Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бұлақ көрсең- көзін аш туралы ақпарат



Ермағамбетова Ұлдықыз Төлегенқызы
Қостанай қаласындағы
С. Мәуленов атындағы гимназияның
Информатика пәні мұғалімі

<<Бұлақ көрсең - көзін аш>>
-3810310896000Қазіргі таңда білім беру саласына көп көңіл бөлінуде. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде , білімді, білікті, белсенді, жаңа техниканы жақсы меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Бұрыннан сабақ беріп, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, еңбектеніп жүрген ұстаздар үшін, тағы да жаңаша оқыту әдіс- тәсілдерді үйрену ұсынылып отыр. XXI-ғасырда нені оқыту керек? Және ол қаншалықты маңызды? Осы мәселелерді шешуге мен де өз үлесімді қосу үшін Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ҚПШО филиалының екінші деңгей бағдарламасының курсын аяқтадым. Енді осы алған жаңаша әдіс - тәсілдерімді мектепте жүргізіп, тәжірибемді жетілдіру үстіндемін. Жаңа оқу жылынан бастап осы бағдарлама бойынша сабақтар жүргізіп жүрмін. Әрине жаңаша сабақ беру, оқушыларға қаншалықты ұнағанын ауыз толтырып айтуға болады. Осы оқыту курсында көптеген жаңа оқытудың әдіс- тәсілдерін үйрендім. Мысалы, сабағымда оқушылармен жұмыс жасауда, өз бетімен іздену, білім алу сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқушыларым бұрынғысынан да талпыныстары мол екенін айтуға болады. Жақында облыстық ғылыми жобаға <<Компьютерлік ойындарда дамытушы ойын бағдарламаларын жасау>> тақырыпта жұмысын қорғамақшы болып жүрген 11 сынып оқушысы Әділбекова Күлайым, сіздің осы бағыттауыңыз, қолдауыңыз арқылы мен:
* Нені оқу керек? Неге бұл тақырыпты таңдадым?
* Жоспар қалай құрылу керек?
* Нені зерттеймін, анықтаймын?
* Қандай нәтижені көрсетемін?
* Оның қандай пайдасы бар? Неге?
* Қиындық туындаса қалай шығу жолдары болады?
* Табысқа қалай қол жеткіземін?
Осы сұрақтарға жауап тапқандаймын дейді.
Әрине мұндағы курстағы оқыған әдіс- тәсілдердің барлығын жаңа деп айтуға болмайды, бірақ сол әдіс тәсілдердің пайдалану ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ұғына отырып, осыған дейін кейбір элементтерін өзгеше қолданып келгенімізді мойындауымыз керек сияқты. Топтасып оқытудың, оқушы үшін қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздім. Топтасып оқудың баланың ашылуына, бір- біріне көмектесуіне өз бетімен жұмыс істеуіне көп ықпалы бар. Топтық жұмыс кезінде өзін-өзі бағалау, топты бағалау арқылы оқушыны әділдікке, сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге болатынына көз жеткіздім. Әрине мұнда мұғалім бақылаушы, бағыт берушілік етуімен оқушыны жетелейді. Өз бетімен ізденуге итермелейді, 7 модульді, әдіс- тәсілдерді алдағы уақытта өз сабақтарымда қолданып, нәтижелілігін көремін деген ойдамын. Дәстүрлі сабақтардан оқушылар тез жалығып кететін сияқты. Сондықтан да мен өз әріптестерімді оқытудағы Кембридж тәсілінің теориясын оқып, практикада қолданып сабақтарында өзгерістер енгізсе ұрпағымыздың білімі бұрынғысынан да шыңдала түсері шындық деп ойлаймын. Әрбір шәкіртіміздің жүрегіне жылулық оятсақ, қолдасақ, қолдау көрсетсек қазіргі қарқынды дамыған елдерден еш қалмасымызға мүмкіндік жетеді деп ойлаймын. <<Бұлақ көрсең - көзін аш>> демекші, қолда бар білімімізді, тәжірибелерімізді аянбайық дегім келеді.



Ұқсас жұмыстар
"асыл сөз" бағдарламасы бойынша тіл дамытуға, шығармашылық жұмыстарға арналған тапсырмалар. 3-класс
Бұлақ көрсең, көзін аш
Білімді тиянақтау. 4 сынып
Балалардың рахат табатын мекені тек өзен жағасы
Оқушының әрекеті. Сабақты бекіту
Су – тіршілік нәрі
Табиғат пен адам
Су. судың күйі. өқн. судағы қауіпсіздік шаралары. дүниетану, 2 сынып
Су. табиғаттағы су айналымы жайлы ақпарат
Тірі табиғат
Пәндер