Математика: Теңге - ұлттық ақшаны танып-білу және ақша санау дағдыларын қалыптастыру

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімнің аты: Математика

Сабақтың тақырыбы: Теңге

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру. Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың зейіні мен логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі материалдар

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет

Іс -әрекет кезңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Іс -әрекет кезңдері: Мотивациялық қозғаушылық
Мұғалімнің іс әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.

Зейіндерін сабаққа аудару.

Өткен сабақты еске түсіру:

«Бәйге» ойыны

:
:
:
:
:
:

Сұрақтары:

1. 1қолыңда неше саусақ бар?

2. Қандай фигураларды білесің?

3. 5пен7-нің арасында қандай сан бар?

4. 8 санының көршісін тап.

5. 5+1=? Есепті шығар

6. Сызықтар нешеге бөлінеді?

7. Алты алманың екеуін

Диас сұрап алды

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалды? (4)

8. 7 6 қайсысы үлкен, қайсысы кіші?

9. 8+2=? Есепті шығар

Балалардың іс әрекеті: 1
2
3
4
5
6
7
8
9
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Іс -әрекет кезңдері:
Мұғалімнің іс әрекеті:
Балалардың іс әрекеті:
Іс -әрекет кезңдері:
Мұғалімнің іс әрекеті:
Балалардың іс әрекеті:
Іс -әрекет кезңдері:
Мұғалімнің іс әрекеті:
Балалардың іс әрекеті:
Іс -әрекет кезңдері: Ұйымдастыру -ізденушілік
Мұғалімнің іс әрекеті:

- Жаңа сабақ түсіндіру

Теңге - ұлттық ақшаның атауы.

Оның түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1, 2, 3, 5, 10 және т. б. болып ірілене беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі.

Оқулық дәптердегі тапсырмаларды орындау.

  1. Монеталардың суреті берілген. Оларды ата.
  2. Әр әмиянда неше монетадан? Әр әмиянда неше теңгеден?

«Теңге терейік» ойыны

  1. Ақша санаудыүйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы дөңгелектің ішіне цифрмен жаз.
  2. Сенде ақша бар ма? Ол ақшаға сен не сатып алатыныңды таңда? Сатып алған затыңды монеталардың керекті санына қос. Сенде ақша қалды ма? Неше?
  3. Берілген теңгелерден есеп құрастыр.

Сергіту сәті:

1, 2, 3 Бойға жинап күш,

4, 5, 6 Отыр, тұр, шалқы

7, 8, 9, 10 Орындығыңа қон

Балалардың іс әрекеті:

Балалар мұғалімді мұқият тыңдайды

Балалар тапсырманы тиянақты орындайды

Балалар есеп құрастырады

Балалар қимылмен орындайды.

Іс -әрекет кезңдері:

Кері байланыстылық-

түзетушілік

Мұғалімнің іс әрекеті:

Қорытынды.

Ауызша есептер:

-Серіктің 5 теңгесі болды, анасы оған тағы 2 теңге берді. Серікте барлығы неше теңге болды - ?

-Айымның 10 теңгесі бар еді, ол 5 теңгесіне балмұздақ алды. Айымда қанша теңге қалды-?

Сандарды тура және кері сана.
Осы сандардан қолданылатын монеталарды ата.

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0

Сұрақ-жауап:

-Теңге дегеніміз не ?

-Ақшада не бейнеленген ?

-Ақшаның қалай ұстауымыз керек ?
-Ақша қалай келеді?

-Әр ұлт ақшасы қалай аталады ?

Балалардың іс әрекеті: Балалар белсенділік танытады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Теңге жайлы мағлұмат алады

Қандай түсініктерді игерді: Ақшаны үнемдеп пайдалану керек.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырманы орындау


Ұқсас жұмыстар
2-4 сыныптарға арналған ашық сабақ: Теңге мен қағаз ақша, ұлттық ойындар және гүл жасау
Ақша және өмір мәні: теңге тарихы мен экономикалық тәрбие
Ұлттық валюта - теңге: тарихы, енгізілуі және маңызы
Ұлттық теңге: тарихы, маңызы және сабақ жоспарлары
5-сынып: Ұлттық теңге - тарихы, қызметі және маңызы
Ұлттық валюта - теңге: тарихы, маңызы және экономикалық тәрбиелеу сабағы
3-сынып математика сабағы: Қағаз ақшаны (1000, 2000, 5000 тг) ажырату және төлем жасау
Теңге: Қазақстанның ұлттық валютасының тарихы, маңызы және безендірілуі
Теңге: ұлттық валюта тарихы мен маңызы - бастауыш сыныпқа арналған сабақ
Қоршаған дүниені танып-білу: табиғат пен адам арасындағы байланыс және экологиялық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz