Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

"ұлы жеңіске 55 жыл" сынып сағаты



Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Златогорская орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
ҒАЗИЗ РОЗА

Тақырыбы: <<Отан үшін от кешкендер>>
Кештің мақсаты: Ұлы отан соғысы жайында ерлік,батырлық, отаншылдық, елжандылық туралы жазылған ақын өлеңдері мен сазгер әндерін таныстырып, ұлы отан соғыс ардагерлерінің ерліктерімен таныстыру. Олардың соғыстағы ерліктерін паш ете отырып жас ұрпақты отаншылдыққа, ерлікке, ізеттілікке, имандылыққа, Отанға деген құрмет сезімдерін ояту, тәрбиелеу.
Мұғалім: Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай өткізгелі отырған <<Отан үшін от кешкендер>>поэзия кешіне қош келдіңіздер! Жеңістің 69 жылдық шуақты мерекесі құтты болсын. Бүгінгі кешіміз мынадай бөлімдерден тұрады:
І бөлім <<Оқ пен оттың ортасында жауынгерлер>> / бұл бөлімінде соғысқа арналған өлең жырлар оқылады/.
ІІ бөлім <<Жеңістің жанды жұлдызы>> /1945 жылғы жеңіс мерекесіне арналған әндер/
ІІІ бөлім <<Ерлік жыры ұрпаққа үлгі, өнеге>> / соғыс жылдарынан үзінді бейне таспа/
Мұғалім: ендеше бірінші бөлімімізді бастамас бұрын бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған, ұлы Отан соғыс ардагерлеріне, соғыстан оралмағандарды да, соғысқа қатысқан әрбір ардагерді де әрдайым есте сақтайық /1 минут еске алу/
Осындай бейбіт өмірде бақытты өмір кешіп жатқан бүгінгі жас ұрпаққа сөз кезегін берейік 3-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз <<Болмайды соғыс>> өлеңімен.
Шымболат
...Болды да соғыс сол кезде,
Бүлінді өмір шырқысы,
Шықты да фашист-сұм кезбе,
Бұзылады сәби күлкісі.
Зұмырат
Жалында қалып жапан түз.
Жабырқап дала күрсініп,
Жазалады жазықсыз
Жас бөбекті, қыршынды..
Қарлығаш
Кейінде қалды қатаң жыл,
Бейбіт күн құрды салтанат.
Аларып енді атомшыл,
Қарайды көзі қанталап.
Жасұлан
Жер шарында әр елде.
Айтады адал жан тегіс:
-Болмайды соғыс әлемде,
Болмасын қайта қантөгіс.
Мұғалім: Міне, оқушылар атойлатып айқайлап, қуаныштан бір жылап, бір күліп қарсы алған Жеңіс мерекесіне 69 жыл болыпты. Бейбіт күн шығып, бейбіт таңы атқанына 69 жыл толыпты.
Ендеше <<Оқ пен оттың ортасында жауынгерлер>> атты І бөлімді бастаймыз.
Расул
Отанын сүйіп, ар-намысын сақтаған,
Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған.
69 жылда тат баспаған есімін,
Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам!
Амина
Күн тұтылып,жоғалған жарықтарың,
Желге ұшқан да жастығың, мамықтарың.
Жария етіп жаһанға Жеңісіңді,
Өнеге еткен өренге өр ісіңді,
Бай - қуатты барсыз ба,алыптарым!
Дарина
От, саз кешіп 5 жылдай толарсақтан,
Тіршіліктің шырағын солар жаққан.
Жанын қиса сан есіл алғы шепте,
Қалғандары ауылға нұрын шашқан.
Диаз
Батырлығың кем соқпас ешкімнен де,
Өзіңді-өзің баулыдың ес білгенде.
Шаңырақта шалқайып жата алмадың,
Жау дүбірі алыстан естілгенде.
Ангелина
Есіңе ал,достым есіңе ал,
Есіңде қалмас несі бар.
Есіңе ал,күңгірт күндерді,
Есіңе майдан кешін ал!
Айдын
Соғыс бітті, мінеки, аспан ашық,
Бой жазылды,жетектеп үміт,жігер тасып.
Шіркін-ай, жеттік пе, жетпедікпе осы күнге,
Төрт жыл бойы тілеген,болып асық.
Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Желбіресің мәңгілік!
Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Асқақтасын жаңғырып!
Аружан
О,бабалар, ерлігіңе бас ұрдым,
Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың!
Ерен ерлік жасайды,әлі күмән жоқ,
Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың
Адель
Есімде бес әріп сөз-Жеңіс деген
У барма сол сөз үшін мен ішпеген.
Қан барма сол сөз үшін төгіспеген
Жас барма сол сөз үшін төгілмеген.
Алина
Есіңе ал, өткен-кеткенді,
Әр өзен,әр дөң, өткелді.
Есіңе ал қысты қақаған,
Кешігіп келген көктемді.
Айдар
Жеңістің парқын білейік,
Бас иіп үлкенге,аман жүрейік.
Өлгенге құран бағыштап,
Тіріге өмір тілейік!
Мұғалім: Бұл Жеңіссіз жер жүзінде қазіргі бейбіт заман болмаас па еді? Бүгін егемен еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізе алмай қалар ма еді? Бұрынғы одақ кезінде туып, есейген ұрпақ ол Жеңістің қадірін, Жеңіс мейрамының басқа күндерден ерекше екенін жан-жүрегімен сезінері анық. Ендеше кешіміздің <<Жеңістің жанды жұлдызы>> атты екінші бөлімін бастайық.
5А-сынып оқушыларының орындауында <<>> әні
7Б-сынып оқушыларының орындауында <<Три танкист>> өлеңі
5А-6А сынып оқушыларының орындауында <<>> әні
Мұғалім: Сол сұрапыл соғысты бастан кешкен, қан майданның қақ ортасында елі үшін жан кешкен жауынгерлер ерлігін паш ететін келесі бөліміміз <<Ерлік жыры ұрпаққа үлгі, өнеге>>. Соғыс майданынан шағын бейне таспаны алдарыңызға ұсынамын.
Мұғалім: құрметті оқушылар бүгінгі кешімізді аяқтай келе тәуелсіздік таңы ата берсін дей келе ортаға 3А-сынып оқушыларын шақырамын. Қазақ би
Мұғалім: Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, майдандастарсыз бұл Жеңіс болмас еді...
Құрметті оқушылар,ұстаздар, Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай өткізіліп отырған <<Отан үшін от кешкендер>> атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңіс мерекесі құтты болсын!


Ұқсас жұмыстар
Ұлы жеңіске – 65 жыл Ер есімі –ел есінде
Отан үшін алға
Қазақтың қаһарман қыздары
Сын тұрғысынан ойлау
Оқушыларды сынып сағатына даярлау
Жырлары мөлдір бұлақтай
Әскери тапограф сайысы
Ұшқыны Ұлы Жеңістің
Отан ордені
Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік
Пәндер