Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу. 6 сынып

Кусаинова Гульнар Ибрагимовна, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақ мектеп - гимназиысының математика пәні мұғалімі
Пәні математика
6 а сыныбы
1. Оқушыларды қарсы алу.
Топқа бөліу ережесімен таныстырады.
Бүгінгі сабаққа, оқушыларға сәттілік тілейді.
Бүгінгі күндерің сәттілікке толы болсын!
Бағалау парағымен таныстырады
Топ көшбасшысын, хатшысы мен уақыт қадағалаушыны сайлауларын сұрайды.
Оқушылар сыныпқа енеді. Орындықтарға отырады.
Стол үстіндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрлары жазылған кеудеге қадағыштар теріс қаратып орнатылған, соларды бір-бірден ала отыра түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.
Әр топ басқа топтарға тілектерін айтады.
Барлықтарыңа жақсы баға тілейміз.
Мектебімізге хош келдіңіздер, қонақтар!
Әрқашан жүздерің жарқын болсын.
Математика сабағы жақсы өтсін.
1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрлары жазылған нумерацияларды оқушылар кеуделеріне қадайды
Бағалау парағына оқушылар аты-жөндерін жазып қояды.
Дәптерлеріне:
Сәуірдің 23-і.
Сынып жұмысы
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу.
Мұғалім: Бүгін сәуірдің 23-і, ерекше күн. Осы күннің ерекшелігі неде екендігін интернеттен іздеп көріңдер.
Кітапханашы: 23- сәуір Дүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы - тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері - 1616 жылғы сәуірдің 23-і.
Мұғалім: Сондықтан да бүгінгі сабағымыз кітапханада, кітаптар арасында өтеді. Сабақтың мақсаты: Бүгінгі сабағымызда екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуде әртүрлі тәсілдерді қолданамыз. Ал кітапханашы апайларың кітаптардың ерекше түрлерімен таныстырады. .
Интернеттен бүгінгі күннің ерекшелігін іздейді.
Дүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні.
Ыстық орындық
Бір оқушы ортаға шақырылады. Үй тапсырмасының жауаптарын оқиды.
Бағалау парақтарын толтырады
Үй жұмысын тексереді. Ыстық орында отырған оқушының жауабымен келіссе - жасыл жалаушаларын, келіспесе - қызыл жалаушаларын көтереді.
Әр оқушы бағалау парағындағы “Үй жұмысы” пунктін толтырады.
Теориялық материалдарды талдау
Білу, түсіну
1 топ. Графиктік тәсіл
2 топ. Алмастыру тәсілі
3 топ. Қосу тәсілі: бірінші, екінші жағдайлары
4 топ. Қосу тәсілі: үшінші жағдай
Жеке жұмысты орындау тәртібімен таныстырады.
1. Әр топтан бірінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=-2; y=2
2. Әр топтан екінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=1; y=2
3. Әр топтан үшінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=-2; y=3
4. Әр топтан төртінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=2; y=4
5. Әр топтан бесінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=6; y=1
6. Әр топтан алтыншы номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=2; y=4
Кітапханашы:
Әлемдегі ең үлкен кітап «Жер» деп аталады. Ені 2 метр, ұзындығы 3 метр . Бұл кітаптың әр томы 100 мың долларға бағаланады. Алып кітап барлығы 31 томнан тұрады. Әр томның салмағы 35 келіден асады. «Жер» жинағына әлемнің қазіргі заманғы географиялық картасы және дүниежүзінің көрнекті орындарының фотосуреттері топтастырылған
Әлемдегі ең кішкентай кітап. Бұл кітапта не жазылғандығын жай оқу мүмкін емес. Оның тым майда жазылғандығы сонша, тек 600 рет жақындатқанда ғана көруге болады.
Топтың бірдей номерлі оқушыларына бірдей тапсырмалар беріледі. Тапсырма екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуге негізделген.
Әр оқушы бағалау парағын толтырып отырады.
Жұптық жұмысты орындау.
1 және 2 номерлі оқушылар бірінші жұп, 3 және 4 номерлі оқушылар екінші жұп, 5 және 6 номерлі оқушылар үшінші жұп.
Әр топтан бірінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=10, y=12
Әр топтан екінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=6, y=10
Әр топтан үшінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
Жауабы: x=6, y=8
Кітапханашы: Адам құқығын қорғайтын кітап бар, ол Қазақстан Республикасының Конституция кітабы. Бұл кітапта барлық заңдар мен баптар жазылған
Адам құқығын қорғайтын кітап бар болса, жоғалуға аз қалған жануарлар мен өсімдіктерді қорғайтын Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын
Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.
Енді сендерге жұмбақ жасырайын. Аты Қызыл кітапқа енген, бамбук ағашының жапырағы мен тамыры арқылы қоректенетін, өздерің кішкене кездеріңде сүйіп көретін кунг-фумен айналысатын мультфильм кейіпкерін атай аласыңдар ма?
Ия, бұл панда аюы, ол сендерге бойларыңды сергітіп, жаттығулар жасауға шақырады.
Әр жұп теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен орындайды.
Жауаптарын тексерген соң бағалау парағын толтырып отырады.
Панда аюымен ілесіп, сергіту сәтін өткізеді.
Топтық жұмыс.
Кезектесіп әр топ жауаптарымен таныстырады.
Екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ені 7 см, ал екінші тік төртбұрыштың ені 13 см. Екеуінің аудандарының қосындысы 146 . Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тіктөртбұрыштың ені 5 см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44 артық болды. Тік төртбұрыштардың әрқайсысының ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 6 см, 8 см.
Кітапханашы:
Халықаралық, республикалық ғылыми жобалар жеңімпаздары, олимпиада жүлдегерлерінің жетістіктері республикалық “Надежды Казахстана” кітабында жазылады. Біздің мектебімізден 11 сынып оқушылары Найман Аманбол, Ермек Саят, Нүрпеисов Батыржан халықаралық жоба, республикалық олимпиада жеңімпаздары, олардың есімдері осы кітапта жарияланатын болады. Сендердің сыныптастарың Ибрагимова Аида және Калыкова Елдана да республикалық “Зерде” ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары. Болашақта сендердің де есімдерің осы кітапта жазылатын болсын.
Топ бірлесіп тапсырманы орындайды. Хатшы есептің шешімін жазады. Уақыт бақылаушы уақыт мөлшерін айтып отырады.
Топтық жұмыста қай оқушының көмегі көп болды, сол оқушының есімін жазады.
Бағалау парағының қорытындысы шығарылады.
1 топ: Бүгінгі сабақта саған не ұнады?
2 топ: Бүгінгі сабақта не ұнамады?
3 топ: Өз мүмкіншілігіңді толық қолдана алдың ба?
3 топ: Келесі сабақта не өзгертер едің?
Кітапханашы:
Біздің мектебіміздің кітапханасынан сендердің сыныптарың бойынша ең көп кітап алып оқитын оқырманды анықтадық. Сол оқушылардың есімдерін атап өтейік.
Марапаттау.
23-сәуір халықаралық кітап күнінде ең үздік кітапхана оқырманы 6 А сынып оқушысы Қалықова Елдана және Қанағат Қарлығаш марапатталады.
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын, оның дәлелі ретінде келген қонақтардың сабақ соңында берген бағасын айтуға болады. Оқыту мақсаты шынайы, қолжетімді болды. Оқушыға таныс емес іс-әрекеттер болған жоқ. Бүгін оқушылар екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешудің бірнеше әдістерін көрсетті. Оқыту ортасы бірқалыпты, балаларға қысым түсіретіндеі әрекеттер болған жоқ, оқушылар өздерін еркін сезінді, қажет уақытында орындарынан тұрып, ақпарттық столдан өздеріне түсініксіз сұрақтардың жауаптарын да ала білді. Уақыт ұтымды пайдаланды. Жоспарланған кезеңдер толығымен жүзеге асты.
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1. оқушылардың өзін-өзі бағалауы
2. сабақтың өмірмен байланысы
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты
1. Оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгеренін келген қонақтар да, ұстаз да олардың жауаптары бойынша анықтай білді
2. оқушылардың дәптерде жұмыс атқаруларын жекелеген ұстаздар ғана аралап көріп шықты. Барлығына бірдей көрнекті болу үшін тақтада көрстіп жіберген де дұрыс болар еді.
Осы сабақтың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz