Мамытбек Қалдыбаевтың Үлек әңгімесіне арналған сабақ жоспары: түйе туралы білім мен сыни ойлауды дамыту

Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»

Сабақтың мақсаты: Үлек туралы мағлұмат беру

Міндеті:

Білімділік: Мерсердің танымдық тәсілдерін қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып, түйе туралы білімдерін кеңейту. Түйені жасына, қолтұқымына, жынысына қатысты ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Үлек туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілетін сыни тұрғыдан дамыту. Өз ойын толық жеткізе отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Төрт түліктің адам баласына әкелер пайдасын ескере отырып, оларды қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу. Қосымша тапсырмалар бере отырып, шығармашылыққа баулу, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:

1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.

2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.

3. Сабақта белсенділік танытады.

4. Шығармашылық қабілеттері артады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Ассоциация, INSERT әдісі)

3-модуль: Бағалау ( бағалау бетшелері арқылы)

4-модуль: АКТ - ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)

7-модуль: Көшбасшылық

Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, А3 қағаз, стикер, маркер,

Қадамдар:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Топпен жұмыс.

3. Рефлексия

4. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Топқа бөлу

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

3. Үй тапсырмасын сұрау

4. Жаңа сабақты түсіндіру

5. Тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті:

1. Кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді. (ақ, сар, қызыл, көк, жасыл)

2. Зейіндерін сабаққа аударады

3 . Үй тапсырмаын орындайды

4. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Үлек туралы мәлімет алады

5. Топтасып жұмыс жүргізеді, постер қорғайды

6. Кері байланыс жасайды

Топқа бөліну: Кәмпиттер арқылы

І кезең: Қызығушылықты ояту:

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.

Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Егер сен көрінбейтін адамға айналып кетсең не істер едің?» тақырыбында эссе жазу

Шығарманы 5-6 оқушыға оқытамын.

-Біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Бұл әңгімедегі адамның ұры екенін қайдан білдік?

-Ендеше балалар сендер көрмей, дауысты қалай аңғарарсыңдар екен. Соны көрелік. Ол үшін мен сендерге дыбыс жасырамын . Сол ненің дыбысы екенін ажыраталық.

Аудиодан түйенің үнін тыңдау.

-Бұл ненің дыбысы? (Түйенің)

Ендеше, түйе туралы білетін ойларымызды жинақтау үшін, тақтадағы ұяшықтарды таңдайық

Миға шабуыл. Әр топ тақтадағы 10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды Ассоциация әдісі арқылы қорғайды.

10 - Түйе туралы не білесіңдер?

20 - Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?

30 - Түйеден қандай өнімдер аламыз?

40 - Түйенің қандай түрлері бар?

Мұғалім түсіндірмесі:

Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады.

Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар. Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе) .

- Біз бүгін Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесімен танысамыз

- Үлек туралы естулерің бар ма?

Автор туралы мағлұмат беру.

Үлек туралы мағлұмат беру

Үлек - сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Шоқтығына дейінгі биіктігі 183 см, тұрқы 155 см, салмағы айыр түйеден жеңілдеу, мойны ұзын әрі жіңішке, қамыттығының жүні бұйра, тамағының асты мен желке жүні қалың әрі шудалы. Үлек өте жүрдек әрі ұшқыр.

Қалдыбаев Мамытбек

Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.

М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т. б кітаптары шыққан.

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқушылар тізбектей оқиды.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма: Шарды жару арқылы тапсырмаларды дәптерге орындайды.

1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу. Толықтыру

2-топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.

3-топ: Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.

4-топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.

Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.

1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу

Жусан, изен бұл қандай жерлерде өседі?


Ұқсас жұмыстар
2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу сабағы - Мамытбек Қалдыбаевтың Еліктің лағы бойынша сабақ жоспары
Білім сапасын арттыруда инновациялық технологиялар мен сыни ойлауды дамыту әдістері
Ашық сабақ: Түйе туралы жырлар
Мұғалімдерге арналған сыни тұрғыдан ойлауды дамыту коучинг жоспары
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: мұғалімнің сабақтағы тәжірибесі мен әдістері
Бастауыш сыныпта сыни ойлауды дамыту: әдістері мен технологиялары
Бастауыш мектепте сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: әдіс-тәсілдер мен сабақ тәжірибесі
Түйе туралы ашық сабақ: мақсаттары мен әдістемесі
Бастауыш сыныпта сыни ойлауды дамыту: тиімді әдіс-тәсілдер мен стратегиялар
Жаңартылған білім мазмұнында диалогтік оқыту мен оқыту стратегиялары: өзін-өзі реттеу және сыни ойлауды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz