Ұрпақтар кездесуі

Алматы қаласы
№148 мектеп -гимназия мұғалімі: А. Д. Абитбаева
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақтар кездесуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысқан жауынгерлеріміз туралы мағлұмат беру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұлт жандылық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: кездесу сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекілігі: Фото шежіре, қанатты сөздер, буклеттер, слайдттар.
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Тәрбие сағатының мақсатын қою.
3. Ардагерлермен сұхбат.
4. Көрініс
5. Ойтолғаныс.
1 жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те Гитлер әскері тұтқиылдан шабуыл бастады. Кеңестер елімен соғыспау туралы жасалған шартын опаздықпен бұзды. Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбалады. Осы күшпен отанды қорғау соғысы басталды. Бұл сорапыл соғыста Қазақстандықтардың да қосқан үлесі аз емес. 1945 жылы 8 мамырда фашистік Германия жеңілгенін толық мойындады. 9 мамырда ержүрек кеңес жауынгерлері тіккен алқызыл ту Рейхстаг төбесінде желбіреп тұрды. Ол кеңес халықтарының ұлы ерлігі. Ал одан берідегі 1979 ж-1989 ж аралықтарындағы Ауған соғысы да біздің Кеңес Одағының көптеген жанұясына қайғы-қасірет әкелді. Бұл соғыста біздің әке-ағаларымыз өздерінің интернационалдық борыштарын өтеуге аттанған.
1-оқушы: Күнім өшпей тұрғанда,
Гүлім солмай тұрғанда,
Ұлы байтақ отаным,
Дұшпан баспас бұл маңға .
Өтеледі парызың,
Келер күнге сен бабам.
Жыламаған ешқашан
Бірінші ұрпақ мен болам,
дей отырып балалар соғыс көрмей, бейбіт өмір сүріп отырған үшінші ұрпақ біз, бұл күйге жеткеніміз біздің бүгінгі қонаққа шақырып отырған ата, ағаларымыздың арқасында бүгін бізде қонақта Ұлы Отан соғысының ардагері: - Ахмедиев Өмірбай Ахмедиевич және Ауған соғысының ардагері: Сыздықбаев Әлімбай
2-оқушы. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстанда 14 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 6 бригада, 2 авиаполк 24 арнайы бөлім құрылып майданға аттанды.
Қазақстандықтар Ленинградты, Мәскеуді, Украина даласын, Белоруссияның орманы мен көлін, Кавказдың қарлы шыңдарын, Еуропаны басқыншы жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды. Берлинге дейін барды. Қазақстанда жасақталған бес дивизия гвардиялық деген құрметті атақты иеленді.
Қазақстандық 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбінде генерал-иайор И. В. Панфилов пен 28 қазақстандық жауынгерледің ерлігі тарихта мәңгі қалды. Халқымыздың қаһарман ұлы Б. Момышұлы кеңес одағының батыры М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров. Шабуылшы ұшқыштар Т. Бигелдинов, Л. Беда, , Луганскийлер 2 реттен кеңес одағының батыры атанған. Б. Бейсекбаев, И. Абдировте аспан соғысында өрт шалған ұшағын жау танкілерінің үстіне құлатып, қаһармандықпен қаза тапқан. Шығыстың қос аруы атанған Әлия мен Мәншүк ерліктері бүгінде баршаға аян. Ал Хиуаз Доспанова - қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш. 300 рет әуе шабуылына шығып, Берлинге дейін барған. Хиуаз апамызға 2004 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді. Еуропаны азат етуде және Берлин үшін шайқаста С. Нұрмағанбетов, Х. Көбіков т. с. с. қазақстандықтар қатысты. Р. Қошқарбаев, Р. Булатов Рейхстапта Жеңіс туын желбіретті. Ұлы Отан соғысында Қазақстаннан 497 жауынгер кеңес одағының батыры атағына ие болды.
1) Көрініс «Жеңіс»
(Дина Нүрпейісованың “Жеңіс” деген күйі орындалып тұрады. )
1941-1945 жылдар адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Қан сасыған сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. 700мың адам еңбек армиясының соғысында болды.
(сәл пауза орнап, Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері интерактивті тақтада)
Ортаға басын дәкемен таңып алған жігіт шығады; (гуілдеп соққан жел, зеңбірек даусы, мылтық даусы)
Жаралы жігіт сөзі:
Барамын тартып батысқа,
Жортуыл, қырғын, түн қату
Өлтіру, өлу атысқа!
Жігіттің жігіт болғаны,
Жаудан елін сақтаса.
Жау шапқанда еліне
Қояндай бұғып қашпаса,
Атой сап жауға кіремін
Ұлы Отаным, сен үшін!
Менің жаным Отаншыл
«Елім!» деп өлем өлсем де
О, сүйікті, Отаным!
«Балам» деп көм, көмсеңде
(қолындағы гранатасын лақтырып жатып, оқ тиеді де құлау керек)
(Сол кезде - алыстан көрінген Ана бейнесі )
Өсіріп пе ем мен сені,
Майданда үнсіз жатсын деп.
Қарсы шықпай жауына
Жерге бетін бассын деп,
Тұр, құлыным көтер басты!
Елің үшін туғам сені
Болса-дағы көзім жасты
Неге, әкелдім сендей ерді
Тұр, орныңнан, қорға елді!!!
(жігіт қайта тұрып, немістерге қарсы граната лақтырып тұрып)
Ант еттім де қорғадым мен
Жасқанбай-ақ жауымнан
Көргенім жоқ бой алдырып
Бүгілмедім, ауырдан
Бақытына мызғымайтын
Тас қамал боп қаландым
Сақтап қалам елімді мен
Сенімін ақтап анамның.
(Уралаған дауыстар шығып «Жеңіс Күні» әні шырқалады)
3-оқушы
Біз Отанның Солдаты
Сол бір күннен көрдік Отан дидарын,
Әрі әке, әрі аға туысқан.
«Біз Отанның солдатымыз»! - деп шырқап,
Тұрдық біздер,
Кеудемізден күй бұрқап.
Жер елжіреп, бақыт жырын жырлады,
Жаһан турды тына қарап, таңырқап.
Шығыс бардық,
Шымқай қызыл ту алып.
Тұрды орнынан миллиондар қуанып
-Жоғал - дедік- «күннен туған құдайлар»»
Ұлы Мұхит қалмақ емес суалып
Мұңды қиған,
Қайқаң белің қайысқан,
Сені таптап, жер қылмақшы қай дұшпан?
Сен қалап па ең Ұлы Қытай Қорғанын
Тай тауында тайтаңдай, Тай дұшпан!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz