Тасымал. 72-75-жаттығулар. мусурманова бакытгуль иокеновна

Аудандық сайыстар 2011ж

«Көркем жазу» ІІІорын

«Айналайын»мар-ны ІІІорын

Мұғалімнің кәсіби өсу деңгейі

Мектепіш. іс-тәж. 2010ж

Матем(қ)

Қаз. т.

Аудандық олимп. 2008-2010ж

Қаз. т. ІІ, мдүниет. ІІ,

матем «белсен. »

Әдістемелік бірл. сайысы 2009ж

Баст. кл. мұғал-нің олимпиадасы

ІІІорын

Аудандық сайыстар 2007ж

«Көркем жазу» ІІ, «Тіл мейрамы»ІІорын

Аудандық семинар 2005ж

Ана тілі: «Тасымал»

Тәрбие сағ:Кім болам?

Өзекті тақырыбым :

Оқушылардың шығармашы- лық қасиеттерін дамыта отырып, жан-жақты білім беру.

«Жаңаша оқыту-заман талабы»

Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Жаңа педагогикалық техналогиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлестерін қосады.

Тәжірибе барысында ауыл мектептерінде қазіргі талапқа сай біз көптеген инновациялық техналогиялардың ең тиімдісін қолданудамыз. Бұл білім сапасының, оқушылардың қызығушылығының артуына көп септігін тигізеді. Атап айтқанда деңгейлеп-саралап оқыту тех-сын қолданған тиімді.

Сынып ішінде дарынды оқушылырды анықтауда, қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізуде деңгейлеп-саралап оқыту тех-ның маңызы өте зор. Осы тех-ны қолдану нәтижесінде сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға қол жеткіздім.

Қабілетті оқушымен жұмыс

Олимпиадалар, сайыстар, марафондар

Оқушылардың шығармашылық қасиеттерін арттыру

Авторлық бағдарлама

Семинарлар

Ана тілі. 1-сынып.

Тақырыбы :Тасымал. 72-75-жаттығулар.

Мақсаты: Сөздерді дұрыс тасымалдай білуге жаттықтыру, бес буынды сөздердің төрт түрлі, төрт буынды сөздердің үш түрлі тасымалданатынына мән беру. Оқушылардың ізденушілік, шығ-қ қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Отанын сүюге, елінің, жерінің табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі :табиғат көріністері, карта, бейнетаспа, «бинго»билеттері, тірек сызба, ойыншықтар.

Сабақтың типі :оқушылардың білім-білік дағдыларын қолдану сабағы

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұ. к.

2. Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгінгі сабақта біз Қазақстанның әсем табиғаты бар жерлерге саяхатқа шыққалы отырмыз. Еліміздің әсем табиғатын көру үшін, сендердің білімділіктерің, жылдамдық- тарың қажет.

-Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

-Саяхатымыздың бағыты Алматыдан басталады. Осы кезде Алматының жарығы жанады.

3. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасы әр топқа жеке-жеке берілген.

Ітоп: «Отанөлеңін жатқа айту»

ІІ топ :Отан туралы, туған жер туралы мақалдар айту.

ІІІ топ : «Отан» тірек сызбасын толтыру.

Алматыдағы шаңғы базасы слайдтан көрсетіледі. Бір оқушы «Шымбұлақ шаңғы базасы» туралы мәлімет береді.

Шымбұлақ шаңғы базасы-Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан. Мұнда спорт кешені бар. Спорт кешені1954 жылы ашылды. Мұнда спортшылар шаңғымен жаттығады. Адамдар осында келіп шаңғы тебеді. Таза ауада демалады .

ІІ. Келесі бағытымыз Павлодар облысындағы Баянауыл өлкесі.

Торайғыр көлі Павлодар облысындағы Баянауыл өлкесінде орналасқан. Баянауыл тауында табиғат құбылыстары -ның нәтижесінде пайда болған мүсіндер бар. Мысалы: «Тасты бас кептер». Ол Баянауыл тауының етегінде орналасқан.

4. Кітаппен жұмыс.

І топ: 73-жаттығу(ң әрпінен бастап тасымалдау)

ІІ топ :Берілген сурет бойынша үш буынды, төрт буынды сөздерді тасымалдау.

ІІІ топ: 72-жаттығу. (бес буынды сөздерді тасымалдау)

Сергіту сәті.

ІІІ. Келесі бағытымыз Астана қаласы. Картадан Астананың жарығы жанады.

-Балалар, бүгін Дихан Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» деген өлеңімен танысамыз. Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік:

-Біз қай елде тұрмыз?Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Еліміздің президенті кім?Елбасы елімізді қай қалада отырып басқарады?

-Міне, Астанаға да келіп жеттік. Слайдтан Астананың көрікті жерлері көрсетіледі.

Дихан Әбілов туралы мәлімет:

Дихан Әбілов 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 20-дан астам өлеңдер жинағы, поэмалары бар. Дихан Әбілов өзінің еңбегіүшін көптеген ордендермен, медальдармен марапатталған.

Өлеңді мәнерлеп айтып беру. Өлең бойынша сұрақтар қою.

І топ :Өлеңнің бірінші шумағында кімдердің аттары аталады?

ІІ топ: Екінші шумағында не делінген?

ІІІ топ: Әр оқушы бір сөйлемнен құрау арқылы Қазақстан туралы мәтін құрастырады.

Өлең шумағына сәйкес суреттер көрсетіледі.

Қорғалжын көлін көрсету. Оқушы мәліметі:

Қорғалжын көлі-Астана қаласынан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бұл өңірде қоқиқаз, дуадақ, ақбастырна мекендейді.

ІҮ. Келесі бағытымыз Көкшетау қаласы.

«Бинго» ойынын ойнату.

Сұрақтарға жауап берген оқушылар Бинго билеттерін ұтып алады. Сыйлық ұтып алу үшін тағы келесі тапсырмаларды орындау керек.

Сұрақтар:

1. а) Торайғыр көлі қай таудың етегінде орналасқан?

ә) Баянауыл сөзін тасымалда.

2. а) Бәйтерек қай қалада салынған?

ә) Астана сөзін тасымалда.

3. а) Шымбұлақ қай жерде орналасқан?

ә) Алматы сөзін тасымалда.

Сұраққа жауап берген оқушылар ұтыстарын алады.

4. Қорытынды сөз.

-Балалар, бүгінгі сбақта сендер Қазақстанның әсем табиғатымен, Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыңдар. Осыдан-ақ еліміздің кең байтақ табиғаты көркем екенін көруімізге болады. Осы елдің азаматы болғандықтан барлығымыз оның жерін, табиғатын қорғауға өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.

5. Бағалау.

Жауап берген оқушыларға дөңгелектер беріліп отырады, сол бойынша бағаланады.

Қазақ тілі. 4-сынып.

Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.

Мақсаты: Сын есімнің мағыналарын дұрыс түсіну, сөйлеу кезінде орынды пайдалануын қамтамасыз ету, сөздік қорын байыту, ойын толық жеткізе білуге машықтау, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ауылының көркеюіне өз үлесін қосуға шақыру, экономикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: жазылған сөздер, коппьютер, слайд, суреттер, ақшалар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: білімді дамыту.

Сабақтың барысы:

-Балалар, ауылымыздың келешекте көркеюіне қалай қарайсыздар?

-Ауылымыз қандай болсын деп армандайсыздар?

-Бақтарыңа қарай Аякөз ауданының бюджетінде осы ауылға жаңа мектеп салу қарастырылған екен. Осы мектепті салу үшін бірнеше мекеме тендрға түсіпті. Тендрді осы мектептің мұғалімдер ұжымы жеңіп алды.

-Енді осы мектепті салуға кімдер керек?

-Құрылысшылылар.

-Ия, ендеше, мен осы жұмысты сендерге тапсырғалы отырмын.

-Бұл мектепті салу 4 кезеңнен тұрады. Әр кезеңді салып бітірген сайын сендерге жалақы төлеп отырады. Еңбекақыларың өздеріңнің жұмыс істегендеріңе байланысты болады.

-Сонымен, жұмысты бастауға дайынсыңдар ма?

3 . І кезең 5000т

Бұл кезеңде үй тапсырмасы сұралады.

1) Карточкаменжұмыс.

2) Тақтаға күннің суретін ілу. Онда «Сын есім» деп жазылған.

Оқушылардан сын есімнің түрлері сұралады.

-Мына сөздерді орындарына дұрыс орналастырып көрейік:

Ашулы, мықты, теңбіл, шыршалы, қаңбақтай.

3) -Балалар, болашақ мектептеріңнің қандай болғанын қалайсыңдар?Осы сұраққа бір-бірден жауап айтасыңдар, ішінде сын есім болу керек.

Экраннан іргетасы салынған мектеп суреті көрсетіледі.

-Міне, мектептің іргетасы да салынып бітті, жақсы жұмыс істеген құрылысшылардың еңбекақысын беруге болады.

ІІ кезең 1т

Жаңа сабақ.

1) -Мониторға қарайық.

-Мына адамныңбет әлпетіне қарап не айтуға болады?

-көңілді-көңілсіз, ащы-тәтті, пысық-жалқау, әдепті-әдепсіз.

-Енді осы сөздердің мағынасына көңіл аударайық. Мағыналары қандай?

-Қарама-қарсы.

-Осы сөздерге сұрақ қойып көрейік.

-Ендеше қандай сын есім деп айтуға болады?

-Қарсы мәндес сын есім .

-Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз-«Қарсы мәндес сын есім»

2) 436-жаттығу.

3) 437-жаттығу (сыңарын табу)

Сергіту сәті

- Сергіту сәтінің ішінде сын есімдер бар ма, олар қай сөз табынан?

-Енді мектебіміздің қалай қаланып жатқанын көрейік. Еңбекақыларын тарату.

ІІІ кезең 15000т

  1. 438-жаттығу
  2. Ойдан қарсы мәндес сын есімі бармақал жазу.

-Міне, мектебіміз де салынып бітті. Еңбекақыларын беру.

ІҮ кезең 2т

1) -Енді әрлеу, сырлау жұмыстары қалды.

-Балалар, енді өздерің жаңа мектеп пен өз мектебімізді салыстыра отырып, екі -үш сөйлем құраңдар. Сөйлемдеріңде қарсы мәндес сын есім болу керек.

2) Оқушыларға суреттер тарату. Сурет бойынша әңгіме құрастыру, ішінде сын есімнің түрлері болу керек.

«Бозай» мектебі толық аяқталды. Еңбекақыларын беру.

4. Қорытындылау.

-Міне, балалар, сендердің күштеріңмен аулымызға жаңа мектеп салынды. Осы қарқынмен ауылды көркейтуге сендер де үлес қосады деп сенемін. Елбасымыз жолдауында «Туған жерге тағзым» атты іс-шара бойынша әр кәсіпкердің өз туған жеріне көмек көрсетуін тапсырды.

5. Бағалау. Жинаған ақшалары бойынша бағалау.

Қызықты математика 4-сынып

Тақырыбы: Деректер бойынша есептер құрастыру.

Мақсаты: математика пәнінің теориялық материалын сапалы түрде меңгерту, өздерінің есеп құрастыруы арқылы шығармашылығын дамыту, қоршаған ортаны сүйіп, аялап, адамдардың тіршілігі табиғатпен байланысты екенін түсіну, пәнді қоршаған ортамен сәйкестендіре өту, оқушылардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Көрнекілігі: парашюттер, жазылған сөздер, деректер, слайд, ағаш діңдері.

Сабақтың түрі: конференция

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Балалар екі топқа бөлінеді.

-Балалар, сабағымыздың тақырыбы «Деректер бойынша есептер құрастыру». Сабағымыз табиғатқа байланысты болмақ. Ендеше тақтадағы мына бір өлең шумағына көңіл аударайық:

Пір тұтып табиғат ананы,

Пұшайман күйге оны түсірме.

Пайдалы іс істе саналы,

Пәк болып, жер-суға түсірме.

-Өлеңнен не түсіндік?Оқушылардың ойын тыңдау.

3. Осы кезде аспаннан парашюттер түсіріледі, онда «Эколог, орманшы, жасыл ел бағдарламасының өкілі» деп жазылған. Сонымен бірге хат жіберілген.

Хатта:

-Балалар, бұл табиғатымыздыңжағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқандықтан, сендер жауапкершілікпен қарасын деп,

Тапсырмалар беріп, оның салдарын түсінсін деген мақсатпен жазып отырмыз. » -деп жазған.

-Балалар, табиғат қорғаушылары бізге мынадай тапсырмаларын беріп жіберген екен. Мұнда тек деректер берілген, екен, осыған өзіміз сұрақ қойып, салдарын анықтап көрейік.

-Енді мына суретке көңіл аударайық. Монитордан орман суреті көрсетіледі.

-Орманның қандай түрлерін өттік?

-Ормандар не себепті азаюы мүмкін?

Орманшы тапсырмасы: Бір жылда 2га жердің орманы кесіледі. Балалар осы дерек бойынша есеп құрастырады.

Есептер тыңдалып, құрастырылған есептердің ең қиыны алынады.

Оқушыларды сұрақтары :10 жылда қанша? 100 жылда қанша?

-Суреттегі ағаштар қандай ағаштар?

-Ағаштың биіктігіне байланысты есептер құрастырайық.

Экологтың тапсырмасы :Ағаштардың биіктігі:қайың-20м, емен-40м, шырша -30м, қараағай -36м.

Оқушылардың сұрақтары :Қайың қарағайдан қанша метр аласа? Емен қайыңнан неше есе биік?

Сергіту сәті : «Ағашқа неше жас?» ойыны. Берілген дің бойынша жасын анықтайды.

Суреттен ағаштар көрсетіледі, тақтаға тапсырма ілінеді.

Жасыл ел бағдарламасының өкілі :Шырша-300жыл, қарағай-350ж, балқарағай-850ж, терек-100ж өмір сүреді.

Оқушылардың сұрақтары:Шырша теректен неше есе ұзақ жасайды?Балқарағай қарағайдан қанша жыл артық жасайды?

Монитордан «Барсакелмес» қорығы, аңдары, өсімдіктері көрсетіледі.

-Суретте қай қорық көрсетілген?

-Енді осы қорыққа байланысты орманшының деректерімен танысайық.

Орманшы: Барсакелмес қорығында 1948жылы қарақұйрықтар саны 2000-ға жуық жетті. 1949ж қыстың қатты болуынан 60 бас қана қалды.

Оқушылардың сұрақтары :Қанша бас қарақұйрық қырылды?

-Сендер білесіңдер, біздің жерімізде 40жыл бойы атом бомбасының сыналғандығын, оның әкелген зардаптарын. Соған байланысты көріністерге зер салайық.

Атом жарылыстары ауада, жер бетінде, жер астында сыналған екен. Олай болса экологтың мына деректеріне сүйене отырып, есеп құрастырыңдар.

Эколог: 1949-1963ж дейін жер бетінде 160 жарылыс, 1963-1988ж арлығында жер астында жылына 18 атом жарылысы болып отырған.

Оқушылардың сұрақтары:1949жылдан 1988 жылға дейін қанша жарылыс болды?

1949-1963 жылмен салыстырғанда 1963-1988 жылда болған жарылыс қанша?

Орманшы :64 млн. га жер жылына эрозияға ұшырайды екен.

Оқушылардың сұрақтары :10жылда қанша?

4. «Тез есепте» ойыны. Оқушыларға алдын ала есептеуге арналған өлеңдер құрастырып келу берілді. Балалар бір-бірінің өлеңдерін оқып шешеді.

1) Ұшып келді бес торғай,

Ұшып кетті бес торғай.

Қайтып келді екі торғай,

Бұтақта тұр неше торғай?

2) Отыр едік үш адам

Жетіп келді бес адам.

Ренжіп кетті атам да,

Кіріп келді апам да,

Адам санын санашы,

Біліміңді сынашы.

3) Екі ешкіде төрт лақ,

Бір ешкіде екі лақ.

Өліп қалды бір лақ,

Малдың санын өзің тап. Бақтыбекова М.

4) Тал үстінде қос торғай,

Ұшып келді бес торғай.

Осылайша жеті есе,

Қанша болды бұл торғай? Дәлелбекова Жаңагүл

5) Отбасында бес адам,

Кетіп қалды екі адам.

Қонаққа келді жеті адам,

Отбасында неше адам?

6) Бір-бірімен жарысқа

Түсті аңдар барын сап.

Төрт аю, бір арыстан,

Екі қой мен бір түлкі.

Бәрі нешеукім білді? Захариянова А.

7) Бір сыныпта алты қызбыз,

Ұлдардан келді үшеуі.

Қыздардан кетті екеуі.

Қалды сонда нешеуі.

Болды бес алма,

Алма алды екі алма.

Мен де жедім үш алма,

Әжем әкелді бес алма.

Әпкем берді алты алма,

Сонда қалды неше алма. Ермұхамедова Ж.

8) Су құйдым мен астауға,

Бес қаз ұшып келеді.

Бес қаз ұшып кетеді,

Қалды сонда нешеуі?

9) Жайылып жүр алты лақ,

Қосылды кеп жеті ат.

Бөбектерім айтыңдар,

Қанша болды бар тұяқ. Қалкенова Ш.

-Міне, балалар, өздерің көріп отырғандай табиғат осылай құлдырай беретін болса, бүкіл халық көз жұмып қарап отыра бретін болсақ, ертеңгі күніміздің не болатынын ойлаудыңөзі қорқынышты. Бұған қалай жауап берер едіңдер?

Балалар хормен :Ұлан-байтақ дала-туған ұямыз,

Ұямыздан қанаттанар ұланбыз.

Ұранымыз «Туған жерді түлету»,

Ұямыздың қорғаны да мына біз.

5. Бағалау.

Қазақ тілі. 4-сынып.

Тақырыбы: Жаттығу жұмысы.

Мақсаты: жаттығулар мен тапсырмалар арқылы зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыра отырып таныту, тәуелденіп барып септелген зат есімдерді мәтіннен аықтай білуге машықтау, шығ-лықойын дамыту,

Нарық экономикасының даму ұстанымдарына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеу, өз ахуалын жақсарта алатын өзіндік өмірге дайындау.

Көрнекілігі: теңгелер, сөзжұмбақ, септіктер, әр ұжымның жоспары, кесте, ұпайлар қойылатын кесте.

Сабақтың типі: білімді пысықтау

Сабақтың түрі: нарық ойыны

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыларды үш топқа бөлу. Үш кәсіпкер өз ұжымымен қатысады. Әр кәсіпкер өзінің жасап әкелген "Бизнес" жоспарымен таныстырады. Комиссия мүшелері жоспарларын тексеріп, несие алуға рұқсат береді.

Егін шаруашылығының бизнес жоспары :

1. Үкіметтен несие аламын

2. Қажетті құрал-жабдықтар аламын

3. Көлік сатып аламын

4. Жұмысқа адамдар қабылдймын

5. Егін егіп, өнімді сатамын.

Мал шаруашылығының бизнес жоспары:

1. Үкіметтен несие аламын

2. Қажетті құрал-жабдықтар аламын

3. Көлік сатып аламын

4. Жұмысқа адамдар қабылдймын

5. Мал өсіріп, сатамын.

Тігін фабрикасының бизнес жоспары

1. Үкіметтен несие аламын

2. Қажетті құрал-жабдықтар аламын

3. Ғимарат сатып аламын

4. Жұмысқа адамдар қабылдймын

5. Дүкендермен келісім шартқа отырып, киімдерді өткіземін.

Несие алу үшін сөзжұмбақ шешеді. Жауабы: Дос

І топ:Дос сөзін септейді.

ІІ топ: ІІжақта тәуелдеп, септейді.

ІІІ топ:ІІІ жақта тәуелдеп, септейді. Тақтаға орындайды.

Орында отырғандарға перфокарталар таратылады. Әр топтың септеулерін салыстыру, талдау. Барыс септігінде, жатыс, табыс септігіндегі жалғаулардың өзгерісін анықтау.


Ұқсас жұмыстар
Кітаптары - мыз
Буын және тасымал. 14-18 жаттығулар
Дағдыларды дамыту
Біздің ту. 76-77-жаттығу
Ең кіші ортақ еселікке есептер шығару
Дауысты дыбыс әріптері
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Мынау әкеңнің майданнан жіберген киімдері
Өрнекті ықшамда
Буын және тасымал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz