9-сынып информатика: Тармақталу алгоритмдерін Паскаль тілінде программалау

Мұғалім: Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің тармақталу операторлары туралы түсінік беру; теорияда алған білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету.
Дамытушылығы: Компьютерлік сауаттылыққа, бірлесе жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Тармақталу операторларын пайдаланып, компьютерде есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық 9 сынып, интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған карточкалар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Білімнің өзектілігі және білімдерін тексеру.
«Тест» сұрақтары арқылы еске түсіріп, білімімізді тексеріп өтейік:
Паскальда бағдарламаны орындау:
а) compile
ә) run
б) user screen
в) file
2. Меншіктеу операторы дұрыс жазылған:
а) a:=z+5
ә) a*x3+b:=0
б) z:=z+1, 4
в) a: b - sqr(4)
3. «integer» типінің диапазоны неге тең:
а) - 2147483648 . . . +21474833647
ә) - 32768 . . . +32767
б) - 127 . . . + 127
в) - 1. 7*10308 . . . - 1. 7. 10308
4. Қабырғалары a, b, c үш санға тең үшбұрыштың болатындығын тексеретін дұрыс шартты көрсет:
а) a b+c) or (b > a+c) or (c > b+a)
б) a > b+c
в) дұрыс жауабы жоқ
5. Логикалық тип:
а) integer
ә) string
б) boolean
в) byte
6. [F9] Borland Pascal - да қандай қызмет атқарады:
а) бағдарламаны жабу
ә) сақтау
б) орындау
в) компиляциялау
7. sqr(x) нені есептейді:
а) х - тің квадратын
ә) х - тің абсолюттік шамасын
б) х - ті кубтайды
в) х - ке, s - ті көбейтеді
8. Паскаль тілінде Х санының бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады:
а) INT(X)
ә) ABS(X)
б) ABC(X)
в) TRUNC(X)
9. Паскальда нәтиже алу операторын көрсет:
а) PRINT
ә) WRITE
б) OUTPUT
в) READ
10. «а» айнымалысын енгізу операторы.
а) read(a)
ә) write(a)
б) input(a)
в) print(a)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Тармақталған алгоритмдер - алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 - жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы - ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) - онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE.

Толық оператордың жазылу түрі:

{ егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады. }

IF <шартты өрнек>

THEN <1 оператор>

ELSE <2 оператор>;

ІІ топ Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады. Қысқа оператордың жазылу түрі:
IF <шартты өрнек>

THEN <1 оператор> ;

IF шартты операторы: IF(егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы:

IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean- бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE ақиқат болса, онда THEN (онда) ELSE (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE (жалған) болса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды. IF операторы бірінің ішіне бірі кіріп, қабаттасып та орындала береді.

Тармақталу командасы

Блок-схема

Алгоритмдік тіл

1-серия

2-серия

шарт

иә

жоқ

егер <шарт>

онда <1-серия>

әйтпесе <2-серия>

бітті

Паскаль тілі

IV. Практикалық жұмыс:

IF <шарт> THEN <1-серия> ELSE <2-серия>

Алгоритмдік тіл

Блок-схема

=: =
Тең: Тең
>: >
Үлкен: Үлкен
=: <
Тең: Кіші
>: >=
Үлкен: Үлкен немесе тең
=: <=
Тең: Кіші немесе тең
>: <>
Үлкен: Тең емес

Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды.

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:


Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінде тармақталу алгоритмдерін программалау: практикалық сабақ жоспары
Тармақталу алгоритмдерін программалау: Паскаль тіліндегі шартты операторлар мен практикалық жаттығулар
9-сынып: Паскаль тілінде графикалық режим және графикалық объектілерді программалау
Паскаль программалау тілі бойынша 9-сынып информатика пәнінің ашық сабақ жоспары
Паскаль программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазу: 7-сынып сабақ жоспары
9-сынып информатика: Паскаль тілінде көпөлшемді жиымдар - сабақ жоспары
Паскаль тілінде күрделі шарттар мен тармақталу операторларын практикалық қолдану
Информатика (7-сынып): Арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазу ережелері
9-сынып: Паскаль тіліндегі тармақталу командасы және тармақталған алгоритмдер
Паскаль программалау тілі (9-сынып) - қорытынды сабақтың әдістемелік үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz