейді. Мектептің перспективті және жылдық даму жоспарын жасағанда тек мектеп әкімшілігі ғана емес, озат және тәжірибелі педагогтар қатысады, ол жоспарды бекітпей тұрып, педагогикалық кеңесте талқыланып барлық мұғалімдердің талап-тілектері ескеріледі және мектептің даму жоспарын бүкіл педагогикалық кеңес дауысқа салып бекітеді. Мектептің стратегиялық жоспары 7 бағытты қамтиды. Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік - экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Пайымдауы: Балалардың білімділігі, бәсекеге қабілеттілігі, интеллектуалдығы.
Мектеп жоспарына өзгеріс енгізу мақсатында тиімді бағыттарды анықтау үшін бірлесіп шешім қабылдау жөнінде пікірлестік. Мектептегі тәжірибе кезіндегі мұғалімнің зерттеу жұмысының маңызды кезеңдерін атап көрсеттік.Ол өзгеріс енгізгенге дейін мектеп туралы деректер жинау және оның нәтижелілігін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өзгеріс енгізілгеннен кейін деректер жинау кезеңі. Жұмысымыз жүйелі жүруі үшін алдымен мектептегі іс-тәжірибеге байланысты жоспар құрып алдым.
Тәжірибе кезеңінің келесі күні мектеп әкімшілігімен, бірлестік жетекшілерімен кездесіп, бағдарлама барысымен таныстырдық. Тәжірибе кезіндегі жұмыстармен таныстыру үшін әріптестеріміз арасында өткізілетін семинар - тренингтің жоспарын жасадық. Енді өз мектебім туралы мәліметтер келтірейін.
Мектебімізде 67 мұғалім еңбек етеді. Олардың 10-ы жоғары санатты, 28-і бірінші санатты, 19-ы екінші санатты ұстаздар.Оның ішінде еңбек өтілі бойынша 2-3 жыл аралығында 5 мұғалім, 3-5 жыл аралығында 7 мұғалім, 5-7 жыл аралығында 2 мұғалім, 7-9 жыл аралығында 9 мұғалім, 9-11 жыл аралығында 4 мұғалім, 11-14 жыл аралығында 11 мұғалім, 14-17 жыл аралығында 6 мұғалім,17-20 жыл аралығында 5 мұғалім, 20 жылдан жоғары 18 мұғалім бар. Жасы бойынша 30 жасқа дейінгі 10 мұғалім, 30-58 жас аралығында 57 мұғалім еңбек етеді. Мектепте 476 оқушы 28 класс комплектісінде екі ауысыммен оқиды. Мектеп жаратылыстану-математика бағытында білім береді. Оқушылар пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, түрлі танымдық, өнер, спорт сайыстарында жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге соңғы 8 жылда мектеп бітірушілер 100 пайыз қатысып келеді. Биылғы 2012-2013 оқу жылында мектеп бітірген 35 оқушының 24-і мемлекеттік білім грантын жеңіп алды. 4 оқушы <<Үздік аттестат>> иегері атанды.ҰБТ-дағы жинаған орташа ұпай 88,2. Бұл аудан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Ал, облыс бойынша 291 мектептің ішінде 5-орынды иеленді. Мұндай жетістікке мектебіміз бірнеше жыл қатарынан жетіп келеді.
Мектеп жоспарына енгізілетін басымдық тақырыбын анықтау үшін және әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренинг өткіздік. Бағдарламаның ерекшелігі туралы таныстырылым жасадық. Мұғалімдермен әңгімелесу өте әсерлі болды. <<Бүгінгі тренингтен не алғыңыз, не көргіңіз келеді?>> деп ортаға тасталған сұраққа әңгімелесу барысында оқуға қызығушылық танытқан мұғалімдер де болды. Олар әрбір айтылған ойды, пікірді құптап, қосылып отырды Мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылды. Шама - шарқымызға қарай жауап беруге тырыстық. <<Маған айтып берсең ұмытып қалармын, көрсетіп берсең, есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын>>-деп, Конфуций айтпақшы бағдарлама жөнінде айтып та, көрсетіп те түсіндірдік. Әріптестерімізбен тренинг жүргізіп, түрлі ойындар ұйымдастырдық. Сабақтан шаршап шыққан олар шаршағандарын ұмытып, сергіп қалды Олардың ерекше сезімде отырғандарын байқаған біз сондай қуандық. Бағдарламаның идеялары, модульдері әріптестерімізге ұнағанын олардың пікірлері арқылы білдік. Мектеп басшысы жұмысымызға сәттілік тілеп, ерекше лебізін білдірді. Мектеп мұғалімдерін бізбен бірлесіп жұмыс істеуге, бірлесіп шешім қабылдауға шақырды. Соңынан мектептің объективті жағдайларын анықтауға арналған сауалнама жүргіздік.
Ертесіне ынталы мұғалімдер мен үшінші деңгей мұғалімдерін қатыстырып топ құру жұмысымен айналыстық. Менімен бірге бір топта жұмыс істеуге 4 мұғалім ықылас білдірді.Олармен кәсіби әңгіме жүргізіп, алдағы уақытта бірлесіп не атқаратынымызды анықтап алдық.(қосымша 2)
Сауалнама алынып болғасын келесі күні оны сараптап, қорытындысын шығаруға кірістік. Сауалнамаға 50 мұғалім қатысты. <<Зерттеу және рефлексия>> бөлімі бойынша жүргізілген сауалнаманың << Өз әріптестерің оқушылардың оң нәтижеге жетуі үшін бірлесіп жұмыс істейтініне сене ме?>> деген сұрағына 7 мұғалім-сирек (14%), 7 мұғалім-кейде (14%), 7 мұғалім-жиі (14%), 21 мұғалім-әрқашан (42%) деп жауап берген. Бұл біздің мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастықта жұмыс жасайтындығын көрсетеді. <<Жоспарлау>> бөлімі бойынша << Мектепті дамыту жоспарына оқыту нәтижесін жақсарту үшін сыни тұрғыдан ойлау модулін енгізу қажет деп ойлаймын>> деген сұрағына 4 мұғалім-сирек (8%), 7 мұғалім-кейде (14%), 16 мұғалім-жиі (32%), 23 мұғалім-әрқашан (46%) деп жауап берген. Бұдан біз мектеп мұғалімдерінің қай бағыт бойынша жүргісі келетінін, нені үйренгісі келетіндігін білдік. Бұл біздің мектепті дамыту жоспарына өзгеріс енгізу үшін неге баса көңіл аударуымызға көмектесті.
2-сурет 3-сурет
2.4. Мектепті дамыту жоспарына оқыту нәтижесін жақсарту үшін сыни тұрғыдан ойлау модулін енгізу қажет деп ойлаймын.
Сол себептен мектептің даму жоспарына << Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қолдана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру>> деген басымдықты енгіздік. <<Қатыстырылуы>> бөлімі бойынша <<Мектептің басшылығы, әкімшілігі және қызметкерлері мектеп жұмысының алдағы уақыттағы бағыттары туралы шешім қабылдау үшін бірлесе жұмыс істейді ме?>> деген сұрағына 2 мұғалім-сирек (4%), 7 мұғалім-кейде (14%), 20 мұғалім-жиі (40%), 21 мұғалім-әрқашан (42%) деп жауап берген. Осы орайда ұжым қызметкерлері арасындағы ауызбіршілікті ,бірлесе жұмыс істеуге деген құлшынысты көруге болады. << Қызметкерлерді дамыту>> бөлімінде << Мектеп жоспарын әзірлеген кезде қызметкерлерді кәсіби дамытуға басты назар аударылады ма?>> деген сұраққа 1 мұғалім-сирек (2%), 1 мұғалім-кейде (2%), 1 мұғалім-жиі (30%), 27 мұғалім-әрқашан (54%) деп жауап берген. Мектебімізде ұжым мүшелерінің кәсіби дамуына аса мән беріледі. Мұның дәлелі ретінде мынаны айтуға болады. 2011 жылы қараша айында 55 мұғалім М.Жанпейісованың <<Модульдік оқыту>> технологиясы бойынша біліктілік арттырудың республикалық институтынан курстан өтті. 2013 жылдың маусым айында жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің базасында біліктіліктерін арттырды. Қазіргі күні ҚР педагог қызметкерлерінің біліктігін арттыру курстарының бағдарламасының Үшінші деңгейі бойынша 8 мұғалім оқып келсе, Екінші деңгейі бойынша 1 мұғалім, Бірінші деңгей бойынша 7 мұғалім біліктілігін арттыруда. <<Үйлестіру>> бөлімі бойынша << Біз командада жұмыс істей отырып, тапсырмаларды орындаймыз ба?>> деген сұрағына 10 мұғалім-сирек (20%), 10 мұғалім-кейде (20%), 20 мұғалім-жиі (40%), 10 мұғалім-әрқашан (20%) деп жауап берген. Себебі ұжым мүшелері бірлесіп,ақылдасып <<келісіп пішкен тон келте болмайды>> деген принциппен жұмыс істегенді қалайды. Дәл осы кезде бір мектептен курста оқып жатырған 6 мұғалім 1 командада жұмыс істеп, мектепті жақсы жағына өзгертудің жолдарын бірге іздестірудеміз. <<Көшбасшылық>> бөлімі бойынша <<Мектептің тәжірибелі көшбасшылары дамыту басымдықтары мәселелерінде жетекші рөл атқарады ма?>> деген сұрағына 2 мұғалім-сирек (4%),7 мұғалім-кейде (14%),20 мұғалім-жиі (40%),21 мұғалім-әрқашан (42%) деп жауап берген. Яғни, көшбасшылық қасиетке ие мұғалімдер мектебімізде бар және олар дамыту басымдықтары мәселелерінде жетекші рөл атқарып, өз идеяларын ұсынып отырады. Мектеп мұғалімдері әріптестерімен өздерінің сәтті, сондай-ақ сәтсіз тәжірибелерімен бөлісе отырып, себептері мен факторларын анықтап, өздерінің іс-тәжірибелерін сын тұрғысынан бағалауға ұмтылыс жасайды. (4-сурет)
4-сурет.
Олар бір-біріне ілтипатпен қарап, әртүрлі проблемаларды бірге шешуге тырысады, бір-бірінің сабақтарына қатысып өз пікірлерін білдіреді. Жетістіктерді бірлесе талқылап, жаңа идеяларды анықтайды және оларды оқыту үшін негіз етіп алады. Еңбек жолын енді бастаған мұғалімдерге ақылшы ұстаздар бекітіп, ұжымдық жауапкершілікке алады.
Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында және оқу үдерісіне қатысты пікірлері мен көзқарастарын білу мақсатында өзім зерттеу жүргізіп жатырған 6 <<А>> және 7 <<Б>> класс оқушылары мен ата-аналардан сауалнама алынды.Сауалнама барысында <<Сіз бос уақытыңызда мектеппен байланыс жасайсыз ба?>> деген сұраққа 2 оқушы-сирек (6,7%), 3 оқушы-кейде (10%), 5 оқушы-жиі (16,7%), 20 оқушы-әрқашан (66,6%) деп, жауап берді. << Мұғалімдердің сабақ беру әдістемесі ұнайды ма?>> деген сауалға 1 оқушы-сирек (3,3%), 3 оқушы-кейде (10%), 7 оқушы-жиі (23,3%), 19 оқушы-әрқашан (63,4%) деп жауап берді. Оқушылар арасында жүргізілген зерттеулер және оқушылардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын санаттау барысында мен олардың көпшілігінің игі қабылдайтын оқушылар санатына жататындықтарын анықтадым. Яғни, мектепке ұдайы барып тұратын, мектепке және мұғалімдерге қанағаттанатын, өзінен не талап етсе соны істейтін, мектепке сенім білдіретін оқушылар.
<<Сіздің білім алу үдерісінде техникалық кедергілер бар ма?>> деген сауалға 6 оқушы-сирек (20%), 15 оқушы-кейде (50%), 7 оқушы жиі (23,3%), 2 оқушы-әрқашан (6,7%) деп, << Сіздің білім алу үдерісінде рухани тұрғыдағы қиындықтар кездеседі ме?>> дегенге 12 оқушы-сирек (40%), 10 оқушы-кейде (33,3%), 6 оқушы-жиі (20%), 2 оқушы - әрқашан (6,7%) деп жауап берді. Осы орайда мен мектеп психологы мен әлеуметтік педагогпен пікірлесіп , осы кластағы рухани қолдауды қажет ететін балаларға қандай көмек көрсетуге болатындығын ақылдастым.<<Сіз жаратылыстану пәндерін ұнатасыз ба?>> деген сауалға 1 оқушы-сирек (3,3%), 2 оқушы-кейде (6,7%), 2 оқушы-жиі (6,7%), 25 оқушы-әрқашан (83,3%) деп жауап берді. Мектепте жыл сайын оқушы қажеттілігін анықтау барысында сауалнамалар жүргізіп тұрамыз. Сонда байқағаным біздің мектеп оқушыларының көпшілігінің жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтары басым екен. Оған дәлел биылғы мектеп бітірушілердің 11-і медицина мамандығын, қалғандары техникалық мамандықтарды таңдады. Оны төмендегі гистограммадан көруге болады.(5-сурет)
5-сурет. Сіз жаратылыстану пәндерін ұнатасыз ба?
<< Бағалауды өз-өзіңізді не өзара бағалау арқылы жүргізуді қолдайсыз ба?>> деген сауалға 5 оқушы-сирек (16,7%), 5 оқушы-кейде (16,7%), 10 оқушы-жиі (33,3%), 15 оқушы-әрқашан (50%) деп, << Сын тұрғысынан ойлау ұғымы сізге таныс па?>> деген сұраққа 2 оқушы-сирек (6,7%), 3 оқушы-кейде (10%), 10 оқушы-жиі (33,3%), 15 оқушы-әрқашан (50%) деп жауап берген. Ал, << Мұғалімнің мадақтауынан қанаттанасыз ба?>> деген сауалға 30 оқушының 25-і әрқашан деп жауап берді. Осыдан біз формативті бағалаудың оқушы үшін қаншалықты маңызды екенін көреміз. <<Сізге топтарда отырып жұмыс жасаған әлдеқайда қолайлы ма?>> деген сауалға 26 оқушы өздеріне топтық жұмыстың ұнайтынын көрсеткен. Бұл жерден біздің алдымызда Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқып келіп жұмыс жүргізген әріптестеріміздің жұмыстарының нәтижесін байқадық.
6-сурет. Сізге топтарда отырып жұмыс жасаған әлдеқайда қолайлы ма?
<<Сізге көшбасшы, басқарушы болған ұнайды ма?>> деген сауалға оқушылардың 70 пайызы << ұнайды>> деп жауап берген. Яғни, олар өздерінің тұстастарынан оқ бойы озық тұрғанды қалайды. Бұл алға қарай ұмтылу, жақсы болуға бейімделу- қазіргі заман оқушысына өте қажет қасиет.
"Балаңыздың білім алуы үшін қандай жағдайлар қажет деп ойлайсыз?" деген тақырыпта ата-аналармен сұхбат жүргізіп, соңынан сауалнама алдым. Ұсынылған жауап нұсқаларының бірін белгілей отырып, төменде келтірілген сұрақтарға жауап берулерін, бұл сауалнаманы орындай отырып балаларының мектепте сапалы білім алуына тиімді іс-әрекеттерді таңдауға ықпал жасай алатындықтарын ескерттім. <<Кез келген ісіңізді тастай салып балаңыздың сабағымен айналыса аласыз ба?>> деген сауалға қатысқан ата-аналардың 20 пайызы ғана <<иә>> деп жауап берген. Бұл қазіргі нарық заманында баланың сабағы емес тамағын табуға көп мән берілетіндігін көрсетеді. <<Балаңызға білім алып жүрген мектептің оқыту үдерісіне өзгерту енгізу қажет пе?>> деген сұраққа 60 пайыз ата-ана <<иә>> деп жауап берген.Кез келген ісін тастап баласының оқуымен айналыса алмаса да заман ағымына қарай оқыту үдерісіне өзгерту енгізудің қажеттілігін олар мойындап отыр. << Мектеп басшысы, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісі сіздермен жиі ақылдасады ма?>> деген сауалға 68 пайыз ата-ана мақұлдап жауап берсе, << Сынып жиналысынан басқа мектеп өмірімен үнемі тығыз байланыста болып тұрасыз ба?>> деген сауалға 62 пайызы <<иә>> деп жауап берген.
7-сурет. Ата-аналармен жүргізілген сауалнама қорытындысы.
Бұл жерден мектеп пен ата-ана арасында байланыстың жақсы жолға қойылғаны көрініп тұр. <<Мұғалімдердің бағалау жүргізу тәртібі ұнайды ма?>> деген сұрағыма көпшілік ата-ана бағалау барысында мадақтау арқылы бағалауды, ынталандыруды көбірек қолға алу керектігін, баланың нақты білімін көрсететін жүйе қалыптасу қажет екендігіне тоқталды. << Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер білім сапасына қаншалықты әсер береді?>> деген сұрағыма сабақ сапасы сан алуан тәсілдерді тиімсіз тықпалағаннан артпайды, олардың тек ұтымды жақтарын ғана пайдалансақ деп ой тастады. << АКТ (компьютер, интернет,т.б.)-ны сабақтарда қолдану қаншалықты тиімді деп есептейсіз? деген сауалға ата-аналардың көпшілігі заман ағымына сай қажетті ақпараттарды жылдам тауып, сабақтарда қолдану тиімді деп көрсетті. <<Балаңыздың көшбасшы болғанын қалайсыз ба?>> деген сауалға барлығы дерлік өз баласын тек биіктен көргісі келетіндіктерін білдірді.
Мектеп жұмысының тәжірибесіне түбегейлі өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірі есепке алынады. Мектептегі маңызды шешімдерді қабылданар алдында әр сыныпта сыныптық ата-аналар жиналысы өтеді, одан кейін оның шешімдерін, сол сыныптың ата-аналар комитеті мүшелері жалпы мектептің ата-аналар комитетіне жеткізіп, жалпы мектептік ата-аналар жиналысында немесе жалпы мектептік ата-аналар комитетінде шешім қабылданады.
Мұғалімдер жеке шығармашылық тақырыбы бойынша ізденіс жұмысын жүргізеді, оның шеңберінде өз сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізеді, ол шығармашылық жұмыстың нәтижелерін мақала ретінде газет-журналдарда, конференция жинақтарында жариялап отырады, әдістемелік нұсқауларды, оқу-әдістемелік құралдарды дайындайды. Желілік қауымдастық деп аталмаса да аудан мектептерінің мұғалімдерінің арасында <<Шеберлік кластары>> өткізіліп, бір-бірімен тәжірибе алмасу жақсы қолға алынған. Білім беру саласында реформа жасау дегеніміз қалыптасқан жүйені түбегейлі өзгерту емес, әлемдік білім беру саласындағы жақсы жаңалықтарды өз мектебіңнің мүмкіншілігіне қарай бейімдеу деп түсінемін. Өзгеріс енгізу алдындағы мектебімнің бастапқы жағдайы жаман емес, дегенмен әлі де оның әлсіз жақтарын зерттеп, жетілдіру қажет деп ойлаймын. <<Мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы>> десек, бұл бағдарлама идеяларын кеңінен пайдалану арқылы менің сабақта да сабақтан тыс уақытта да көшбасшылығым даму үстінде. Өйткені біздің мектептегі әрбір тұлғаға көшбасшылық функцияларды атқаруға мүмкіндік берілген. Бүгінге дейінгі жұмысым алдағы жұмыстардың алғашқы қадамдары.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz