Бала тәрбиесіне байыпты қарайық

МҚКҚ Тасқала колледжінің ІІ санатты физика
және информатика пәнінің мұғалімі
Валиева Жадыра Бақытжанқызы
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Бала тәрбиесіне байыпты қарайық . . .
Мақсаты: 1. Оқушылардың ата-ана сөзінің мәні ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық - қарым қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.
2. Оқушылардың ата-ана алдынжағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру
3. Ата -ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған күн суреті, күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, компьютерде жазылған слайд, проектор, үлестірме қағаздар, бейнебаяндар.
Нақыл сөздер
- «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақал-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» . А. С. Макаренко
- «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл-отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». А. С. Макаренко
- «Бала жөнінде әділ пікір айту үшін оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесінде көшуіміз керек». Н. Н. Пирогов
- «Ата-аналар балалрына сыйлы болуы тиіс. Бірақ сый - сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет» В. Г. Белинский
- «Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас. Халыққадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас»
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз
Баланың бас ұстазы - ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шағуы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл блген.
«Әрбір баланың мінез - құлқы ата-ананың жағымды іс -әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, жиналысымызға қатынасып отырған ата-аналар, ұстаздар төмендегі сауалнамаларға жауап берейк.
- Сауалнама
- Ата-ана құқығы
Бала тәрбиесіне қағидалар. (Слайд)
- Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қатынасын жасаған абзал.
- Әдепсіз сөз, дөрекі айқай- тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дрекі жауап береді.
- Егер өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят
- Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата- анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
- Ата- ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.
Мейірімділік - адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүлде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көөмектесе, сол адамды демеп-жебесе ол мейрімділікке жатады.
Іс - шарамыздың келесі блімінде мына бейнебаянға назар аударсақ (Б. Мұстапаевтың орындауында «Ана жүрегі» атты әннің бейнебаяны көрсетіледі. )
Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар.
Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсындар? Енді ос көрсетілім бойынша сұрақ қоғым келеді:
- Оқушылар, сендер осы көрініске не айтасыңдар?
- Ата-аналар, сіздер не айтасыздар?
- Сендерге қалай әсер етті?
- Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?
- Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?
Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.
1-қателік. Балаларды орынсыз еркелету.
2 - қателік. «Не істесең оны істе, маған бәрібір» деп айту
3-қателік. Аса қатылдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата - анңмын» деп айту
4-қателік. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» деп айту
5-қателік. «Саған кңіл бөлуге уақытым жоқ» деп айту
6-қателік. Балаңыздың баршалыққа баулымау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz