Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өнеге отбасынан басталады

Тақырыбы: <<Өнеге отбасынан басталады>>.

Мақсаты: Отбасы және отбасы тәрбиесі, оның бала өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Қоршаған ортадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету. Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге баулу.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Миға шабуыл. Отбасы туралы видео-ролик;
б) <<Отбасы>> туралы кіріспе әңгіме.
ІІ. <<Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ>> ойыны.
ІІІ. Ой шақыру.
ІV. Қонақ түрлері.
V. <<Менің отбасым>>. Топпен жұмыс.
VІ. Қорытынды.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) - Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Отырыңыздар. Отбасы туралы видео-ролик көрсету.
-Бұл көрініс не туралы? (Видеодан көргендерін талқылайды)
б) <<Отбасы>> - деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Кім өзінін отбасы туралы айтқысы келеді екен?
(Оқушыларға сұрақ қоя отырып әңгімеге шақыру).

Сызба бойынша түсінік:

Табиғат

өлі тірі

адамдар өсімдіктер жануарлар

қоғам мемлекет

отбасы
тәрбие

ғибрат материалдық асырау
* Ғибрат дегеніміз не?
* Ғибрат - өнеге, тәлім - тәрбие беруге үйрету. Ата - баба салт дәстүрін үйрену. Ырым-тыйымдарды меңгеру.
* Біз тәлім - тәрбиені қайдан үйренеміз?
* Отбасынан, мектептен.
* Отбасы дегеніміз не?
* Отбасы - әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Ата-аналар баласының күнделікті өмірі мен ісіне басшылық жасайды. Баланың жан-дүниесінің қалыптасуында маңызы зор рухани және еңбек дәстүрлері турасында тәрбиелейді.

Қазақ отбасы үш буыннан құралады:

ата-әже әке-шеше
ОТБАСЫ
ұл-қызы

Өнегелі отбасы болу үшін әрбір мүшесі тазалықты бірінші орынға қою керек:

иман ішкі
ТАЗАЛЫҚ
әдеп сыртқы

ІІ. <<Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ>> ойыны.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, мақал-мәтелден сайыс ұйымдастыру.
І - топ. Әке туралы
***
Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
***
Ата - балаға сыншы.
***
Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
***
Атадан бала туса игі,
Ата жолын қуса игі.
ІІ - топ. Бала туралы
***
Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар.
***
Балаң жақсы болса,
Жердің үсті жақсы.
Балаң жаман болса,
Жердің асты жақсы.
***
Қыз - қуыршақ,
Бала - құлыншақ.
***
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
ІІІ - топ. Ана туралы
***
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
***
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
***
Шешесін көріп қызын ал.
***
Ана көрген тон пішер.

Уақыт бойынша есептеп, көп мақал айтқан топты мадақтау.

ІІІ. Ой шақыру.
І-топ
қорғаның

қамқорың ақылшың

асқар тауың

ІІ-топ
жаңашырың

мейірімді жан асыл адам

ұстазың

ІІІ-топ
әпке
әке-шеше жезде

аға, апа жиен, бөле
нағашы

ІV. Қонақ түрлері.
Қ.Мырзалиев
Осындай жомарт қазақ топырағы
Ол қашан дастархансыз отырады?
Қонаққа барын беріп, нәрін беріп,
Қонақтан қалғанын жеп отырады.

арнайы

қыдырма құдайы

қылқима

1. Арнайы шақырумен келетін қонақты - арнайы қонақ дейміз.
2. Құдайы қонақ - жолаушылап кетіп бара жатып, жолдан кіретін қонақ.
3. Қыдырма қонақ - ерігіп үй аралап жүретін қонақ.
4. Қылқима - қай үйдің түтіні қою болса, сол үйге келетін қонақ.

V. <<Менің отбасым>>. Әр топ отбасының сурет салады не моделін құрастырады.

VІ. Қорытынды.
* Сонымен балалар, отбасы деген не екен?
* Қандай туыстар бар?
* Отбасының негізгі мүшелерін ата?
* Тазалықтың негізгі неше түрі бар?
Оқушылармен сабақтың өту барысы туралы кері байланыс жасау.
Жеңімпаз топты атап, мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Өнеге отбасынан басталады жайлы ақпарат
Өнеге отбасынан
Қазіргі таңда үлкен кісілердің ата - әжелердің тәрбиесі өте қажат
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі. баяндама
Бала – отбасымен бақытты
Баланың ата - анаға деген махаббатын ояту
Отбасы тәрбиесінің айрықша құбылыстары
Баланың алғашқы ұстазы - ата-анасы
Ата - аналарды таныстыру
Пәндер