Құрық гимназиясының 2010 жылғы Озаттар слеті: озат оқушылар мен ұстаздарды марапаттау салтанаты

Мектепішілік шара

«Озаттар слеті - 2010 жыл»

Білімді, сауатты адамдар - бұл XXI ғасырда

адамзат дамуының қозғаушы күші.
Н. Ә. Назарбаев

І-жүргізуші:

Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы, ардақты ата-аналар!

ІІ-жүргізуші:

Қарақия ауданы әкімиятының Құрық гимназиясы мемлекеттік мекемесінде өткізіліп отырған «Білімді жастар - ел болашағы» атты «Озаттар слетына» қош келдіңіздер!

І-жүргізуші:

Құрық гимназия мақтанышы - озаттар, құрметпен ортаға шақырамыз!

Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

ІІ-жүргізуші:

1-сынып жетекшісі, аудандық «Жыл мұғалімі-2008» байқауының жүлдегері, бастауыш пән мұғалімі

Озаттар:

І-жүргізуші:

2 «а»-сынып жетекшісі, жоғары біліктілік санатты бастауыш пән мұғалімі

Озаттар:

ІІ-жүргізуші:

2 «ә»-сынып жетекшісі, бірінші біліктілік санатты бастауыш пән мұғалімі

Озаттар:

І-жүргізуші:

3 «а»-сынып жетекшісі, жоғары біліктілік санатты бастауыш пән мұғалімі

Озаттар:

ІІ-жүргізуші:

3 «ә»-сынып жетекшісі, бастауыш пән мұғалімі

Озаттар:

І-жүргізуші:

4-сынып жетекшісі, облыстық «Үздік әдіскер-2008» байқауының жүлдегері, бастауыш пән мұғалімі

Озаттар:

ІІ-жүргізуші:

5-сынып жетекшісі, бірінші біліктілік санатты орыс тілі пәні мұғалімі

Озаттар:

І-жүргізуші:

6-сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Озаттар:

ІІ-жүргізуші:

7-сынып жетекшісі, аудандық «Жаратылыстану-математика пәндер олимпиадасынын-2010» жүлдегері

Озаттар:

І-жүргізуші:

8-сынып жетекшісі, аудандық «Жаратылыстану-математика пәндер олимпиадасынын-2009» жүлдегері

Озаттар:

ІІ-жүргізуші:

9-сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Озаттар:

І-жүргізуші:

10-сынып жетекшісі, орыс тілі пәні мұғалімі

Озаттар:

және біздің гимназия мақтанышы - облыстық «Жас өркен», «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінің жүлдегері Меңдіғалиева Жансая;

облыс чемпионы, Қазақстан Республикалық турнирдің күміс жүлдегері, облыстық оқушылар спартакиадасының чемпионы Бекбатыров Марат!

ІІ-жүргізуші:

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,

Мектептен басталады бәрі-бәрі.

Бүгінгі Озаттар слеті салтанатында,

Шырқалсын Қазақстан әнұраны!

(Әнұраны орындалады)

І-жүргізуші:

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

Озаттар слетіның салтанатына ортақ болған,

Қонақтарды таныстырып өтейін!

(Қонақтарды таныстыру)

ІІ-жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,

- дей отырып, Озат оқушыларға және ата-аналарға алғыс хаттарын тапсыру үшін алғашқы құттықтау сөз гимназия директорына және аудандық білім беру бөлімінің бастығына беріледі

  • «Еркетай» бишілер тобының орындауында «Сүгір» биі

Ата-ана және қызы «Ақ боташым» әнін орындайды

ІІ-жүргізуші:

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

І-жүргізуші:

Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.

Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.

Сондықтан ең қадірлі, қасиетті

Ұстаздық мәңгі бақи таусылмас жыр,

- деп, ақын жырлағандай, адамзат ғұмырындағы ең қажетті мамандықтың бірі - ұстаздық. Келесі Озат оқушыларға және ата-аналарға Алғыс хаттарын тапсыру

үшін құттықтау сөз ұстаздардың ұстазы, ардагер ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі апайға және оқу ісінің меңгерушісі беріледі

І-жүргізуші:

*«Ұстазға арнау», орындайтын - 6 сынып оқушылары

Полиглот ойыны

Ойынның шарты: дұрыс жауапты үш тілде айту - қазақша, орысша және ағылшын тілінде.

  1. Жақсы . . . үшін жан пида(друг, дос, friend)
  2. Айдың он бесі . . . , он бесі қараңғы(свет, жарық, light)
  3. Көңіл сырын . . . білдіреді(глаз, көз, eye )
  4. . . . - алтын қазына(книга, кітап, book )
  5. Еңбегі жоқ . . . - ыстығы жоқ жалын(наука, ғалым, science )
  6. Көз қорқақ, . . . батыр(рука, қол, hand )
  7. . . . басы - бұлақ, сөздің басы - құлақ(вода, су, water)
  8. . . . алма, білім ал(золото, алтын, gold)
  9. Есепші . . . қарайды, айды, күндң санайды, сан рет сандырайды. (небо, аспан, sky )
  10. Күндіз . . . алса, түнде үкі алады(орел, бүркіт, eagle)

Ата-ана қыздарымен және «Балалық шақ» әнін орындайды.

ІІ-жүргізуші:

Отбасы - қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды, ата-ананың берген тәлім-тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата-анасың ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамшылығының белгісі.

І-жүргізуші:

«Ана - сая болар бағың болса,

Әке - асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар мұнайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім?!

Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана - шуақ шашатын таң екенсің.

«Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек»

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

ІІ-жүргізуші:

Келесі Алғыс хаттарын тапсыру үшін құттықтау сөз ата - аналар кеңесінің төрайымы Ата - аналар кеңесінің төрайымы, Құрық өнер мектептің директоры Әлпіш Фарида Бектемірқызына беріледі.

І-жүргізуші:

* 2 «ә» сынып оқушысының ата-анасы орындауында «Озат оқушыларға арнау»

* Келесі кезеңді ойынға берейік.

Логикалық сұрақтар

(ата-аналарға және оқушыларға арналған сұрақтар)

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? /түс/
  2. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? /ылғал, сулы/
  3. Теңізде қандай тастар болмайды? /құрғақ/
  4. 31-ші ақпан күні не болды? /31 ақпан болмайды/
  5. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? /есік ашық тұрғанда/
  6. Екі күн бойы жаңбырдың жауыуы мүмкін бе?

/жоқ, өйткені күндердің арасында түн бар/

  1. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? /көз салады/
  2. Тауық бір аяқпен тұрғанда, оның салмағы 2кг болады. Ал екі аяқпен тұрғанда оның салмағы қанша болады? /2 кг/
  3. Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс деген иті және Пушок деген мысығы бар. Әжеде неше немере бар? /1 немересі Мирас/
  4. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар?

/Аққайыңда алма өспейді/


Ұқсас жұмыстар
Озаттар слеті 2016: үздік оқушыларды марапаттау және мерекелік бағдарлама сценарийі
Мектепішілік Жұлдыздар шеруі 2012: озат оқушылар мен мектеп белсенділерін марапаттау рәсімі
Құрық гимназиясының 5 жылдық мерейтойына және Ұстаздар күніне арналған сазды бағдарлама
Білім-бақыт бастауы: мектептің жылдық қорытынды форумы және дарынды оқушылар мен талантты мұғалімдерді марапаттау
25 мамыр 2010 жылғы 2009-2010 оқу жылының Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
Қарауыл гимназиясының Гимназия аруы 2010 сайысының сценарийі мен тәрбиелік мақсаттары
Тәуелсіз елім - Қазақстаным: бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты (Құрық гимназиясы, 2010-2011 оқу жылы)
1 мамыр - Халықтар бірлігі күніне арналған Құрық гимназиясының Достық әнін шырқайық сазды бағдарламасы
Құрық орта мектеп-гимназиясының Жаңашыл тобының мектепті дамыту жоспары: Оқыту сапасын арттыруда кері байланыстың тиімділігі
Қарабұлақ орта мектебінің 2012 жылғы Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш тақырыбындағы Алғашқы қоңырау салтанаты жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz