Жасай бер, жаса Қазақстан!

Сабақтың тақырыбы: Жасай бер, жаса Қазақстан!
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.
Сабақтың түрі:
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. ҚР Әнұраны орындалады.
3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)
І жүргізуші : Тында жолдас, тында дала, тында ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
ІІ жүргізуші : Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз - Қазақстан көркем жер!
І жүргізуші : Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан - бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!
ІІ жүргізуші : Қазақстан - бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей мандай терін төккен жер!
І жүргізуші : Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы, сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!
ІІ жүргізуші : Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!
І жүргізуші : Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!
ІІ жүргізуші : Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды! (Аккулиев Әділбек пен Керімқұлова Айжанның орындауында «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н. Назарбаевтікі, әні Б. Тілеухановтікі)
І жүргізуші : 1990 жыл . . .
24 сәуірде Қазақ ССР - інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н. Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.
25 қазан. « Қазақ ССР -інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР - інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекітті.
ІІ жүргізуші : 1991 жыл . . .
1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Оқушы: Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын!

І жүргізуші : 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті Н. Ә. Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.
( Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақстан - қасиетті Отаным» әні орындалады. )
ІІ жүргізуші : 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады) .
І жүргізуші :
Мерейім - нұрлана бер, азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік - киелі күн!
Құт күшім -егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым - еркіндік боп үйілер күн.
( Аяулымның орындауында «Егемен елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б. Батырбекқызынікі )
Жүргізуші II: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және амандықтың белгісі - байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба
үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.
Оқушы : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
Оқушы : Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Оқушы : Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
Оқушы : Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам қазақ Аруағын!
(Аккулиев Әділбек пен Бөденбаева Меруерттің орындауында «Атамекен»әні. Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері мен қалалары көрсетіледі. )
І жүргізуші : 1992 жылдың 29 қырқүйегі мен 3 қазаны
аралығында Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүние- жүзілік құрылтайы болып өтті.
Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия, Иран,
Монғолия, АҚШ, Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан
астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл
конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы
үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін калпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
ІІ жүргізуші : 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы
Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.
І жүргізуші : 15 қарашада Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді. (Байымбетов Ернар мен Аманова Гаухардың орындауында ән «Өз елім». Әні П. Тілеңдиевтікі, сөзі Қ. Мырзалиевтікі )
ІІ жүргізуші : 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты түрде атап өтті.


Ұқсас жұмыстар
Менің байтақ Республикам таулары, Менің кӛгім мӛлдіреген кӛк аспан
Ұлты ұлықтаған Елбасы
Менің Қазақстаным - менің болашағым 4 сынып
Биік сенің мәртебең, дархан елім
Елордасы - Астана қаласы
Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ
Тойлыбай А..
Ғарыш
Тәуелсіздік - таң нұры жайлы ақпарат
Өнер алды - қызыл тіл Тілдің қасиетін сезіну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz