Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу


Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу

Сапар Гүлмирам Әбдірқызы
№2 мектеп – гимназиясының технология пәні мұғалімі
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын.Қазір
еліміз өрлеу үстінде.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы
ең басты басымдыық.Бұл ХХІ – ғасыр білім саласындағы қызметкерлер үшін,
яғни мұғалімдер қауымына үлкен міндет жүктеп отыр.Ұрпағымыз білімді,
болашағымыз жарқын болуы үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру
- бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мектеп оқушылары
бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық
шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған.
«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген
білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деп Әл-
Фараби айьтқандай, оқушыларға рухани тәрбие беруде, технология пәнінің
алатын орны ерекше.
Адамның өмірі үшін, жан – жақты, үйлесімді дамуы үшін ас қажетті
пән.
Баланы тәрбиелеу дегеніміз – оқушының тұлғалық дамуына, қалыптасуына бағыт
– бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы басқару.
Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне бөліп қарап, ұлды
шаңырақ иесі, қызды халқының келешегі, үй ұйтқысы ретінде тәрбиелеп
отырған.Қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген.Мектептегі технология пәнінде
қыз балалар бөлек білім алатындықтан, пәннің ерекшелігіне сай білім мен
тәрбие қатар берілетіндіктен технология пәнінің мұғалісі «Сегіз қырлы, бір
сырлы» болуы керек деп ойлаймын.
Мәһшүр Жүсіп Көпейұлының аңыз әдебиет үлгілерін жинақтаған еңбегінде
мынадай қанатты сөз бар: «Адамның қара басында үш асыл қасиет бар.Асылдығы
бірінен – бірі өтеді.Бірі – көз, бірі – көңіл, бірі – ақыл».
Қыздарымызды әсемдікке тәрбиелеуде осы жазушының айтқанындай,
әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделу болуға, ақылмен ойлануға
жетелейтін ұстаздар қауымы.
Халқымыз қыз деген сөзді әдеіліктің, әлдептіліктің, жан – жақты
сұлулықьтың нышаны ретінде қолданады.Қазақ халқының ұғымында қыз бала
ақылды, байсалды жаны нәзік те ерке, мінезі жайдары, өнерлі болып
келеді.Мысалы, мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жәгіт екен» дейді.
«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер
қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді.
Хлақымыздың қыз бала тәрбиесінеаса мұқият қарап, оларды өнер – білімге,
шеберлікке жастан бейімдеп отырған.Қыз балға қатты сөз айтпай, мәпелеп
өсірген, бағалаған, жанының нәзіктігін құрметтеген. «Қыз қылығымен», «Қыз –
елдің көркі, гүл – жердің көркі», «Қыз еркем, кестесімен көркем» деген
мақалдар бұған дәлел.
Халқымыз қыз баланы еркелетіп, дегенін орындап әлпештеген.Дарақы,
қыдырымпаз, ұрысқақ болып өсуден сақтандырып отырған.
«Қызға қарақ үйден тыю» деген мәтелдің мәні кез – келген үйге бара
беру, қонып қалу ұят, негізінен ибалы да нәзік, ақылды болуға тисі қазақ
қызына ас лайықсыз қылық дегенді білдіреді.
Қыз бала тәрбиесі ата – анаға үлкен сын еді.Жүн түту, кесте тігу,
құрақ құрау т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып – ақ
үйреткен.Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік
сезімін дарытып, еңбекке даярлай бастаған.
Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында балалар мен жастарды тәрбиелеуге ең
көкейкесті мәселелері ретінде білім мекемелерінде оқушылардың этнос-мәдени
ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу айтылған.Сондықтан технология
сабағын қазіргі таңда халық педагогикасымен ұштастыру өтее қажет.
Талғампаз қазақ қыз бала тәрбиесіне түлкен жауапкершілікпен
қараған.Қол бастаған «қолбасшы» да, ел бастаған «елбасшы» да қыз бала
тәрбиесіне мән берген.
«Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтымызды тәрбиелейміз» деген
Ж.Баласағұнның сөзі бұған дәлел.
Ауыл – мәдениетіміздің, салт – дәстүріміздің, әдет – ғұрпымыздың
қайнар көзі.Ауыл қыздары үлкенді сыйлап, кішігі қасқор болып жүретін
инабатты болып өседі.Олар туған жерін сүйетін, иманды да инабатты ізгі
қасиеттер иесі бола алады.
Қазір дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайда ие болған кейбір
қыздарды айтпасқа болмайды.Олар жат қылыққа салынып, табиғат берген
сұлулық, нәзіктіктен қалай айырылғандарын білмейді.Қыздарымыз осындай жолға
түсіп кетпес үшін жасынан сақтандырып, ар – намысын жоғары ұстай білген қыз
ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болатындығын санасына сіңіру
қажет.
Қазіргі кезде ұлттық тәрбие мәселелерін дамытуды, кеңейтуді
алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз.Себібі, ұлтты ұлт ететін оның тілі,
дәстүрі, мәдениеті. «Өткенін білмеген болашаққа жол салып жарытпайды» -
дейді, дана халқымыз.Ендеше ата – бабамыздың бұрынғы тіршілігін, тұрмыс
тарихын бүгінгі ұрпаққа жеткізу, атадан балаға мирас болып келе жатқан
қолөнерін зерттеп, біліп, үйреніп, шеберлігін үлгі тұтта отырып халықтық
педагогикамен тәрбие жұмыстарын жүргізу ұстаздардың парызы.
«Имандылық – инабаттылық мұраты» деген.Имандылық пен әдептілік бір
– біріне балама ұғымдар емес, бірақ олардың арасында тығыз байланыс бар.Қыз
балаларымызды ізгі – ілтипатты, тура сөзді, мейірімді адам етіп тәрбиелеп,
бойына әдеп – инабат ұғымдарын сіңіре отырып білім берген дұрыс.
Қазақ халқының пейіліне қарай дархан даласы бар, өрісте төрт түлік
малы мен кеоісті жайлауы бар.Қазақ баласы ақ білектің күшімен, ақнайзаның
күшімен жан алысып, жан берісіп қазақ сахарасын сақтап келген, тәуелсіздік
аңсап өткен ата – баба ұрпағы ақыры дегеніне жетті.
Бүгінгі жастарға төрт түлік өсіріп, өміріне негіз еткен халқымыздың
мол тәжірибесін үйрету, малды күтіп, өнімін ұқсата білуге баулу біздің
мәндетіміз.
Халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі – қонақжайлық.
«Қонақжайлық – қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін»
халқымыздың қаныныа сіңген дәстүрлік әдебі.Қыз балаларды ұлттық дәстүр
негізіне тәрбиелеп, олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге
тырысамын.Қонақты ақ жарқын көңілмен күту көрегенділік, адамгершілік, тіпті
міндет деп те айтуға болады.Халқымыздың осындай қонақжайлығы, дастарханының
кеңдігі, ианыс – біліс түгіл бөтенге де көрсететән мырзалығын дәріптеп, қыз
балаларды қонақты жақсылап күте білуге үйрету керек. «Келгенше қонақ
ұялады, келген соң үй иесі ұялады» дегендей, қонақ үй иесіне, әсіресе
әйелге сын. «Қонақ аз отырып, көп сынайды», оның өзі кейін ел – жұртқа
таралатындықтан, қонақ күтуге еркше мән беріледі.
«Мейман анаңнан да үлкен» дейтін мақал халықтың мәртебесі мен оған
көрсетуге тиісі сый – құрметке инаттылық тұрғысынан қарайтынын
көрсетеді.Пайғамбар хадисінде: «үйлеріне қонақ қонбайтын үй иелері – жаман
адамдар» делінген.
Қыздарымызға қонақ күту мен қонақ болудың әдебін ұғындыру,
меймандос болу, халқымыздың салт – дәстүрін жалғастыру – бүгінгі күннің
талабы.Тағам дайыдауды үйрету сабақтарын ұлттық педагогикамен байланыстыра
отырып жүргізу оқушылардың қызығушылығын арттырады.Салт – дәстүр, ырым –
тыйымдарды қолданудың тәрбиелік мәні бар.Қыздарымыз өз бойының тазалығын
сақтай біліуді, үйретуді мақал, аңыз әңгімелерді айта отырып жүзеге асыруға
болады.
«Тазалық – саулық негізі, сайлық – байлық негізі» деген мақалдың
мәнін ашып түсіндіріп, қыз балаларға ас дайындау кезінде санитарлық –
гигиеналық талапты ұстаудың, сақтаудың жауапкершлігін түсіндіремін.
Осыған орай, халық арасында сақталған бір аңызда: «Ертеде бір қыз
тұрмысқа шығыпты.Біршама уақыт өткен соң әкесі қызының халін білу үшін
іздеп барады.Қызының отауына әкесінің көңілі толмайды.Салақ қыз кір басқан
ыдыстарымен әксіне шай береді.Әкесіне: «Ыдыстарым тозып кетті, басқасын
әкеп берші» деп қолқа салады.
- Жарайды қызым, ыдыстарыңды қоржыныма салып бер, - дейді.Құмға ысып –
ысып, жалтыратып әкелген ыдысын көріп, «жаңа ыдыс» деп салақ қыз мәз
болған екен».
Халқымыз «ақты» қастерлеп, жоғары бағалаған.Үйге жылан кіріп кетсе, оның
басына ақ құйып шығаратын ырым болған.Жылан үйге екі мағынада кіреді деп
білген.Бірі жамандыққа, бірі жақсылыққа.Ақ құйып шығарса ешкімге тимей
кетеді деп сенген.Жылан – дұшпан.Бұл ырымның астарында тағы да бір сыр бар
деп ойлаймын.Халқымыз «таспен атқанды, аспен ат» деп, ел бірлігі, татулығы
үшін кешірімге шақырып алдына дұшпаны келсе де дастарқанын жайып қонақ етіп
жіберген.Ата – ана тәрбиесін көргендіктен халықтың ырымдары санамызда
жатталып қалған.Тағы бір ырымда, үйге нәресте келсе, балаға сыйлық беріп
шығарған. «Нәресте бойымен үйге пәлекет келеді, егер баланы бос шығарсаң
үйде пәлекет қалып қояды» деп сенген.
Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті
сөздерінен бастау алады.Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне халық педагогикасының
алатын орны ерекге деп білемін.Шәкірттерді салт – дәсиүрге, өнерге,
шеберлікке, баулып, халқымыздың асыл қасиеттерін дәрептеуді өзімен мақсат
етіп келемін.
Ұстаздың ұзақ тәжірибемнен менің түйгенім: «Ұстаз болу – жүректің
батырлығы, ұстаз болу – сөзімнің ақындығ», - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз
айтқандай, шәкіртін сүйген ұстаз ақын болып кете ме деймін:
Сіңірген өн бойын дала сырын,
Перзентімін оқырауын жағасының.
Шәкірттерге үйретсем деп келемін,
Бойындағы өнердің бар асылын.
Өнерлі жан-елдің көркі, дейді халқым,
Үйретсем шәкірттерге ата – салтын.
Білімді, иманды ұрпақ келешекте,
Асырар қазағымның атақ – даңқын.
Сонымен технология сабағының қыз бала тәрбиесіне ықпалы зор, салт –
дәстүрді дәріптей отырып, күнделікті өмірде соны сақта деп үйрету арқылы
қыздарымызды нағыз қазақтың қызы етіп тәрбиелейтінімізге сенемін.

Ұқсас жұмыстар
Күршім орта мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТИІМДІ ҰШТАСТЫРУ
Жеке тұлғаға қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдалану
Жақсы қасиет отбасынан дариды
Әкем, шешем және мен
Оқытудың формалары
Тәрбиеші әдістемесі
Жас ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеудің қуатты құралы - тіл
Азаматтық мақтаныш сезімін қалыптастыру
Пәндер